Эссе және өлең-жыр байқауы

Көлемдер және олардың өлшем бірліктері

 

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 1С: Көлемдер және олардың өлшем бірліктері

Күні:  26.11.18

Сынып: 1-сынып

Мектеп: Саяқ кенті ЖББ №6 ОМ

Мұғалімнің аты-жөні:  Есенбекова Балжан Рыздыкбаевна

Қатысқандар саны: 17

Қатыспағандар саны: 1

Ортақ тақырып

Менің отбасым және достарым. Бізді қоршаған әлем.

Бөлімше

20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту

Сабақ тақырыбы

Ондықпен санау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.3.1**  100-ге дейінгі ондықтардың реттілігін суреттердің, пішіндердің,  сандардың 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарын анықтау.

1.1.1.4  Санның ірі бірлігі - ондықты түзу; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 10-100 дейін ондықпен тура, кері санай және цифрмен жаза алады.

Көптеген оқушылар: Ондықтарды салыстыра алады. Олардың дөңгелек сандар екекндігін біледі..

Кейбір оқушылар: ондықтардың қалай құрылғанын, орналасу заңдылықтарын айтып бере алады.

Бағалау критерийлері

100-ге дейінгі дөңгелек сандарды ондықтармен тура, кері санайды, цифрларды жазады, салыстырады.
Ондықтар құрамын біледі, 100-ге дейінгі дөңгелек сандар тізбегін құрудағы заңдылықтың жалғасатындығын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

заңдылық, тәртіп,реттілік, келесі, алдыңғы

• заңдылық құру

• Кейін не жүреді? Заңдылық қайталана ма?

• ондық, дөңгелек сандар, бір таңбалы, екі таңбалы сандар, разрядқа жіктеу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өмір бойы білім алуға жетелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркемеңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты алу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған пазлдар, столүсті топ белгісі, құтыда салынған балмұздақ таяқшалары, ПИК құрылғысы, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар, ламинадталған парақтар(постерге), кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

20 шегінде тура және кері тәртіпте есептеу; Санның  «үлкен», «кіші», «тең» құрамдас бөліктерін білу, екі таңбалы сандарды салыстыру, разрядтық бірліктермен атау.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ғажайып жылулық шынжыры»  шеңберін құру.

Балалар бір-бірімен алақан түйістіріп, достық туралы өлеңдерін айтады:

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

«Жаңа топ құру»

Геометриялық кеңістік фигуралары - яғни, бізді қоршаған ортада кездесетін нысаналар мен заттар суреттері бар пазлдар  арқылы әр оқушы өзіне ұнаған қиындыны алады және әр әр фигураға сәйкес  бір-бірін тауып, үш  топ құрайды. Ол топтар: ПИРАМИДА,  ШАР, ТЕКШЕ үш қатарға жайғасады, пазлды біртұтас етіп жинақтайды.

 

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

 

Әр топ алдына құтыдағы оқушы аты жазылған балмұздақ таяқшалары қойылады. Таяқшаны алып отыратын топ жетекшісі сайланады.

 

Дескриптор

*Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.

*Фигура атын айтады, қоршаған ортадағы кездесетін нысаналарды атайды.

 

Бастапқы білімді еске түсіру (ұжымда)

 «серпілген сұрақ» әдісімен жүзеге асады.

(Әр топқа екі сұрақтан қойылады)

- 2 таңбалы сан дегеніміз қандай сан? (екі цифрдан т с)

- Ең үлкен бір таңбалы сан? (9)

- Ең кіші екі таңбалы сан? (10)

- Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

- Бір таңбалы сан мен екі таңбалы санды салыстыру жөнінде не айтуға болады?

 (Кез келген бір таңб сан кіші кез келген екі таңб саннан)

- Екі таңбалы сандарды салыстыру жөнінде не айтуға болады? (Бірінші ондықтарын салыстырамыз. Егер ондықтары бірдей болған жағдайда бірліктерін салыстырамыз)

 

ҚБ:  «Бас бармақ» әдісі арқылы топта бағалау.

 

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен топ ішінде жұптасайық.

Әр жұп екі тапсырмадан орындайды. ("Бірлескен оқу"тәсілі)Т   Жұп

 

Тапсырма: Екі таңбалы сандарды салыстыр,  >,   <,   =  таңбаларын қой.

51 > 15

  2 < 12

24 < 34

58 > 56

30 = 30

69 > 60

 

Әр топ жұмысын келесі топ тексеріп бағалайды.

ҚБ:  «Смайлик» әдісі арқылы  бағалау.

 

Дескриптор

*Екі таңбалы сандарды салыстырады.

*Ерекшеленіп тұрған сандарды атайды.

 

-- Бұлар, балалар, 0-ге аяқталған сандар - дөңгелек сандар деп аталады.

-- Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз осындай екі таңбалы дөңгелек сандарға байланысты болмақ.

-- Сендер1-10ға дейін, 1-20-ға дейін бір-бірлеп тура және кері санауды білесіңдер. Ал 100-ге дейін ондықпен санау дегенді білесіңдер ме? Жоқ.

 

Оқу мақсатын таныстыру

-- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздағы оқу мақсатымыз:

100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру.

 

Күтілетін нәтиже: 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды ондықтармен тура, кері санап, цифрларды жазу, салыстыру.
Ондықтар құрамын білу, 100-ге дейінгі дөңгелек сандар тізбегін құрудағы заңдылықтың жалғасатындығын түсіну.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған пазлдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карточка

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

-- Балалар, бір отбасына мынадай үй тұрғызу үшін бізден қамқорлық көмек керек боп тұр екен. Қане аянып қалмайық.

«Үй салуға көмектес» Яғни осындай ірі нәрсені салғанда көп нәрселер керек болады. Сол үшін бізге бір-бірлеп санағаннан он-оннан санаған тиімді екен. Қане, екі шеткі топ үй салу үшін қанша шеге керек екенін санап жіберейік, ал ортаңғы топ бөренеден қанша керек екендігін табыңдар. Ұ

Тақтада жазғызу:    20=2 онд б.         40=4 онд ш.

Нәтиже 10+10=20     1 онд +1 онд = 2 онд

              20+10=30     2 онд +1 онд = 3 онд

              30+10=40     3 онд +1 онд = 4 онд

 

10 (+10) 20 (+10) 30 (+10)  40 (+10) 50 (+10) 60  70  80  90  100

100 (-10) 90 (-10) 80 (-10) 70 (-10) 60 (-10) 50  40  30  20  10

 

ҚБ:  «Жарайсың!» қолпаштау әдісі арқылы  бағалау.

 

Дескриптор:

* Ондықтар құрамын біледі, 100-ге дейінгі дөңгелек сандар тізбегін құрудағы заңдылықтың жалғасатындығын түсінеді.

* Ондықпен тура және кері санайды.

 

«Тәжірибе жүргізу» әдісі арқылы, мынандай топтық жұмыс жүргізейік.  ("Белсенді оқу"тәсілі) Т

 

Тапсырма:

1-ші -Пирамида тобы: моншақтарды қадаққа тізіп неше ондық шығатынын және монеталардан неше ондық шығатынын анықтаңдар.

2-ші-Текше тобы түймелерді жіпке 10-10-нан тізіп, неше ондық жасауға болатынын біліңдер.

3-ші-Шар тобы қақпақтар тізілімінен неше ондық шығып тұрғандығын анықтаңдар және таяқшалардан неше ондық құрастыратындарыңды көрсетіңдер

 

Соңынан оқушылар қортындысын айтады.

 

ҚБ:  «Бағалау терезесіне» стикер жапсыру арқылы өз іс-әрекеттерін  бағалау.

 

Дескриптор:

* Ресурстар арқылы нәрселерді он-оннан топтайды - ондықтың құрамын біледі.

*Ондықтармен 100-ге дейін толықтырып санайды.

 

-- Балалар, сынып бөлмесінің қабырғаларында көп екі таңбалы сандар цифры жабыстырылғанын көріп отырсыңдар, иә.

«Броундтық қозғалыс» әдісімен қазір сендер осы көп цифрлар ішінен тек керектісін таңдап алуымыз керек.

 

Тасырма:

Жапсырылған цифрлар ішінен тек дөңгелек сандарды белгілеп тұрғандарын ғана теріп алыңдар. Сосын 10-100 ге дейінгі және 100-10 ға дейінгі сандар тізбегін құрыңдар. Әркім өз алған цифрын айтып тура және кері санап шығыңдар.

 

ҚБ:  «Шапалақ» әдісі арқылы  бағалау.

 

Дескриптор:

* Көп сандар ішінен дөңгелек сандарды дұрыс ажыратып табады.

*Сандар қатарына ретімен орналасады.

*Ондықтармын тура және кері санайды.

 

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

20=2 онд.         10=1 онд.                  5 онд.=50 орындық

 

 

 

 

Оқулық, тақта

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таяқшалар, резинкалар; моншақ тастары,түймелер, жіп; жіпке тізілген баклашка қақпақтары, 10 тг-лік монеталар және 100тг монетасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабырғаға жағалай жапсырылған екі таңбалы сандар цифрлары

 

 

 

Жұмыс дәптері

91-бет

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

 «Жасырын суретті аш»  - ол үшін мына сұрақтарға жауап беру керек. Жеке

- Ең үлкен екі таңбалы дөңгелек санды ата (90)

- 30-дан кейінгі ондықты ата (40)

- 7 ондықты көрсет, ол неше? (70)

- Ең кіші ондық неше? (10)

- 4 ондық пен 4 ондық қосындысының мәні неше? (80)

- 100-дің жартысы қанша болады? (50)

- 70-тің алдындағы ондық? (60)

- 10-ға 10-ды қосқанда неше? (20)

- 20 мен 40-тың ортасындағы ондықты айт. (30)

 

Цифрлар астынан отбасылық сурет ашылады.

 

ҚБ:  «Смайлик» әдісі арқылы  бағалау.

 

- Қандай сурет шықты? Отбасы мүшелері. Ата-ананы құрметтеу туралы тақпағымызды айтып жіберейікші, қане.

 

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз.

Ата-ананы құрметтеп, Бас иеміз біз.

 

- Жарайсыңдар, балалар!

 

Дескриптор:

*Сұрақтың жауабы болатын санды тауып айтады. (кей жерде мұғалім көмегімен) Цифрларды танып көрсетеді.

*Шыққан суретті отбасы мүшелері екендігін атайды, соған байланысты тақпақ айтады.

 

 «Постер қорғау» әдісі Т

 

- Балалар, осы отбасы мүшелерінің жасына байланысты сандардан топпен постер қорғауларың керек.

Тапсырма:

Әжемнің жасы - 62-де, атамның жасы 72-де,

Әкемнің жасы - 38-де, анамның жасы - 35-те болса, ағам 26-да,  әпкем  18-де дейді ең кіші отбасы мүшесі. Екі таңбалы сандарды салыстыру жолын көрсет.

1-ші -Пирамида тобы 62 мен 72 сандарын қалай салыстыруға болатынын түсіндіріп қорғайсыңдар.

2-ші-Текше тобы 38 бен 35 сандарын қалай салыстыруға болатынын түсіндіріп қорғайсыңдар.

3-ші-Шар тобы 26 мен 18 сандарын қалай салыстыруға болатынын түсіндіріп қорғайсыңдар.

 

ҚБ:  «Көршіме айтарым бар» әдісі арқылы  бағалау.

Әр топ көрші топтың постер қорғауын бір ауыз сөзбен бағалайды.

 

Дескриптор:

*Екі таңбалы сандарды салыстыру жолын айқындап, сызбамен көрсетеді.

*Сынып оқушылары алдында топ мүшелері өз жұмыстарын түсіндіріп дәлелдейді.

 

Рефлексия

«Желкенді кеме» әдісімен бүгінгі сабақ саған қаншалықты ұнағандығын жасыл, сары, қызылмен бояу арқылы көрсетеді және  өздерінің осы сабақтан алып қосқан білім деңгейлерінің  қаншалықты екендіктерін «Жетістік баспалдағы» арқылы көрсетеді.

 

10

50

80

70

30

20

40

90

60

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау, тиісті жерінде

толықтыру жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ алдына ламинадталған қағаз, маркер таратылады

 

 

 

 

 

 

 

Бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

 

 

 

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының   сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

 «Бас бармақ» әдісі арқылы бастапқы білімді топта бағалау.

«Шапалақ» әдісі арқылы  жеке оқушы жауабын бағалау.

«Смайлик» әдісі арқылы  екі таңбалы сандарды салыстыру көрші топтың топты бағалауы. «Жарайсың!» қолпаштау әдісі арқылы кітаппен ұжымдық жұмысты  бағалау. «Бағалау терезесіне» стикер жапсыру арқылы тәжірибелік жұмыстағы өз іс-әрекеттерін  бағалау.

«Шапалақ» әдісі арқылы Броундтық қозғалыспен цифрлар жинап алып қатар түзулерін ұжымдық бағалау. «Смайлик» әдісімен жасырын суретті ашуға бағытталған сұрақ жауаптарын  бағалау.

«Көршіме айтарым бар» әдісі арқылы  бір топ екінші топты бағалайды. Сабақ соңындағы рефлексия үшін «Желкенді кеме», «Жетістік баспалдағы» қолданылды.

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәті ретінде музыкамен белсенді іс-әрекет түрі - "Броундтық қозғалыспен" цифр жинау алынды.

Бұл жерде қауіпті ештеңе жоқ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз