Өлең, жыр, ақындар

Қаршақыз бен 7 құртақан

Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің №26 орта мектебі
«Күн» шағын орталығы
№1 «Тамшы» тобы тәрбиешісі
Тауданбек Арай Тауданбекқызы

Білім беру аймағы:  таным, денсаулық

Өткізу аймағы: Математика+денешынықтыру

Тақырыбы: Қаршақыз бен 7 құртақан

Мақсаты:

1. 7 санын қайталау, эстафеталық жаттығулар арқылы білімдерін бекіту.

2. Ептілік, шапшаңдық,тез ойлаудағдыларын дамыту;

3. Өзара сыйластыққа, еңбекқорлыққа, спорт сүйгіштікке тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Белоснежка – қаршақыз, жеті – семь, гном – құртақан.

Интеграция: математика, денешынықтыру,

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, теледидар, доп, жаттығу таяқшалары, үнтаспа, карточкалар, суреттер, пазлдар, фломастер.

Жұмыс кезеңдері

Тәрбиешінің және денешынықтыру жетекшісінің әрекеттері

Балалардың әрекеті

Қызығушы-лықты арттыру кезеңі

Әуен үнімен бөлмеге кіреді, шеңберге тұрып әр-түрлі  жаттығулар жасату.

Екі топқа бөлу.

«Тосынсый сәті» жағымды әуенмен Қаршақыз бен 1 құртақан келуін ұйымдастыру.

Бөлмеге кіреді,

Жаттығу жасайды

Қаршақызды қарсы алады.

Мақсатты жүзеге асыру кезеңі

-Балалар, Қаршақыз бізден көмек сұрап келіпті. Адасқан гномдарды табуға көмектесейік пе?

1 тапсырма. Ертегі еліне жету үшін  7 бөліктен сурет құрауымыз керек екен.

 

Суреттерді  слайд арқылы тексереді.

   — Сонымен қай ертегіге аттанамыз?

   — Екінші құртақанды таптық.

2-тапсырма: «Адасқан сандарды қос»

Әр топтан балалар доппен жүгіріп келіп, сандарды сызықпен қосуды ұсыну.

 

Нәтижесін слайд арқылы тексереді.

Үшінші құртақан келді.

3-тапсырма: «Гүлді өсір».

Әр бала жаттығу таяқшасымен келіп, әр жапырақтағы есепті шығару керек екенін түсіндіру, орындату.

 

Нәтижесін слайд арқылы тексереді

4-5 құртақандар табылады.

4-тапсырма. «Көршісін тап» ойыны.

Әр балаға карточкалар беріп, жанындағы сандарды табуды ұсыну.

Нәтижелерін бір-біріне тексерту.

6 – құртақанның тапсырмасын орындадық.

   —  7 құртақан болуүшін енді нешеу керек, кәне санайықшы?

   —  Ия 1 құртақан жоқ екен.

5- тапсырма. 7 саны туралы не білесің?

 Тақпақ, мақал, ұғымдарды сұрау.

Қаршақыздың өтінішін тыңдайды.

 

7 бөліктен екі ертегінің суретін құрайды.

Тақта арқылы тексеріп, сұраққа жауап береді.

 

Мольбертке доппен келіп адасқан сандарды сызықтармен қосады.

Слайдпен тексереді

 

Есептер шығарып

 «7 жапырақ» гүлін құрап екі гномды табады.

Әр бала жеке, өзбеттерімен карточкадағы тапсырманы орындайды.

 

Құртақандарды үш тілде санайды

 

7 киелі сан ұғымын дәлелдейді.

 

Рефлексиялық кезең

Балаларды сапқа тұрғызу.

   — Қай ертегіге бардық?

   — Қандай тапсырмалар орындадық?

   — Балалар сабағымыз сендерге ұнады ма?

«Қаршақыздың сендерге сыйлығы бар екен»

Сұраққа жауап береді, сабақты бағалайды.

 

Тәтті сыйлықтар алады.

 

Білуі тиіс: 7 саны туралы түсінік, құрамын.

Меңгеруі тиіс: 7 саны жайлы білгендерімен бөлісе алуды, жаттығуларды.

Үйренуі тиіс: Өзара сыйластықты, өзін дұрыс ұстай білуді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз