Эссе және өлең-жыр байқауы

Сүйікті жануарларым

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Теңге аулы Теңге бөбекжай-бақшасы
Тәрбиешісі Нежимова Нагима Төлемисовна
№6 «Еркемай» ІІ-кіші тобы

Білім беру саласы: Таным 

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Сүйікті жануарларым»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын түсіндіру. Үй жануарларына байланысты жұмбақ, тақпақтар айтқызып сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: сиыр-корова, қой-баран, жылқы-лошадь.

Сөздік жұмыс: түйе, қой, ешкі, жылқы.

Алдын-ала жұмыс: Төлдер туралы тақпақ жаттату. 

Жеке жұмыс: Арайдан әжесі қалай еркелететінін сұрау.

Әдіс–тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.  

Көрнекіліктер: Үй жануарлардың суреті, слайд.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің кезеңдері

Балалардың қызметі

 

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Сондықтан бүгін бізге көп деген қонақтар келген екен,келген қонақтармен амандасайық!

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Ай атауларын атайықшы?

- Көктем мезгілінің ерекшіліктері қандай?

 Бүгін бізде Жаратылыстану оқу қызметі

Балалар біз оқу қызметін бастамас бұрын өткен тақырыбқа тоқталып өтейікші. Өткен тақырып «Көктем келді»

Балалар көктемде қар ерип, күн жылынады ағаштар бүршік жарып, ең алғашқы қандай гүл шығады екен?

 Құстар не істейді?

 

Үнтаспадан дыбыс естіледі.

Бүгінгі өтетін, жаңа тақырыбымыз                                       «Сүйікті  жануарлары»

 - Балалар жануарлар екіге бөлінеді. 

 - Үй жануарлары және жабайы жануарлар.

 - Жабайы жанурлар орманда тіршілік етеді. Өз азығын өздері тауып жиді. Сондықтан жабайы жануарлар деп айтамыз.

 - Үй жануарлары деп-үйде ұстайтын жем, су шөп беріп баптайтын жануарларды атаймыз.

 - Үй жануарлары қайда жүреді?

 - Орманда ма, үйде ме?

 - Ал жабайы жанурлар қайда журеді?

Слайд:

Үй жануарларымен таныстыру

 - Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы, ит жатады.

 - Олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім, ішіп-жеп отырған азғымыз.

 - Ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит жеті қазынаның бірі.

 - Балалар осы үй жануарлардың төлдерін қалай атаймыз?

Сиыр – бұзау

Түйе – бота

Қой – қозы

Жылқы – құлын

Ит – күшік

Мысық – марғау

Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.

1. Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

2. Үстінде екі тауы бар

Қызық бір жануар

3. Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар

Билиегвальды компонент:

Сиыр – корова

Түйе – верблюд

Қой – баран

Ешкі – коза

- Көп естігеннен бір көрген жақсы. Олай болса қазір мен сендерді Әжейдің ауылына саяхатқа алып барамын.

(педагог балаларды ауылдағы Әжейге алып барады.)

– Балалар осы үй жануарлардың адамға қандай пайдасы бар?      Бұны білу үшін балабақшамызға көрші тұратын Амангүл әжеміздің үйіне қонаққа барамыз. Әжейдің қорасындағы үй жануарларын тамашалап қайтайық.

Үйдің есігінің алдында не жатыр?

Әжей: амансыңдар ма, құлындарым, қошақандарым!

Қош келдіңіздер!

- Әжей біздің бүлдіршіндерді сіздің үй жануарларыңызбен оның төлдері, олардан адамға қандай пайдасы барын, олардан алатын өнім, бұйымдарымен таныстыруға алып келдім.

- Әжей: Жарайсыңдар, ботақандарым!

Мына ауламда жүрген үй жануарларым ғой. Жылқым – құлыным, сиырым - бұзауымен, түйем-ботасымен, қойым-қозысымен, итім-күшігімен, мысығым-марғауымен бұларға жем суын беріп бағып-қағып баптап өсіремін.

Үй жануарлардың адамға пайдасы өте көп. Кисек киім, ішсек-тамак, мінсек – көлік. Олардың жүні де, сүті де, терісі де бәрі де пайдалы.

 - Педагог: балалар үй жануарларының бізге берер пайдасы өте көп екен.

 - Балалар төлдер туралы біз тақпақ жаттап едік соны әжемізге айтып берейік.

Жарайсыңдар құлындарым менің сендерге сыйлығым бар .Сиырдың сүтінен жасалған қатық ,ден –саулыққа өте пайдалы топтарыңа барып ішесіңдер!

 

Сергіту сәті:

Қошақаным тұршы
Беті-қолды жушы
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы
Орныңа отыршы.

 

Ойын:

«Төлдерін тап»

Шарты: Луля шеңбері бойынша үй жануарларының төлдерін табулары қажет.

 

 

 Ойын:

«Даусын тап»

Шарты :Балалар қандай жануарлардың даусы екенін табулары керек.

 

 

 

Балалар амандасады

Қимыл арқылы шаттық шеңберін жасайды

- Көктем

- Үш ай

Наурыз, Сәуір, Мамыр

- Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

- Байшешек

- Ұшып келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Үйде

- Орманда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Сиыр

 

- Түйе

 

- Қой

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арай

Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың

Жолжігіт

Ақ бұзауым ұнайды
Мө –мө депсүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын сөзып қарайды

Жігер

Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ

Мухаммадин

Кіп –кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным қозым деп

Балалар сергіту сәтін орындайы.

 

Қортындылау:

- Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Үй жануарларына нелер жатады?

- Қайда саяхатқа шықтық?

- Сендерге ұнадыма?

Мақтау мадақтау.

 

Үй жануарлары

 

Балалардың жауаптары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз