Эссе және өлең-жыр байқауы

Кім не істеп жатыр?

Түркістан облысы Түлкібас ауданы
Састөбе ауылы МКҚК«Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Абденбаева Тәттікүл Елбегіқызы

 

Білім саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет».

Мақсаты: Отбасы туралы жалпы түсінік беру.

Білімділік: Балаларға отбасындағы жақын ортасын, отбасы мүшелері туралы түсініктерін  қалыптастыру.

Дамытушылық: Кішкене кезінен бастап ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту.  

Тәрбиелік: балаларды еңбекке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Міндеті: Балалардың өз беттерінше отбасы мүшелерін ажырата білулерін және өз отбасы мүшелерін таба білулерін  қадағалау, үйрету. 

Көрнекіліктері: Отбасы газеті, отбасы буклеттері, шалқан ертегісінің буклеті, суреттері.
 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың  әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

     Балалар, бүгінгі ерекше күн. Себебі біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң достарым!

- Жарайсыңдар, балалар орындарыңа отырыңдар.

  Балалар бүгін ашық оқу қызметімідің тақырыбы «Біздің отбасымыз». Отбасы жайлы болмақ.

Балалар шеңбер болып тұрады.

 

Қолдарымен күн жасайды, аспанға қолдарын созады, жүрекке қолдарын апарып қонаққа бас иеді, достарын құшақтайды.

Ұйымдастыру ізденушілік

   Балалар отбасы немесе жанұя деп үйдегі атамыз, апамыз, әкеміз, анамыз, әпке, ағаларымыз, іні қарындастарымызды, яғни бауырларымызды айтамыз.  Олар кез келген жұмысты бірігіп атқарады және бір біріне көмектеседі. Отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет, көмек көрсетуге, ақылды болуды үйренеміз.

  Газетпен жұмыс: «Біздің отбасымыз»

  Балалар  сендер мына газеттен өздеріңнің  отбасы мүшелер кімдер екенін , олардың аттарын атап көрсетулерің керек.

  Айта аламыз ба?

(Балаларды бір бірлеп шығарып сұрақ  жауап аламын)

 - Сенің әкең кәне, әкеңнің аты кім?

 - Сенің анаңның аты кім?

 - Сенің атаңның аты кім?

 - Сенің апаңның аты кім?

 - Сенің атың кім?

 - Сенің жасың нешеде?

 - Жарайсыңдар балалар сендер отбасы мүшелерін айта білдіңдер.

 - Енді осы газеттегі мына суретте кімдер?

 - Апасы не істеп отыр?

 - Ал атасы не істеп отыр?

 - Мынау кім, ол не істеп отыр?

  - Ағасы ше?

 - Жарайсыңдар балалар! Ал онда осы отбасы мүшелерін сергіту сәтінде санап көрейікші.

         Сергіту сәті:

Бір үйде біз нешеуміз?

Бас бармағым атам,

Балаң үйрек әжем,

Ортан терек әкем,

Шылдыр шүмек анам,

Титтей бөбек мен,

Бір үйде біз бесеуміз.

    Балалар бір үйде біз бесеу екенбіз. Кейбір отбасында оданда көп екен.

  Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»

Шарты: Қараңдаршы тақтада отбасы мүшелері ілулі  тұр. Балалар сендер көздеріңді жұмасыңдар. Мен суреттің біреуін  алып қоямын. Сендерге көздерің ашыңдар дегенде, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін тауып айтасыңдар. Алдымен отбасы мүшелерін атап шығайық. (Атасы, апасы, әкесі, анасы, ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы.)

Слайдпен жұмыс:

 - Мынау кімнің атасы, не істеп жатыр? Атаңның аты кім?

 - Мынау кімнің апасы, не істеп жатыр? Апаңның аты кім?

 - Мынау кімнің ағасы, не істеп жатыр? Ағаңның аты кім?

  - Жарайсыңдар балалар бәрін дұрыс айттыңдар. (Осы кезде  есік  тақылдатып, әже кіріп келеді.)

Ғажайып сәт:

  - Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келді?

Әже:

  - Амансыңдарма, балаларым?

  - Әже, сәз қайдан келдіңіз?

Әже:

   - Мен алыс басқа балабақшадан, сендерді сағынып келдім .

   - Әже, бізге ертегі айтып беріңізші?

Әже:

   - Жарайды, онда  мұқият  тыңдаңдар. Мен сендерге  «Шалқан» ертегісін  айтып беремін.

   - Ертегі тыңдаймыз ба  балалар?

          «Шалқан» ертегісі.

 Ерте, ерте, ертеде бір шал мен кемпір  болыпты. Шал жер тырмалап, шалқан егіп, оны суғарып, үлкен етіп өсіріпті. Бір күні шалқанды алайын деп ары тартыпты, бері тартыпты тарта алмай қойыпты. Содан кемпірін шақырыпты. Кемпірі шалдың белінен ұстап шалқанды ары тартады, бері тартады тарта алмайды. Кемпір қызын шақырады.Қызы апасының белінен ұстайды, апасы  атасының белінен ұстап шалқанды ары тартады, бері тартады тарта алмайды. Қыз күшігін шақырады. Күшігі қыздың белінен ұстап ары тартады бері тартады  тарта алмайды. Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктің белінен ұстап ары тартады бері тартады тарта алмайды. Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың белінен ұстап ары тартады, бері тартады да шалқанды жұлып алады. Сөйтіп бәрі бірігіп, шалқанды көтеріп үйіне апарады.

Әже:

  - Балалар, сендерге айтқан ертегім ұнады ма?

  - Әже біздің  балалар ақылды, білімді. Бізге қонақ болыңыз, білімдерін қараңыз.

Әже:

 - Жарайды.

 - Балалар бүгін не білдік, суретке қараңдаршы, отбасы мүшелері не істеп   жатқанын айтайықшы.

  - Суретте атасы не істеп отыр?

  - Апасы не істеп отыр?

  - Әкесі не істеп отыр?

  - Анасы не істеп отыр?

  - Ал енді әжеміз айтқан «Шалқан» ертегісінің  буклеттеріне қарайық. (Ертегіні буклеттен көрсетіп еске түсіремін.)

  - Әже біздің  балалар сіз айтқан ертегіге  өлең шығарып айтқысы келіп тұр. Қане, «Шалқан»  өлеңін айтайық, тұра қойыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Ия

 

Балалар өз отбасы мүшелерінің  аттарын атап, сұраққа жауап  береді.

 

 

 

 - Апасы мен қызы.

 - Қызына ертегі оқып беріп отыр.

 - Атасы баласына бата беріп отыр.

 - Әпкесі киім тігіп отыр.

 - Ағасы сурет салып отыр.

 

 

Балалар саусақтарын қимылдатып, жұмып, алақанын ашып бесеу екенін айтады.

 

 

 

 

 

 

Атасы, апасы, анасы, әкесі, ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы деп атайды.

 

 

- Менің атам қар күреп жатыр.

- Менің апам бесік тербетіп отыр.

- Менің ағам шомылып жатыр.

 

- Әже келді.

- Саламатсыз ба, Әже.

 

 

 

 

 

- Иә.

Ертегіні сахналайды.

 

Мейірман:

- Кемпірім, кемпірім кел. Маған көмектес.

 

Мерейлім:

- Қызым, қызым кел көмектес.

Гүлсімай:

- Күшігім, күшігім кел көмектес.

Інжу:

-А ф, аф. Мысығым, мысығым кел.

Сұлтан:

- Мияу, мияу.Тышқан, тышқан  кел көмекке.

Сырым:

- Тышқан келіп жұлып алады.

- Иә.

 

-Шәй ішіп отыр.

-Жіп жасап отыр.

-Домбыра тартып отыр.

-Баласына сүт беріп отыр.

-Буклетке қызыға қарайды.

Жетекші жөндеуші

«Шалқан» ертегісін қорытындылайды:

       Ата шалқан егіпті,

       Шалқан үлкен болып өсіпті.

       Ары бері тартып еді, тартылмады,

       Алақай!!! Тартып, жұлып алдық.

Әже:

   - Ой, бәрін  біледі екен ғой. Не деген ақылды, білімді балалар. Қоржынымдағы сыйлығымды апайларыңа тастап кетемін. Апайларың сендерге береді. Мен қайтайын. Мені басқа  балалар күтіп отыр. Ертегі тыңдағыларың келсе, маған қоңырау шалыңдар.

   - Біздің балалар оданда ақылды, білімді болады. Әженің сыйлығына, ертегі айтып бергеніне балалар не айтамыз? Рахмет.

Әже:

 - Сау болыңдар балалар!

 (Әже қоштасып шығып кетеді.)

  - Сау болыңыз, Әже! Балалар көрдіңдер ме біз  ақылды, білімді болған үшін бізге  қалта  телефон сыйлыққа  беріп кетті. (Балаларға сыйлықтарын таратып беремін.)

   Балалар, осымен оқу қызметіміз аяқталды. Апайлармен қоштасайық.

  - Сау болыңыздар!

Өлең жолдарын айтып , қимылмен  көрсетеді, соңында қуанады.

 

 

 

 

- Рақмет.

 

- Сау болыңыз!

 

Балалар сыйлыққа қуанып қалды.

 

 

Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отбасы мүшелерін;
Түсінеді: Отбасы мүшелерінің қызметтерін ажыратады;
Орындайды: Ертегі желісі бойынша сахналауды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз