Өлең, жыр, ақындар

Өз білімін жетілдіру

Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – БІЛІМ 

М.Әуезов

Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана  мұғалім, ізденуі тоқтаған сәтте оның мұғалімдігі де жойылады.

К. Ушинский

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебі КММ

 2013-2014 оқу жылына тақырыбы

«Жалпы орта білім берудің  басты мақсатын табысты орындау, өз басымдықтары мен мүмкіндіктерін айқындау, дамып келе жатқан адамды қоғам талабына сай етіп дайындау»

 

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

Әр оқушының өзінің білімі мен тәрбиелік деңгейін анықтап, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жаңа жолға бағыттау

 

Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы:

Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебі КММ

2014 -2015 оқу жылына тақырыбы

 

«Жалпы орта білім берудің  басты мақсатын табысты орындау, өз басымдықтары мен мүмкіндіктерін айқындау, дамып келе жатқан адамды қоғам талабына сай етіп дайындау»

 

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

Әр оқушының өзінің білімі мен тәрбиелік деңгейін анықтап, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жаңа жолға бағыттау

Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы:

Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту

Оқу жүктемесі

2013-2014 оқу жылы

 

Пәні Сыныбы Аптасына сағат саны
Мектепалды даярлық сыныбы 1 ставка  24 сағат

 

Оқу жүктемесі

2014-2015 оқу жылы

 

Пәні Сыныбы Аптасына сағат саны
Мектепалды даярлық сыныбы 1 ставка  24 сағат

 

Біліктілігін көтеру курстарынан

МӘЛІМЕТ

 

Айы. Жылы Курстың тақырыбы Оқыту тілі Алған сертификаттың номері Қай жерден берілді/ қала, мекеме/
           
           
           
           
           
           
           
           
           

 

 

Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсүде. Ұстаз қауымы алдында  жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған

білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ..

Мұғалімнің кәсіби  даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек.

Ол бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы дамып отырыуы  тиіс.Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек.

Оның қатарына  жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,байқаулар,іс тәжірибелер,сыныптан тыс жұмыстар,олимпиада және КҒА қатысу кіреді.

Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға  қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ.

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

 Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі  деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік  мәдениеті басты шарт екендігі аян.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл,зерттеуші,жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер ,  шығармашыл  ұстаз керек.

Ел басының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады», деген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқыа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар менміндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас  жүйе.

Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығынтүрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, эклогиялық, психологиялық, дидактикалық  білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.

Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән мұғалімінің  ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауаптыкезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбәр кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.

Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің  абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніа жатқан жаңа технологияня меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.

Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек.

 

 

Мұғалімнің өздігінен білім жетілдіруі

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5- тармағында «Мұғалім  өзінің педагогикалық шеберлігін , парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

 

Мұғалімнің кәсіптік дамуының бағдарламасы
Мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал етеді:

ақпаратпен күнделікті жұмыс;

шығармашылыққа деген ынта-жігері ;

қазіргі ғылымның жылдам дамуы;

өмірде ,қоғамда  болып жатқан өзгерістер;

бәсекелестік

қоғамдық пікір

материалдық ынталандыру

қызығушылық

 Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу,зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.

Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:
кәсіптік (пәнді оқыту бойынша)

психологиялық-педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау)

технологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті).

әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары)

құқықтық

эстетикалық

тарихи

шет тілдері

ақпараттық-компьютерлік технологиялар

денсаулықты сақтау

қызығушылықтары, хоббиі

Креактивтік (шығармашыл) мұғалім бұл тізімді өзінің бағыттарымен толықтырады.

Өздігінен білім алу көздері

  • семинарлар мен конференциялар
  • шебер сыныбы
  • іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;
  • біліктілікті жетілдіру курсы
  • экскурсиялар театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар
  • әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)
  • интернет

Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің тізімі

пәнді оқыту сапасын жетілдіруі.  (оқыту санасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету) шығарылған жинақтар, мақалалар

оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын әзірлеу; дидактикалық материалдарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау; әдістемелік нұсқауларды жасау; тренингтерді, семинарларды өткізу; зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені жинақтау

 

 

Модульдік оқыту технологиясы

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру   әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:

  • кіріспе –қызықтырушылық
  • опериационалдық-танымдық
  •  рефлексиялық-бағалау

Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше , біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс балаларды2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара әрекет етуіненқұрылған. Балалардың танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейінен – алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші – операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:

  1. Бала жеке, топтық,  ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.

3.Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына  мүмкіндік болады.

  1. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
  2. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиешіоқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.

Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап,  бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиешіүш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші  балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.

Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

  1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
  2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.
  3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және  білім стандартының

      талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.

  1. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
  2. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

 

Қорытынды бөлім.

Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын , соңғы бөлімі. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік , дағдыларын бақылауға ,тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды – яғни , баға алады, бұл сонында әрбаланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.

Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар.

Біріншісі, міндетті – диогностика өткізу. Тәрбиешінің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау жұмысы, диктант.

Модульдік оқытудың құрылымы

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
  4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
  5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:

  • Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)
  • Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
  • Қорытынды бөлім(бақылау)

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші  бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.

Бұл технология

-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:

-танымдық поцестерін дамытуға

- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:

-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу,  шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.

Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологияның «Снежинка» – әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі.

Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.

  1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
  2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен

 қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

  1. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді

 пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

  1. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім

сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:

Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.

“Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.

“Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.

“Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.

 

                 

             Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту

Қазақстан  Республикасының Білім туралы Заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеті

-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық

ғаламдық коммуникациялық  желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту

міндеттерін қойды.

Технология грек сөзінен  яғни өнерпаздық, шеберлік,іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Инновациялық  білім беру деп – тұлғаның жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

Оқытудың жаңа технологияларын былай топтастыруға болады:

1.Ізгілікті тұлғалық технологиясы.

2.Ойын арқылы оқыту технологиясы.

3.Проблемалық оқыту технологиясы.

4.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.

5.Бағдарлап оқыту технологиясы.

6.Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы.

7.Дамыта оқыту технологиясы.

8.Өзіндік дамытутехнологиясы.

9.Ақпараттық технологиясы т.б.

Оқыту технологиясы – әдістер мен құралдардың жиынтығы.

Жаңа технологияның педагогикалық негізгі қағидалары:

.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау

.Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

.Балалардың танымдық  күшін қалыптастыружәне дамыту.

.Балаға өз бетімен әрекеттенуәдістерін меңгерту.

.Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту.

Менмектепалды даярлық сыныбында жұмыс істегендіктен өз іс- тәжірибемде пайдаланылатын Жаңа технологиядан балалардың жас ерекшелегіне  сай  ойын  арқылы  оқыту  технологиясын алдыңғы қатарға қоямын.

Ойын арқылы оқыту  технологиясы- оқу  тәрбие міндеттерін  шешуге  бағытталған әр  түрлі ойындарды қамтитын,  дидактикалық   жүйелер. Ойын баланың  шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

Ойын арқылы оқыту технологиясы арқылы қиын  тақырыптарды да, балалардың санасына қиындық түсірмей жеңіл қабылдатуол  мұғалімнің  кәсіби шеберлігінебайланысты.

Ойын түрлері өте көп: ойын –сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, логикалық  ойын-есептер,

сөздік ойындар, дидактикалық  мақсаттағы ойындар т.б. ойындар  оқушыны  жан-жақты  дамытып білімдітез игеруіне көмектеседі.

Математика сабағымда «Санауға көмектес», «Кім зейінді», «Сиқырлы шарлар», «Қате есепті тап»,

«Қай сан қате жазылған», «Аңдар, үй жануарлары қонақта» т.б. ойындар

«Сиқырлы шарлар» ойыны.

Жауабын балалар жіптің ұшына жазады.

«Шашылған сандар» ойыны.

       1               4

      10       6          3

7        5         9

     8       2

Балалар цифраларды тура және кері тез атап санап  шығады.

«Сана да, жаз, салыстыр» ойыны

 

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

 

«Бекітемін»                                                                                                                                                                                                      «Келісемін»

Гимназия мектеп директоры:                                                                                                                                                                         Оқу ісінің меңгерушісі:

____________                                                                                                                                                                                                        _______________

Б. Қ. Назарбаев                                                                                                                                                                                                Э.М.Коккузова

«__» _________ 2013 жыл                                                                                                                                                                               «___»_________ 2013 жыл

 

 

Өз білімін жетілдіру жоспары

р/с          Негізгі   тарау бағыттары Мерзімі      жауаптылар
1  Саяси  сауаттылықты  көтеру

а/ Білім туралы заң

 

ә/ Тіл туралы заң

б/ білім саласындағы реформаларды талдау

в/ 12 жылдық білім беру

г/ Қазақстан Республикасы президентінің жолдауы

е/ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы

Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
2 Ақпараттық сауаттылықты көтеру Ақпараттық – коммуникативтік технологияны меңгеру Үнемі Сарсенбекова  Г.Ш.
3 Пәндік теориалық білімін жетілдіру
  1. Біліктілігін жетілдіру курстарына қатысу
  2. Пәндік сайыстарға қатысу
  3. Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу
Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
4 Педагогикалық – психологиялық  білімді жетілдіру Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне  сай  тапсырмалар  даярлау, беру Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
5 Жаңа технологияны оқып үйрену
  1. Модультік оқыту
  2. Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру
Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.

 

« Бекітемін»                                                                                                                                                                                                      «Келісемін»

Гимназия мектеп директоры:                                                                                                                                                                         Оқу ісінің меңгерушісі:

____________                                                                                                                                                                                                        _______________

Б. Қ. Назарбаев                                                                                                                                                                                                Э.М.Коккузова

«__» _________ 2014 жыл                                                                                                                                                                               «___»_________ 2014 жыл

 

 

Өз білімін жетілдіру жоспары

р/с          Негізгі   тарау бағыттары Мерзімі      жауаптылар
1  Саяси  сауаттылықты  көтеру

а/ Білім туралы заң

 

ә/ Тіл туралы заң

б/ білім саласындағы реформаларды талдау

в/ 12 жылдық білім беру

г/ Қазақстан Республикасы президентінің жолдауы

е/ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы

Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
2 Ақпараттық сауаттылықты көтеру Ақпараттық – коммуникативтік технологияны меңгеру Үнемі Сарсенбекова  Г.Ш.
3 Пәндік теориалық білімін жетілдіру
  1. Біліктілігін жетілдіру курстарына қатысу
  2. Пәндік сайыстарға қатысу
  3. Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу
Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
4 Педагогикалық – психологиялық  білімді жетілдіру Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне  сай  тапсырмалар  даярлау, беру Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
5 Жаңа технологияны оқып үйрену
  1. Модультік оқыту
  2. Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру
Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.

 

 

« Бекітемін»                                                                                                                                                                                                      «Келісемін»

Гимназия мектеп директоры:                                                                                                                                                                         Оқу ісінің меңгерушісі:

____________                                                                                                                                                                                                        _______________

Б. Қ. Назарбаев                                                                                                                                                                                                Э.М.Коккузова

«__» _________ 2015 жыл                                                                                                                                                                               «___»_________ 2015 жыл

 

 

Өз білімін жетілдіру жоспары

р/с          Негізгі   тарау бағыттары Мерзімі      жауаптылар
1  Саяси  сауаттылықты  көтеру

а/ Білім туралы заң

 

ә/ Тіл туралы заң

б/ білім саласындағы реформаларды талдау

в/ 12 жылдық білім беру

г/ Қазақстан Республикасы президентінің жолдауы

е/ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы

Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
2 Ақпараттық сауаттылықты көтеру Ақпараттық – коммуникативтік технологияны меңгеру Үнемі Сарсенбекова  Г.Ш.
3 Пәндік теориалық білімін жетілдіру
  1. Біліктілігін жетілдіру курстарына қатысу
  2. Пәндік сайыстарға қатысу
  3. Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу
Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
4 Педагогикалық – психологиялық  білімді жетілдіру Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне  сай  тапсырмалар  даярлау, беру Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.
5 Жаңа технологияны оқып үйрену
  1. Модультік оқыту
  2. Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру
Жыл бойы Сарсенбекова  Г.Ш.

 

Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспары:

 

  1. Пәндік –теориялық білім: 1. Оқытатын  пәннің теориялық  негіздерін  білу
  2.           Оқытатын пән ғылыми әдістерін білу
  3.           Ғылым дамуының тарихи мен қазіргі жетістіктерін білу

 

 

  1. Технологиялық білім : 1. Ғылымның дамуы мен қазіргі жетістіктерін білу
  2. Оқыту құралдарын қолдану
  3.     Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білу
  4. Педагогикалық  технологиялардың әдіс –тәсілдерін  білу, игеру
  5. Пед технологияларды қолдану

 

 

  1. Әдістемелік білім:          1. Оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктерін білу
  2. Оқу – тәрбиенің психологиялық  заңдылыңын білу
  3.   Педагогиканың теориялық негіздерін білу

      4.Пән бойынша білім беру мазмұнын білу

  1. Пәнді оқыту әдіс-тәсілдерін білу

 

  1. Әдіснамалық білім: 1. Ашықтық пен тапқырлық
  2. Әлеуметтік тәжрибе мен мәдениетті игеру
  3. Философиялық және әдіснамалық білімдерді игеру
  4. Құбылыстарды өзіндік талдай білу дағдыларын игеру


Пікірлер (2)

Света

Толық жазылған жоспар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер