Өлең, жыр, ақындар

Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы

Тақырыбы: «Ұстазы жақсының,ұстамы  жақсы»(интеллектуалды сайыс) 
Мақсаты: Білім беру сапасын дамыту.Тәрбиеші мен бала арасындағы  байланысты жетілдіріп,баланы  ұжымшылдыққа    талпындыру.Баланың ойлау қабілетін  арттыру,жағымды әсер  қалыптастыру. 
Көрнекілігі: суреттер,слайд. 
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме,тәрбиеші апайлар мен бүлдіршіндер! 
 Бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім беру  -  ел болашағының кепілі. Жеткіншектерді тәрбие мен білімге баулитын педагогтар. Педагог пен балалардың еңбегі ұйымдастырылған оқу қызметтерінде,түрлі байқаулар мен іс-шараларда бағаланатыны белгілі.Балалардың ойлау қабілетін,іскерлігін дамыту,ұжымшылдыққа тәрбиелеу әр педагогтың мақсаты. Еліміздің ертеңі – жан-жақты дамыған,білім бәсекесінде қабілетті,рухы мол жас ұрпақ.Олай болса біз өз тарапымыздан алғыр педагог болып және алғыр баланы тәрбиелеп шығаруға ұмтылайық демекші,бүгінгі «Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы» атты  интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер!  
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар, 
Бас жүлдені білімді,тапқыр алар. 
Кім білімді,кім тапқыр шешу қиын, 
Қазылар алқасы болса нақ сыналар,-дегендей,кез келген сайыс бағалануы  тиіс.Ендеше әділ қазыларымызды  таныстырып өтейін:(әділ-қазылармен таныстыру) 
Жүргізуші: Алдымен сайысымыздың шарттарымен танысып алайық: 
1. «Ал,қанекей танысайық»(таныстыру) 
2.Үстел үсті жұмысы(балалар) 
3.Педагогикалық жағдаят(тәрбиешілер) 
4.Сұрақ-жауап(балалар) 
5. «Өлең сөздің патшасы»(тәрбиешілер) 
6.Тақтада жұмыс(балалар) 
7.Ертегі құрастырып көр(тәрбиешілер) 
8.Ертегілерге байланысты жұмбақтар(балалар) 
9.Мақалдың жалғасын табыңыз(тәрбиешілер) 
10.Педагог пен баланың бірлескен жұмысы 
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрсақ: 
Шеңбер құрып тұрайық, 
Алақанды ашайық, 
Жүрекке жылу шашайық. 
Жүректен шыққан жылуды 
Бір бірімізге сыйлайық. 
№1.Сайыстың 1-ші бөлімі:Таныстыру 
Әділ қазылар бағалары. 
№2. Үстел-үсті жұмысы(Балалар):Берілген суреттерге қарап әңгіме құрастырып айтып беру.
Әділ қазылар бағалары
№3.Педагогикалық жағдаяттар(Тәрбиешілер).Құрметті тәрбиешілер сіздерге конверттерге салынған педагогикалық жағдаяттар беріледі.сіздер нақты жауап берулеріңіз керек.Педагогикалық жағдаяттарды шешудің мақсаты:Тәрбиеші мен ата-аналар,балалар арасында туындаған жағдаяттарды шешу кезінде педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау. 
1.Балаңыз таңертең жылап,мазасызданып балабақшаға барғысы келмейді.Ал балабақшада мерекелік ертеңгілік болады.Сіздің әрекетіңіз? 
2.Баланы сенің қолыңнан келмейді,кедергі жасама теледидар көр,демал деп шеттететін ата-анаға не айтар едіңіз? 
3.Ұйымдастырылған оқу қызметін өтейін деп жатырсыз,балалар шуылдап мазасызданады.Не істейсіз? 
4.Меңгеруші «тез келсін» деп шақырады.Жүгіріп кірсеңіз ашуланып тұрған меңгеруші сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрыса жөнелді.Не істейсіз? 
5.Екі бала ойыншыққа таласып қалды.Сіздің іс-әрекетіңіз? 
Әділ қазылар бағасы. 
№4.Сұрақ-жауап(Балалар). 
1.Түстерді ажыратып,үш тілде айтып шық. 
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? 
3.Біз қай мемлекетте тұрамыз? 
4.Рәміздерді ата. 
5.Төрт түлік малды ата. 
6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі 
7.Беске дейін санап,үш тілде айтып бер. 
8.Қазақстан Республикасының президенті
9.Бір жылда неше мезгіл бар.
10.Ең асыл жан
Әділ-қазылардың бүлдіршінге берер бағасы 
Жүргізуші:Ана тілім-бәрін айтар шежірем, 
Тілсізнені білдіре алам,не білем 
Ана тілден оқып ақын өлеңін, 
Мәнеріне келтіріп бір сөйлер ем,-деп мәнерлеп өлең айту кезеңіне береміз. 
№5. «Өлең сөздің патшасы»(Тәрбиешілер)Яғни,бұл сайыс бөлімінде тәрбиешілер өздерінің жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айтып береді.Өлеңнің  мәнерлі,жатқа жақсы айтылуына қараймыз. 
Әділ қазылар бағалары. 
№6.Тақтада жұмыс(Балалар).Тақтада көрсетілген суреттермен балалар жұмыс жасайды. 
Әділ қазылар бағасы. 
№7. «Ертегі құрастырып көр»(Тәрбиешілер) .Көрсетілген суреттерді пайдалана отырып,берілген 3 минут ішінде ертегі құрастыру қажет. 
Әділ қазылардың берген бағалары. 
№8.Ертегілерге байланысты жұмбақтар(Балалар). 
1.Қашып кеткен атадан, 
   Қашып кеткен ападан. 
   Орманда кеше жүр едім, 
   Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ) 
2.Үй жинаған ұқыпты, 
   Бір қыз бопты ертеде. 
   Тыңдамаған мысықты, 
   Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз) 
3.Джунглиде өскен жасынан, 
   Епті бала болыпты. 
   Багира,Балу достары, 
   Шерхан оның қас жауы. (Маугли) 
4.Кішкене қыз орманға 
    Жалғыз өзі барады. 
   Әжесіне қартайған 
   Тәттісін салып алады. (Қызыл телпек) 
5.Ата екті көкөніс 
   Көкөніс өсті үлкейіп. 
   Шақырды ата көмекке 
   Жанұясын тездетіп. (Шалқан) 
 Әділ қазылар бағасы. 
№9Мақалдың жалғасын табыңыз.(Тәрбиешілер)Берілген мақалдардың жалғасын тауып,мағынасын түсіндіру. 
1.Өнер он іспен тең 
   Өнерпаз .............  .(он кісімен тең) 
2.Сәбидің тілегі қабыл, 
    Атаның ...............  .(батасы қабыл) 
3.Ұлт қасиеті-тілінде 
    Құс ............ - . (қасиеті-қанатында) 
4.Екпей егін шықпас, 
   Үйренбей ................   .(білім жұқпас) 
5.Өнер-ағып жатқан бұлақ, 
    Ілім-.................  . (-жанып тұрған шырақ) 
Әділ қазылар бағалары. 
№10.Педагогпен баланың бірлескен жұмысы.Бұл соңғы сайысымызда тәрбиеші мен баланың арасындағы байланыс,бірлесіп жұмыс жасауы сыналады.Тәрбиеші баламен бірге жасаған қолөнерлерін әділ қазылар алқасына көрсетіп,түсіндіреді. 
Жүргізуші:Білімнің қырларын жүйелеп, 
                    Ғылымның сырын біз ұғайық. 
                    «Білгірлер,алғырлар» атанып, 
                    Жеңістің шыңына шығайық. 
Әділ қазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз. 
Жүргізуші: Білім-толқын,жатқандай асып-тасып, 
                     Біреу мығым,біреулер шалыс басып. 
                     Жеңсең де,жеңілсең де қалма жасып,-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. 
Жүргізуші: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»деген сөзде орынды айтылған. Баланың бойындағы білім,біліктілік дағдылары,мінез қалпы жақсы ұстаздан қалған әдеттей.Тәрбиеленушілеріңіз жетістікке жетсе,ол сіздердің мәртебелеріңіз.Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер!  

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз