Өлең, жыр, ақындар

Өткенді пысықтау

Қостанай облысы, Арқалық   қаласы,

А.Байтұрсынов атындағы

бастауыш гимназия Балова Б.У.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. 
Сабақтың мақсаты: Өткен тарау есептерін  қайталау арқылы өз білімдерін тиянақтап көрсете білу керек. Есептеуде ауызша,   жазбаша тәсілдерді қолдану,логикалық ойлана отырып  орындау қажет .Тапқырлықпен шапшаң, өз бетінше топпен жұмыс жасай білу  тиіс.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс  түріндегі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,іздену,логикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, фигуралар.т.б.
Сабақтың барысы:
 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 минут  Оқушыларды асық түстері арқылы   топтарға бөлу   Әр топ  мүшелері  өз міндеттерін бөлісуі, анықтау. Бағалау парақтарын тарату.
 

2. Психологиялық дайындық. 2 минут
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену,
Еңбек етіп топтаса,
«5-ке» қолды жеткізу.

 

3. Өткен сабақты пысықтау. 5 минут  Оқушылар  өз топтарының асықтарының түсіндегі белгіленген сұрақтарға жауап береді.

Ақ түсті  асық  ақ   дөңгелек  сұрақтарына.

Қызыл түсті асық қызыл бесбұрыш  сұрақтарына.

Жасыл түсті  асық жасыл үшбұрыш сұрақтарына.

 

4. Логикалық тапсырмалар беру. 6 минут Үш топқа парақшаға жазылған тапсырмалар таратылады. Бұл тапсырма топпен шешіледі.
1 - топ: «Жыл қайыру» есебі.

- Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы . -4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет күйші. Тәттімбет неше жаста? Дананың сөзі асыл тас. Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51.


2-топ - «Бәрін бірге ойлап қой» есебі.

Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос-қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге ойлап қой. Бұл есеп Қырық бір түйір құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, - түйіндеуімен бітеді де Қазақ даласында да құмалақшының да өз есебі бар екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке шақырғанына күмәнданбаймыз. Жауабы: 19 бас мал.


3 - топ: «Үнді шәйі» есебі.

Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың? Бұта түбі кеуегі, Кеуегінде көжегі. Бұлай деп айтуы есепті шешуге болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады дегенге тіреледі. Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті    Топтар  өзара  бірін- бірі  бағалау

 

5.Сергіту сәті: 2 минут
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
1, 2, 3 біз есепке салдық күш,
«Артық» десе қосамыз
«Кем» десе аламыз,
«Есе артық» десе көбейтеміз.
«Есе кем» десе бөлеміз.
Бір, екі үш.

 

6. Оқулықпен жұмыс   3 топқа есептерді  бөліп беру.5минут
№5. Бос орынға тиісті санды қой.
№6. Тез есепте
№7. Есепті оқы: шешуін жауабын жаз.
№9, 10

Өздерін  топ  басшысының  бағалауы.

 

7.Жұптық  тапсырма 5 минут
1 - топ. 1) Қабырғасының ұзындығы 4 см - ге тең шаршының периметрін тап.
2 - топ. 2) Периметрі 24 см; 32см; 28см - ге тең шаршының қабырғасының ұзындығын тап.
3 - топ. Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыштың периметрі 22см. үшінші қабырғасының 6см. Үшбұрыштың өзара тең қабырғаларының ұзындығын тап.   Екеуара  бағалау
 

8.Өзіндік жұмыс. 7 минут « Меңгере біл»   Осы мақалдардың мағынасын түсіндіріп меңгер және осыған байланысты есептер  құрастыр
3 - санына байланысты
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
3+3=6        33+33=66    3X33=99  Т.С.С
4 - санына байланысты:
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүрінерде де саспайды.

 

8 - санына байланысты:
Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.
Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме.
Өзін-өзі  бағалау  әдісі
 

9. Атауын айтпай - ақ фигураларды сипатта.  3минут 
Ойын. «Мен қай фигурамын?»..
Төрт қабырғасы бар, төрт бұрышы бар. Қарама – қарсы қабырғалары тең. Төрт бұрышы бар, екі бұрышы доғал, екі бұрышы сүйір. Төрт қабырғалары бар.(тік емес төртбұрыш )
Бір бұрышы тік, екі бұрышы сүйір. Үш қабырғасы бар. (үшбұрыш )
Төрт қабырғасы бар. Барлық қабырғалары тең. Төрт тік бұрышты. (шаршы )
Мұғалімнің  бағалауы
Қорытындылау. 5 минут Әр топ өз мүшелерін  бағалайды, мұғалімнің бағалауымен қортындылау,сабақты аяқтау. Әр оқушы  өзінің  бейнесін  тақта  бетіне стикер арқылы  көрсету.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз