Өлең, жыр, ақындар

Жеке тұлға тренингі

 

«Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»

Психология негіздері пәнінің оқытушысы  Кудабаева Назгуль Шариповна

Тақырыбы: «Жеке тұлғаның қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру»

Мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым -қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу. Жаңадан келген мұғалімдерді ортаға қосу, педагогикалық ұжыммен жақынырақ таныстыру.
Жабдық: Кішкентай парақтар, скотч, қайшы, қара түске боялған ватман, әртүрлі көлемді жұлдыздар, ән жазалған парақшалар, майшам

«Теңіз»  жаттығуы
Қатысушылар дөңгеленіп тұрып, тренинг барысында есімдерін айтып «Мен Ләззат өзіммен бірге  теңізге шығуға лағымды алып шығамын» естеріне түсіруге уақыт берілді.

Шарты: әр қатысушы осылай айтқанда келесі қатысушы оларды қосып айтып шығады.
 

«Топқа бөліну» жаттығуы
Қатысушылар екі топқа бөлінеді.

 қазір барлығымыз орнымыздар тұрып, мына жердегі вазадағы жемістер мен көкөністерді таңдап алып, орнымызға отырамыз.

1.Қызыл  түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам  осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

 

 

2.Жасыл  түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Бұл алманың адам организмі үшін өте зор пайдасы бар, мұның құрамында темір өте бай болғандықтан анемияның алдын-алу үшін және есте сақтау қабілетін қалпына келтіру үшін адамдар күнделікті тамақ рационына үнемі пайдалау керек.

 

Персик-еліміздің оңтүстік өңірінде көп өсетін шабдалыны сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батыл емес деп санайды, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, дұшпендарыңызда бар. Жалпы сізді өнерге жақын адам десе болады.

Лимон-жеміс ретінде ұнататын, сүйіп жейтіндер аз емес екен. Мамандардың айтуынша, мұндай қышқыл сүйгіш адамдар талай өмір тәжірибесінен өткен жандар. Сіз біреуді жаныңызға жара  салғанша жақсы көресіз. Ал  содан кейінде жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аз секілді.

 

Алмұрт-шырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезінбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды киімді, кітапті, тағамды жоғары талғаммен таңдайды.

Жүзім-түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамда. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек.

Банан-тропикалық жемісті сүйіп жейтіндер мейірімді болып келеді. Бір қызығы сізді көпшілік, тәкаппар деп санайды. Шын мәнінде банан сүйгіш жандар арманшыл, әсершіл болады. Армандарыңыздын орындалмауына тек сіздін жалқаулығыңыз кінәлі.

Гранат-құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Гранат сүйгіштер жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыруда оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.

Жүзімді  ұнататындар өмірге оңай қарайды, олар әркез көңілді еш уақыт уайым-қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді, оларға көмектескендіде ұнатады.

Мандаринді жемістердің арасынан бөлектеп, ерекше сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Бұл жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайын. Мұны сүйіп жейтіндер-жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.

Перец- Жомарт және адмагершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай өзіңізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес сіз өзіңізбен өзіңіз табысуыңыз оңай шаруа  емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз.

Баклажан- еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашанда даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандайда бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз.  Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды.  Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

 

Памидор- ақылды  және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяларыңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойланасыз. Өзіңізге үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан жалықпайсыз.Сіз өзіңіз дұрыс деп санаған нәрсені  жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы мүмкін.

 

Қияр- зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... сізді көбіне дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет.Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйтені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

 

Жуа- сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. " бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз  үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз – олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз,шындықты сүйесіз.

Чеснок- мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту   үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді.. сіз махаббатқа сенесіз, онсыз  өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
 

«Постер қорғау» жаттығуы

Осы екі топқа «Студент пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас» және «Студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас» жайында өз ойларын плакатқа жазу беріледі.

 

«Кенгуру» тренингі

Бір қатысушы сыртқа шығып кетеді. Қалғандарына түсіндіріледі, қазір сіздерге кенгурудың іс-қимылын көрсетеді. Бірақ, сіздер басқа жануардың атын айтасыздар. Кенгуру деп айтпайсыздар, себебі қатысушыны ашуландырып, ішкі агрессиясын сыртқа шығаруымыз қажет.

 

 

 

Топ жетекші:           Н.Ш. Кудабаева


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз