Өлең, жыр, ақындар

Мамандығым мақтанышым

Жұмабаева Гүлшатай Жұмабайқызы

сыныптан тыс шара

Мақсаты:
1) Студенттердің  білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын, табысқа жетудегі бәсекелік қабілетін арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3) Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуға баулу. Рухани азық беру.

Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі жиналған қауым! Бүгінгі біздің топтар арасындағы интеллектуалды ойын сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
1– топ. Интернет.
2– топ. Жас программистер.
Информатика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше шамаңыз.
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады - деп бүгінгі интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік. 6 бөлімнен тұрады:

І кезең – «Кел танысайық!»
ІІ кезең – «Эрудиттер сайысы»
ІІІ кезең – «Тапқанға - табыс»
ІV кезең – «Сиқырлы дорба»
V кезең – «Кім жылдам»

І-кезең «Кел танысайық»: Топ аты және топ құрамымен танысу. Информатика пәніне байланысты сөздермен таныстыру керек.
«Интернет» дарындылар тобы:
Ұраны: 
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз колледжде алған білімді.


«Жас программист»- тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

ІІ кезең – «Эрудиттер сайысы»
1. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
3. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60 - 70см)
4. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
5. Компьютердің «ақыл - ойы», ең басты бөлігі (процессор)

ІІ - топ
6. Принтердің неше түрі бар? (3)
7. Компакт - диск оқу құрылғысы (CD - ROM)
8. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
9. Компьютер ауруы (вирус)
10. Windows деген не? (терезе, ОЖ)

Жүргізуші:
Жарайсыңдар, сайыскерлер, жарайсыңдар!
Алдарыңда асулы талай шың бар.
Шығармысың ойынан көрерменнің,
Ой білімді толғантуға қалайсыңдар.,- дей отырып, келесі

ІІІ кезең – «Тапқанға - табыс»
Тарих
Мақалды жалғастыру
Жұмбақ
Логика
Суреттер әлемі

Тарих.
1- 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ең алғашқы программист кім? /Ада Лавлейс/
2- Араб математигі, алгоритм ұғымын енгізген бұл кім? /Әл-Хорезми/
3- 1642 жылы француз математигі ,қосу машинасын 19 жасында құрастырған бұл кім? /Блез Паскаль/
4- Қазіргі компьютердің атасы кім? /Ч. Беббидж/

Мақалды жалғастыру. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан есептелінеді.

1-топқа
1. Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.)
3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім)
5. Бір ядролы процессордан, ал екі ядролы процессор артық. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

2-топқа
1. Білмесең, «анықтамадан»-дан сұра (білмесең білгеннен сұра)
2. Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды)
3. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл)
4. Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
5. Копьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің)

Адасқан жұмбақ: Бұл бөлімде адасқан жұмбақ мәтінін құрастырып шығу және жұмбақтың шешімін табу керек.
І топқа арналған
1.Ұзынтұра жалқаубек, 3.Барлық сурет мәтінді
Тұрмай ылғи жатады Компьютерге енгізген
Қозғала қалса артынан Керек емес жерімді
Ешбір белгі қалмайды (бос орын) Компьютерде өшірген (сканер)

2. Компьютермен енеді, 4. Тетігін бассан алаңсыз 5. Батырманы басасың
Қағазға басып береді(Принтер) Жазады қағаз, қаламсыз (компьютер) Қажетіңді ашасың.(тышқан)

ІІ топқа арналған
1. Компьютердің айнасы 2. Бар нәрсеге жетік 3. Ақпаратты таратқын
Бағдарыңды таңдашы Миы күшті тетік Жұртты өзіне қаратқан . (жүйелік блок)
Сурет салып көмектесіп Ол арқылы сөйлесіп
Тиер саған пайдасы (монитор) Кетесін шет елге өтіп (интернет)
4. Қанша тетік тізілген 5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Саусағында терілген Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
Барлы сенің ойынды
Компьютерде енгізген (пернетақта)

Логика:
1. Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да, соңынан санаса да 5-орында тұрады. Сайысқа неше адам қатысқан?/Жауабы: 9/
2. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма? /қайында алма өспейді/.
3. Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты, неше тәулік боран соқты? /4 тәулік/
4. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың
әрқайсысының әкелерінің аты кім?/ Маржан-Асқардың қызы, Айжан-Мұраттың қызы./

Суреттер әлемі: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухан жаңғыру» мақаласы аясында жас ұрпақтың елге, жерге, Отанға  деген сүйіспеншілігін арттыруда
1. «Туған жерге айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі».
2. «Қазақстандағы 100 жаңа есім,  табысты адамдар – табысты ел» атты тақырыптарда сурет көрмесін жариялау.

IV кезең -  «Сиқырлы дорба»
Бұл кезеңде әр топ кезекпен дорбадағы бөшкелерден сұрақ таңдау арқылы өздеріне ұпай жинайды. Әрбір дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. Барлығы 4 cұрақ

- Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата:
(бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)

Paint графикалық редакторы не үшін арналған және оны қалай іске қосамыз?
(Сурет салуға арналған, пуск -программы -стандартные -Paint)

Пернетақтадағы F1-ден F12-ге дейінгі пернелер комбинациясықалай аталады?
(функционалдық пернелер тобы)

Ұяшық” және “цикл” терминдерін алғаш рет қолданған ғалым. Атақты ағылшын ақыны Джордж Байронның қызы (А.Лавлейс)

V кезең «Кім жылдам?»  бұл кезеңде берілген тор көздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табу керек 4 минут ішінде.
Әр тапқан сөзге 20 ұпай беріледі.

Жауабы: Жасырылған сөздер: микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз,байт,пиксель, архив,жад, абонент, модификация, ұя, файыл, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

М Т П Л О Т Т Н О М
И Ы П Р Р Т Е И Д Е
К Ш Н И Е Е Р О М М
Р Қ А Н Т Р Н Н И Т
О Н Т С Ө З Е Т Р О
П А И Б А Й Т Т Е З
Р М В П И К М Е Р Е
О Ә И А Р С О Ұ А Ф
Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И Ц
С Н С Д А Ь Ф И К А
С О Р А Б О Н Е Н Т

Қорытынды: «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен  «Тапқыр информатиктер» білімділер сайысын аяқтаймыз. Ендеше компьютерлік сауаттылықтан – информациялық мәдениетке өтуде білім алудан кеш қалмаңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз