Өлең, жыр, ақындар

Сауда орындарының бақылау-кассалық жабдықтары

Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжі

Ашық сабақ жоспары
            
Сабақ жоспары  № 20

Мамандығы: 0513032 «Бақылаушы-кассир»
Пән атауы: «Сауда кәсіпорындарының жабдықтары және еңбекті қорғау»
Оқу тобы: БК-21   
Өтетін уақыты: 23 қараша 2018жыл
Өтетін орын: №11 дәрісхана
Сабақтың тақырыбы: «Сауда орындарының бақылау-кассалық жабдықтары»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Білім алушыларды өмір сүру үшін ең қажетті тіршілік тірегі болатын негізгі ұғымдар туралы ой толғап, өзіндік пікірлерін тұжырымдадауға баулу, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауға үйрету.
б) дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту. қосымша деректер арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру. Білім алушылардың білімін жетілдіру, ой –өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
в) тәрбиелік: Білім алушылардың қазіргі заман талабына сай өмірге деген бейімділігін қалыптастыру, адамгершілікке, ізеттілікке, тез ойланып, шешім қабылдай алатын,өз мамандығына жауапкершілікпен қарайтын, іскер  маман тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру
Сабақта қолданылатын әдісі-тәсілдері: Ақпараттық, проблемалық., бинарлық, иллюстрациялық, сұрақ-жауап, баяндау, дискуссия, нұсқаушылық, жартылай ізденушілік, лекция, ойын, эврикалық, инсерт,ой қозғау, онлайн әдістері т.б.
Пәнаралық байланыс: «Тауартану», «Касса операциялары», «Сауда технологиясы», «Есеп және есеп беру», «Психология» т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: Флипчарт, презентация, нормативтік құжаттар, слайдтар, тірек сызбалар, компьютерлік техникалық құралдар, мультимедия.
Күтілетін нәтеже: Білім алушыларды сауда орталықтарындағы бақылау-касса аппараттарының түрлерімен таныстыра отырып, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып жұмыс істеуге, әлемдік нарықтағы сауда саясатының мәнін түсіну, бақылау-касса аппараттарының тиімді түрлерін сауда орындарында қолдануды, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды үйренеді.
                                                      
Сабақтың  барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
 Білім алушылардың сабаққа қатысу мен дайындығын тексеру – 2-3 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 15-20 мин
Оқытушы сөзі: Сабағымызды бастамас бұрын, көңіл күйімізді көтеру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырып жіберейік  
Ой сергіту - 2-3 мин «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Өткен сабақта біз «Сауда орындарында тауарларды кесіп ұсақтайтын жабдықтар» тақырыбын өткен болатынбыз, үй тапсырмасын пысықтау үшін:«Не? Қашан? Қайда?» ойынын ойнайық

Әдісі-тәсілі: ойын,ой қозғау, сұрақ-жауап, жартылай ізденушілік, дискуссия т.б.

Сұрақтары:

1. Тауарларды кесіп ұсақтайтын жабдықтардың саудаға тауарларды дайындаудағы маңызы мен оның жіктемесі қандай?
2. Тауарларды кесіп ұсақтайтын жабдықтарға қойылатын негізгі талаптарды ата?
3. Кесіп ұсақтайтын жабдықтармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі қандай?
4. Тауарларды кесіп ұсақтайтын жабдықтардың күтіміне сипаттама жаса?
5. Тауарларды кесіп ұсақтайтын жабдықтар, оларды жұмысқа алдын ала дайындау қалай болады?
6. Кейбір азық-түлікті кесуге арналған машиналардың ерекшеліктері неде?
7. Машиналармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шараларын ата?
8. Тараларды ашуға және орауға арналған саймандарды ата?
9. Азық-түлік тауарларының сапасын және мөлшерді анықтауға арналған саймандарға не жатады?
10. Азық-түлік тауарларын және  азық-түлік емес тауарларды саудаға дайындауға арналған саймандарға  не жатады?
11. Азық-түлік тауарларын және  азық-түлік емес тауарларды саудаға дайындауға арналған саймандарға не жатады?
12. Құрал саймандарды қолданудағы қауіпсіздік шаралары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Сауда орындарының бақылау-кассалық жабдықтары»
Әдісі-тәсілі: түсіндіру, көрсету,баяндау, дәптерге түсіріп алу, инсерт, иллюстрациялық, дискуссия, мультимедия, эврикалық, сұрақ-жауап, ізденушілік, ой қозғау т.б.

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар: - 55-60 мин
1. Касса аппараттары, олардың ақша құралдарының есебін жүргізудегі рөлі және атқаратын қызметі.
2. Бақылау-кассалық жабдықтары, касса аппараттарының түрлері мен типтері.
3. Касса аппараттарымен жұмыс жасау тәртібі және оған қоятын негізгі талаптар. Кассаны жұмыс күніне дайындау»
4. Білім алушы Махмут Аружанның «Бақылау-кассалық жабдықтардың сауданы ұйымдастырудағы алатын орны мен ерекшеліктері» тақырыбындағы ізденіс жұмысы

Оқытушы сөзі: Касса аппараттарын қай жерлерден көріп жүрсіңдер? Ол не үшін қажет деп ойлайсыңдар- деген сұрақ қою арқылы білім алушылардың назарын жаңа сабаққа аударамын. Касса аппараттарының шығу тарихына, негізгі атқаратын қызметіне тоқталамын.

1. Қазіргі кезде еліміздегі заңи тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің негізгі бөлігі қолма-қол ақшамен есеп айырысатын сауда операцияларын жүргізіп, қызмет түрлерін көрсетеді. Мұндай операциялардың өсуіне байланысты қолма-қол қаражаты айналымына фискалды органдар тарапынан қатаң да тиімді бақылау орнату қажеттілігі туындайды.

Тұтынушылармен есеп айырысу барысында қолма-қол ақшаны қабылдап, есепке алуды тәртіпке келтіру, салық төлемдерінің бюджетке толықтай әрі уақытылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңдары қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы сауда операцияларын жасау немесе қызмет түрлерін көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуға міндетті түрде фискалды жады бар кассалық-бақылау машинасын (КБМ) қолданып, бақылау чегін беру тәртібін белгіледі. Осылайша, КБМ кәсіпкердің табысын толық көлемде есепке алу тетігіне айналды.

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры¬ла¬тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс¬піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан¬кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл¬ді денсаулық сақтау, білім беру ісін¬де қол¬данылатын және басқа да перспек¬тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.

Кассалық-бақылау машиналары дегеніміз – тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс атқару барысында жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты тіркеп, ашып көрсететін фискалды модульдер, фискалды жады бар электронды қондырғылар және (немесе) компьютерлік жүйелер. Уәкілетті орган фискалды жады бар, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген Кассалық-бақылау машиналарының мемлекеттік реестрі мен оны қолдану ережесін бекітеді.

2. Бүгінгі күнде бақылау-кассалық машиналары үш негізгі бағыт бойынша қызмет етеді. Бірінші- бақылау-кассалық машинасын қолданушыны қорғау. Кәсіп иесі үшін сатушының жұмысын бақылау, мекемедегі бухгалтерлік және қойма есебін қадағалау маңызды болып табылады. Кассир үшін Для кассиров (операторов) – құрылғының жылдам жұмыс жасауы, алдын-ала енгізңлген тауардың штрих-кодтарын оқу мүмкіндігі және т.б.

Екінші – тұтынушылардың құқын қорғау. Мысалы, егер алынған тауар белгілі-бір объективті себептермен сатып алушыны қанағаттандырмаған жағдайда тауарды бақылау-кассалық машинасының чегі арқылы қайтарып алуға немесе алмастыруға болады. Сондықтан салып алынған тауардың сапасыз тауар екендігі анықталған жағдайда да тауардың сатып алынған чегі болуы қажет.

Үшінші бағыт-фискальдық қызметі. Барлық бақылау-кассалық машиналары арнайы фискалдық жады қондырғылармен жабдықталған. Кез-келген уақытта барлық ақшалай есептер туралы ақпараттарды сақтау және кәсіпкердің кез-келген кезең бойынша түскен кірістері туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Сондықтан салық органы қызметкерлеріне бақылау-кассалық машинасы көмегімен сауда мекемелерін тексеру барысында аппарат жадында сақталған дұрыс мәлімет алуға мүмкіндік туады

Оқытушы сөзі: Сауда орталықтарында қолданылып жүрген касса аппараттарының негізгі бағыттарына тоқталайық және біздің елімізде негізінен қолданылатын құралдарға сипаттама жасасақ.Енді назарымызды тақтадағы касса аппараттарының түрлеріне аударайық

Кассовый аппарат Меркурий -185                         Аппарат кассовый Касби 02 К ККМ

Кассовый аппарат АМС-100К                                Кассовый аппарат Меркурий 115к

Оқытушы сөзі: Енді осы касса аппараттарында қалай жұмыс істеу керектігін мына бейнетаспадан тамашалайық.
Әдісі-тәсілі: онлайн, иллюстрация, сұрақ-жауап,инсерт т.б.

Оқытушы сөзі: Бейнетаспадан касса аппаратының қалай жұыс жасағанын көрдік.Яғни, кассир жұмыс алдында аппаратты жұмысқа қалай дайындау керек екендігін, жұмыс жасау тәртібімен таныстық. Енді құжаттарымен танысайық. Төлемдердің қазыналық ашылуы мен жабылуын есептеп отыратын кассалық аппарат бір күннің ішіндегі барлық қолма-қол төлемдердің фактура-шотын құрайды. Кейін оны банк есебіне қолма-қол ақшаны енгізу туралы өтінішпен қосып банкіге береді. Әрбір төлемнен кейін фактура шотты ашу міндетті емес. Статистикалық бақылау үшін, сатып алушыны түскен тауарлық топтардың мәліметімен таныстыру жеткілікті. Касса тәртібін қадағалау, кассалық аппараттың жұмыс істеуі мен сапалы бағдарламамен қамтамасыз етілуі статистикалық бақылаудың негізігі құралы болып табылады. Мұндай бақылау орнатылған жағдайда, келісімнің көп бөлігін тексерудің қажеті жоқ. Дәстүрлі іс-әрекеттерді кассалық аппарат бағдарламасымен қамтамасыз ету де жеткілікті. Мұндай іс-әрекеттерді кассалық аппараттардың қазыналық жадын тексерген кезде салық полициясының органдары сәтті жүргізеді  
          
Касса аппараттарымен жұмыс жасау тәртібімен таныстыру сәті

Оқытушы сөзі: Енді М-31 тобының білім алушылары  ЖШС «Раманов и Ко» қарасты «Ажар cuty» сауда орталығында оқу тәжірибесі кезіндегі есептесу кассаларында жұмыс істеу сәттерінен көрініс.

Оқытушы сөзі: Ал енді  білім алушы Махмут Аружанның «Бақылау-кассалық жабдықтардың сауданы ұйымдастырудағы алатын орны мен ерекшеліктері» тақырыбындағы ізденіс жұмысына шолу

ІV. Білімді бекіту Интеллектуалдық ойын: «Зеректілер» мен «Зейінділер»  – 7-10мин.
Әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, инсерт, жартылай ізденушілік, иллюстрация, баяндау т.б.

1. Бақылау- кассалары не үшін керек?
а) Бақылаушы-кассирдің жұмысын жеңілдету үшін
б) сауда орталықтарын жабдықтау үшін
в) сауда-саттықтың болғандығын растау үшін
г) есеп айырылысу ақпараттарын тіркеу үшін

2. Бақылау-касса аппараттарының сауда орталықтарында кең қолданылатын түрлері?
а) Меркурий -185, Меркурий 115к                        
б) Кассовый аппарат АМС-100К,  Касби 02 К ККМ                                                          
в) Альфа-400К с ЭКЛЗ, АТОЛ 11Ф - фискальный регистратор, Смарт-терминал ЭВОТОР 7.3.
г) Ока, Меркурий 115к                     

3. Бақылау-касса аппараттарын жұмысқа қалай дайындаймыз?
а) майлап сүртеміз, тоққа қосамыз
б) тоққа қосып, датасын келтіріп, чектерін реттейміз.
в) касса аппараттарын тексереміз, сүртеміз
г) тоққа қосып, майда ақшаларды санаймыз

4. Қолдану аясына қарай бақылау-касса апараттары қалай жіктеледі?
а) сауда, қызмет көрсету саласы,мейрамханалар мен қонақжайлар және мұнай саласына
б) кәсіпкерлік және бизнес саласына
в) сауда орталықтары мен арнайы дүкендерге
г) банк саласы мен сауда орталықтарына

5. Бақылау-касса аппараттарында жұмыс істеуге кімдерге рұқсат етіледі?
а) білімді азаматтарға
б) арнайы білімі барларға
в) мамандығына сәйкес куәлігі барларға.
г) жолдамасы барларға

6. Касса аппараттарын қайда тіркейміз?
а) стандарттау және сертификаттау мекемесіне
б) кәсіпкерлер палатасына
в) салық органдарына
г) сауда орталықтарына

7. Кассалық аппарат істен шыққаны туралы кімге хабардар етіледі?
а) кезекшіге
б) администраторға.
в) бас бухгалтерге
г) кассирге

8. Бақылау-кассалық машиналары неше бағытта жұмыс жасайды?
а) үш.
б) екі
в) төрт
г) бес

9. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қай жылы бекітілді?
а) 2018 жылы 12 сәуірінде
б) 2017 жылғы 12 желтоқсанда .
в) 2018 жылы 20 наурызда
г) 2016 жылғы 12 желтоқсанда .

10. Бақылау-касса аппараттарын жұмысын кімдер бақылау жасайды?
а) сауда орталығының басшысы
б) маркетологтар
в) Бас кассир.
г) бухгалтер

Ой сергіту (мақалдарды толықтыру) -  2-3 мин

Әдісі-тәсілі: ой қозғау, сұрақ-жауап, баяндау, инсерт, эврикалық
Ақша - бұл мақсат емес. Ақша - бұл мақсатқа жетудегі........ құрал
Ақша — қолдың............ кірі
Ар - намысы таза адамның ақшасы............. аз болады.
Ақшада.............. көз жоқ.
Ақшаға дәреже сатып алуға болады, бірақ............. құрмет сатып ала алмайсың

V. Сабақты қортындылау – 3 мин.
Әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, эврикалық т.б.  
Сауда орталықтарындағы бақылау-кассалық құралдарының сауданы ұйымдастырудағы орны мен ондағы технологиялық процесстерді жеңілдетудегі рөлі мен маңызын білдік, олай болса касса аппараттары дегеніміз қандай құрал? Болашақ бақылаушы-кассир қандай болу керек екен?  

VІ. Бағалау Сабақ барысында белсенділік танытқан білім алушыларды атап өту, сонымен қатар жетістіктері мен қателескен тұстарына тоқтап кету - 2мин.

VІІ. Үй тапсырмасы - 2мин.  В.И. Бизюк «Сауда технологиялық жабдықтары» оқулығынан 124-132 беттерді оқу және кассадағы қауіпсіздік ережелерімен танысып дәптерге түсіру

VІІІ. Өтілген сабақтан қойылған мақсатына жетуі

ІХ. Сабақтың аяқталғанын хабарлау

Келесі өтілетін сабақтың тақырыбы: «Арнайы компьютерлік жүйе және модульді кассалық бағдарлама «Супермаг-УКМ».

Пайдаланған әдебиеттер:

1. 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
2. "Типовые правила эксплуатации контрольно-кассовых машин при осуществлении
денежных расчетов с населением" - 2003г.
3. Ильясоа Ғ.С. Бөлшек сауда кәсіпорындары – Алматы; 2009ж.
4. Бизюк В.И. Торгово-технологическое оборудование: - Москва; 2014г.
5. Алтыбаев Б.А., Истаева А.А., Маркетинг негіздері, оқу құралы, Алматы: Экономика, 2002

Дайындаған пән оқытушысы: Мұсаева Қайыркул Мұсақызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз