Өлең, жыр, ақындар

Ақша бұлт аспан қаймағы...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3483
Ақша бұлт аспан қаймағы,
Тыныштық балқып тұрды ойда.
Ойларды жиды қайдағы
Көкірек деген бір қойма.

Ақша бұлт аспан тасқыны,
Өтеді ай, күн оны аттап.
Өмірдің мынау жас күні
Көкіректерге қонақтап.

Ақша бұлт аспан түбіті
Ұшады желмен бұрқырап.
Осынау ғасыр жігіті,
Құрығанда, болар бір шырақ.

Ақша бұлт аспан қонағы,
Нөсер боп өлең төгеді.
Осынау жерге қонады
Оның да көлеңкелері.

Ақша бұлт аспан сеңдері,
Көшеді күліп, күркіреп.
Менікі деді... мен деді.
Адамға біткен бір тілек.

Ақша бұлт... атса таң егер
Қып-қызыл болып боялар.
Тағы да қара... және көр,
Көз көрсе – басың ой алар.

Боялса ақ бұл – әдемі,
Үлгерді бар күн сүйіп те.
Қарайды адам әлемі
Біздің де туға – биікке.

Ақша бұлт – аспан қабағы,
(Қабағыңды бер маған).
Бір жадырап қалады
Жақсылық қылса Жерде адам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бейбітшілік майданы

  • 0
  • 0

Жұмыс дедік,
бермедік тынысқа ерік,
жүр-ау содан жүйкелер жіңішкеріп.
Сілкіп сөйлеп, сондықтан жұлқып іштік,

Толық

Күйе

  • 0
  • 0

Екі бала келді маған бір күні:
От бүркеді біреуінің кірпігі,
біреуінің жанарына жас тұнған,
екеуі де асқынған.

Толық

Байронға

  • 0
  • 0

Уа, керемет!
Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
«Азаматтар» азап атты, тас атты,

Толық

Қарап көріңіз