Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың Қайраты

БҚО Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы
"Бітік мектеп-бөбекжай" кешені" КММ-нің кітапханашысы Жардемова Анар Жаскаиновна

Жүргізуші: Бұйрат белдер, шалқар көлдер көсілген,

Қыраның ем түлеп ұшқан төсінен.

Ұялар ем адам деуге өзімді

Шықса бір сәт асыл бейнең есімнен – деп жырлаған көрнекті қазақ ақыны.

Қайрат Жұмағалиевтің өлең шумақтарымен бастағалы тұрған «Қазақтың Қайраты» атты Қайрат оқулары сайысына қош келдіңіздер!

Қайрат Жұмағалиев Батыс Қазақстан облысының Орда жерінде дүниеге келіп, Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Оңтүстікке жер аударылған ақын. Қайрат Жұмағалиевтың қиын тағдыры өз өлеңдерінде көрініс табады.

Қайрат Жұмағалиев өлеңдерінде бастан кешірген қиыншылықтары, туған жерге деген сағынышы керемет суреттеледі. Жас ұрпаққа ақын өмірін талдай отырып, қиыншылықпен жеткен жетістіктерін, еңбектерін, шығармалары арқылы жеткізді.

«Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды» - деп ғұмыр бойы анасын құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен ақынның кейбір өлеңдері жас ұрпақты ата-анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелейді.

Өмірінің соңғы жылдарын туған жеріне, атамекеніне шалқар сағыныш, асқақ арман құшағында келген ақын «Жайық Пресс» ЖШС-да бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет етті. Ананы құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен, туған тілін ардақтаған, туған жеріне, мекеніне деген сағынышын асқақ жырларымен асқақтатқан Қайрат ақын бейнесі жас ұрпақтың жадында мәңгі қалады деп ойлаймын. Ендеше бейне роликке назар аударайық.

(ролик көрсетіледі)

Тілім!

Аман өттің оқтан, оттан да,

Мейлі, мейлі,

Қарқылдасын көп қарға!

Осы Жиырма біріншіге

Сау жеттің!

Айналайын,

Сайра енді,

Тоқталма!

– деп туған тілінің ері мойынына кетіп қаншама қиындық, көп теперіш көрседе бүгінге жеткеніне қуанады. Әр тілде сөйлеп, пенделікке салынып, тілін ұмытып кетпей, керісінше өз тілін ұмытпауға, құрметтеуге шақырады. Оқтан да, оттанда өткен тілінің жаңа ғасырда өз желісінен жаңылмай, биік белестерден аса беруін тілейді.

Ендігі кезекті сайыскерлерімізге береміз.

Сайыстын қазылыр алқасымен таныс болайық: Мектеп директоры Аймагамбетов Х.С., тәрбие ісінің меңгерушісі – Уразбаева Д.Қ, кітапханашы Жардемова А.Ж.,орыс тілі пәнінің мұғалімі Амангалиева Г.К., қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі А.М.Тапенова.

Бірінші болып сайысымызды 5 сынып оқушыларын шақырамыз.

5 Сынын - Губашев Сиылхан «Аға ұрпақ»

Рахмет Аянат «Түз көркі»

Теміржанқызы Айшабибі

6 сынып - Рахметова Дана «Ақын мен табиғат»

Қайыржанова Ұлболсын «Жүрек»

Каримуллина Перизат «Өмір таңы»

7а сынып - Досқали Айша «Сәуір»

Кенжеғалиева Рауза «Көлеңке»

Шадиярова Аяжан «Жүрек»

8 сынып - Ғарифолла Арай «Туған ел»

Сғынова Ақжүніс «Айығу»

Ибат Айсана «Ақын халық»

9 сынып - Сарсенгазиева Гүлайназ «Кіндік қаным тамған жер»

Ибатов Әли «Көз жасы»

Сүйеуғали Ақ-баян «Осы біз»

10 сынып - Айтаханова Гүлфия «Ұрпақ жыры», «Ақжайығым»

Досқалиев Бекарыс «Бауырыма», «Комплимент»

Утемисова Аяулым «Туған жерді басып жүрсем», «Ұлы ұлттын ұлымын».

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.

Жұргізуші: Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Қайрат Жұмағалиев шығармаларымен, әсіресе, қазақ балаларына арналған туындыларымен ертеңгі күннің иелері балалар сусындап өссе, ұлттық болмыстан айрылмаудың бір жолы жатыр.

Әдебиет сүйер қауым әрдайым төл әдебиетінен, Қайрат Жұмағалиев сынды ана тілін ардақтаған көрнекті ақын шығармаларынан бойына қажет нәр алса, туған әдебиетіміз де гүлдене берер еді деген ой туады. Ғұмыр бойы құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен ата-анасын сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке үндеген ақынның жалынды жырлары жас ұрпақтың жадында мәңгіге қала бермек деп сенеміз. Келесі кездескенше аман-сау болыныздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз