Өлең, жыр, ақындар

Асыл әжем

Павлодар облысы, Ертіс ауданы
Ертіс ауылы
«№ 2 балабақша» КМҚК
Баязова Рыске Сағынтайқызы

Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейідікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мереке күніне орай ардақты асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Асыл әжем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді,ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі – дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду-қол шапалақпен ортамызға шақырайық!

1-бала:

Әже біздің күніміз,
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,-дей отырып,Алмагүл әже мен ерке немересі Ерасылды ортаға шақырамыз.

2- бала:

Бізге әркез тілекші боп жүретін
Қуанышымызға ортақ бола білетін
Мейірімді әже – Батима әже,
Әнел немересімен бірге қарсы алайық

3- бала:

Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайы бір жаққа
Кәмпит алып келеді – деп  Рахия  әжені,немересі Маликамен  ортаға шақырайық.

Тәрбиеші:

Кім жеңді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе, күдік барда
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман мен бақыт жолда-деп әділ-қазы алқасымен таныстыру.

Тәрбиеші:

Әжем менің аялаған,
Құшағынан сая табам
Қанша жақсы болсадағы
Сендей әже қайда маған? Деп бүгінгі асыл әжелерімізге арналған сайысымызды бастаймыз.

І. Таныстыру. «Сәлем –сөздің анасы»

Тәрбиеші:

Кішкентай бүлдіршінмен
Желер де келіп жетті танысуға,
Бойыңдағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
(әжесі мен немересі өздерін таныстырады.)

Ән. «Әжетайым» орындайтын «Балапан» тобы

ІІ. «Өнерлі өрге жүзер» Отбасылық өнер (ән, би, мәнерлеп оқу т.б.)

Тәрбиеші:

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен
Өнер деген мол қазына кең екен
Би билеп,ән айтп жырламайтын,
Өнерсіз қазақ деген кем екен,-деп өнерлерін тамашалаймыз.

ІІІ. «Дәм-думан» (ұлттық тағам дайындау)

Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.

1.тәрбиеші: - Өте тамаша,әділқазылар өзара келісімге келгенше балаларымыз тақпақтарын айтып берсін.

ІV. «Сыр сандық». Сұрақ-жауап сайысы

Осымен бұл қызықты сұрақтарға
Өнегелі жауап алсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Әжелерге берілетін сұрақтар:

1. Қазақтың жаңа жылы қалай аталады?
2. Әбдікей деп қай жыл мезгілінде келеді?
3. Қандай ұлттық ойындарды білесіз?
4. Қандай ұлттық тағамдар дайындай аласыз?
5. Қандай оюларды ояласыз?
6. Қазақта қандай дәстүрлер бар?
7. Наурыз көже қалай жасалады?
8. Еңбек,батырлық туралы мақал-мәтелдер білесіз бе?
9. Қымыздың түрлерін білесіз бе?
10. Бүркіттің жастарын білесіз бе?
11. Тыйым сөздер, нақыл сөздер білесіз бе?

V. «Салтым  - асыл қазынам». Ұлттық салт-дәстүрден көрініс.

Тәрбиеші:

Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ер жетіп.
Сол бесігім үйімде,
Сақтаулы тұр төрімде – деп бесікке салу рәсімін Рахия әжеміз жасайды.

Тәрбиеші:

Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – жыр.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын,-деп «Бесік жыры» Алмагүл әжеміз айтады.

Тәрбиеші:

Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік,-деп тұсау кесу рәсімі жасалады.Тұсау кесу рәсімін жасау Батима әжемізге беріледі.

Тәрбиеші:

Мен өзіңнен қайда жүрсем біргемін,
Күн нұрындай жадырай бер күлгенің.
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,
Қандай бақыт ортамызда жүргенің –деп сайысты қорытындылау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Ән. «Асыл әжем» орындайтын балабақша қызметкері Ерсайын

Номинация

Тәрбиеші:

Сіздерменен жадырайды өңіміз,
Сіздерменен жарасады сәніміз.
Аяулы әжем,асыл әжем,дана әжем,
Сіздерге кеп бас иеді бар әлем! Деп бүгінгі мерекеге арналған сайысымызды аяқтаймыз. Әжелерімізге ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға береке бірлік тілейміз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз