Өлең, жыр, ақындар

Несіне асығады?!

  • 23.04.2015
  • 2
  • 4
  • 32125
Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Несіне асығады?!
Көкжиекке ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.



Пікірлер (4)

мукагали макатаев

рахмет кушти олен екен

Мұқағали Мақатаев

Күшті өте күшті өлеңдер екен

Сара

Мұқағали Мақатаевтың Несіне асығады?! өлеңі ұнады

Аяулым

Өлең өте мағыналы әрі әдемі я в шоке

Пікір қалдырыңыз

Сен жастықтың сақшысы

  • 1
  • 2

«Лениншіл жасқа»
Сен алғы шерудесің,
Өмірдесің
Еліңнің көгіндейсің.

Толық

Осы бір шірінді — құнар

  • 0
  • 1

Бәрі жақсы-ау,
бір нәрседен секем алып қалдым мен,
Мен де кетем орманнан, сайрандаман шалғынмен,
Бара алмаймын шешініп,

Толық

Өтелер ме?

  • 1
  • 3

Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына

Толық

Қарап көріңіз