Өлең, жыр, ақындар

7 мамыр - Ұландар күні

«Отан қорғаушылар» күніне арналған мерекелік іс-шара

Қарағанды қаласы КМҚК «Тілек» бөбекжайында  Отан қорғаушылар күніне тәрбиеленушілердің салтанатты шеруі өтті. Бұл мерекелік  іс -шара  Отан қорғаушылар  күніне арналды. Шеруге  барлық  топ  балалары  және де ең кішкентай бірінші кіші топ балалалары да қатысты. Әрбір топ әскери киімде киінді: ұшқыштар, шекарашылар, жаяу әскер, кемеші, теңізші, шекара сақшысы. Әр топ  өз макеттерімен сап түзеп балабақша  алаңымен  жүріп өтті. Ересек топтар патриоттық әндерімен, маршпен жүруді  көрсетіп,  өлең, тақпақтарын арнады. Тәрбиешілер, педагогтар  мерекелік  шараға  келген  қонақтарға, ата –аналарға  әннен шашу шашты. Шеруден кейін балалар асфальтқа  сурет салып,  одан әрі  түскі ас ішумен  аяқталды. Осы іс –шараның мақсаты балаларды адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды - ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Халқымызда «Ер елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый –құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке –бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.Тәрбиеші: Сакенова Калкен Сериковна, Мәткенова Гүлзада Айдынқызы

        


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз