Өлең, жыр, ақындар

Әкем – асқар тауым, биік шың

Жамишова Гүлжамила Жусанбаевна
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Басқұдық селолық округі
«Ай-Шах» жекеменшік балабақшасының әдіскері    

Мақсаты:

А) Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген баланың махаббатын ояту.

Ә) Балаларды шығармашылық жұмыстарға баулу,өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру.

Б) Әкені құрметтеу, сыйлай білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау.

Әже: Жыл сайынғы дәстүр бойынша балалар келіп қалатын шығар, мен де қамданып дастарханымды толтырып қояйын.

Қожеттің әкесі: Оспанұлы Байдулла сізді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Сізді мақтан етеміз, әке!

Қожет:

Мен әскерге барамын,
Әке сендей боламын.
Отанымның  әрқашан,
Қорғанышы боламын.

Балалары: Мерекеңіз құтты болсын, әке!

Ата: Амансыңдар ма, қарағым рахмет!

Омардың әкесі: Білім қуам деп жер асып, ел асып жүре беріппін ғой. Қанша жер көрсеңде өзіңнің туған жеріңе жетпейді екен. Кешегі барған Франция елінен Б.Момышұлының кітабын көріп, көзіме оттай басылды, осы кітапты сізге сыйға ала келдім.

Ата: Бауыржан Момышұлы дейсің бе, ей? (көзілдірік тағып  кітапты қарайды)  Бауыржан Момышұлы даңқты батыр болған менің майдандасым. Соғыста бірге болған едім  қаруын қаламға айырбастап екі ерлік жасады. Біріншісі қарумен елі үшін, жері үшін соғысып ерлік жасаса, екіншісі артына өшпес мұра жазып, көп нақыл сөздерімен қазіргі таңда бүкіл елді тәрбиелеп ерлік жасады. Бауыржан деген халық  хаһарманы.

Айбектің әкесі: Әке, шебер екенімді білесіз ғой, Кейінгі ұрпақ ата-бабаларымыды біліп жүрсін деп, 7 атамыз жазылған шежіремізді өз қолыммен жасап, сізге сыйлыққа ала келдім. Жалпы кейінгі ұрпақ атаға, әкеге  құрмет көрсетуі тиіс. Осы менің  сізге деген құрметім деп біліңіз

Ата: А, жә, рахмет, айналайын. Ал мұны маған сыйға бердің, жаныңдағы балаларың 7 атасы туралы біле ма?

Немерелері: ия, ия, мен - деп қол көтереді

Ата: Дінмұхаммед балам  айта ғой

Дінмұхаммед Немересі: 7 а т а с ы

Ата: Өркенің өссін құлыным, білетініне бір марқайып қалдым

Айбектің әкесі: Әке, шеберлігім сізден дарыған шығар, ал енді қай немереңіздің  бойында бар екенін байқап көрсек қайтеді (садақ жасау)

Ата: Нағыз батырлар ұстайтын садақ жасаған екенсіңдер, батыр болыңдар, мерген болыңдар қарақтарым!

Айбек : Ата, батырлар туралы би билеп берейік

Би: «Батырлар ұраны»

Ата: Жарайсыңдар!

Әже: Менің немерелерім шетінен өнерлі!

Омар:

Әкелерімізге арнап тақпақ айтып беремін
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастауыш – биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

Айбек:

Үнемі ақыл беретін,
Мен үшін әкем бәйтерек.
Әкенің алып тәрбиесін,
Азамат болып өсемін.

Әже: Қолымдағы немеремнің де өнері бар, домбыраңды шертіп жіберші балам!

Нұрмұхаммед: «Мың алғыс, әке!»

Ата: Жарығым, өнерің шыңдала берсін

Дінмұхаммед әкесі:

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,

Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,

Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.- демекші бақшаны одан әрі көркейту үшін, жыл сайынғы әдетіміз бойынша, ырыс несібеміз мол болсын, жапырағыңыз жайқалып, тамырыңыз тереңге жайқала берсін деп бақшамызға жеміс ағашын әкелдім.

Әже: Аталарың жыл бойы асық жинап жүрген еді, осы асықтармен далаға шығып ойнаңдар, ал біз ағаш егейік.

(Ағаш егеді)

Ата: Құттықтап келіп жатырсыңдар, рахмет. Осы ағашымыздың тамыры тереңге жайылсын деп, сендер де көгеріп, жапырақтарың жайыла берсін, бір- біріңмен тату болыңдар, немерелерім үлкендерді, әкелеріңді құрметтеп жүріңдер айналайындар. Ал, енді қолдарыңды жайыңдар бата берейін!

Бата:

Ұлың ұядан ұшсын,
Елін ұмытпасын.
Қызың қияға ұшсын,
Жерін ұмытпасын!
Шаңырағыңа шаң түспесін,
Көңіліңе кірбің түспесін.
Аспандарың ашық,
Жұлдыздарың жарық болсын,
Абыройларың асқар таудай болсын!

(ер адамдар әңгімелеседі, асық ойнайды)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз