Өлең, жыр, ақындар

Өзім

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2078
Болмаса да көк өзенім гүрлеген,
көп өзенмен бірге ағамын, бірге мен.
Ой түбінен ойнап туған жырменен
тыныш таппай – тірі болып жүр денем.
Ойнай алман, ойнай алман сөзбен мен,
жаси алман жақтырмаған көздерден.
Тағдырымды өлшей алмас безбенмен
өз басының безбені жоқ кез келген.
Жан емеспін қолда барға бұлданған,
жеңер мені күндіз күлкі, түнде – арман.
Еске алуға жарамайды өткенім,
өткен күннен келер күнім көп менің.
Сол секілді ойларым да теп-тегін,
келмейді оны үнемдегім, ептегім.
Сондықтан да жиі жанам, сөнем мен,
жығыламын кейбір асау теңеуден.
Осынау бір олпы-солпы өлеңмен
өзімді-өзім түсіндіріп келем мен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құм елі

  • 0
  • 0

Адамы ояу,
Құм болатын ұйықтаушы,
Өрістес кеп малын түстеп үйренген
ең бір жақын көрші атанған үйлерден

Толық

Көремісің, көз?

  • 0
  • 0

..Жібек бұлақ желкілдейді, бар ағы
Кәрі әжемнің шаштарындай жаңағы;
Тасты шашып, тау құлағын жарады,
Көлки құлап, толқын ұзап барады.

Толық

Көктем әсерінен

  • 0
  • 0

Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.

Толық

Қарап көріңіз