Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мүмкіншілігі

Соңғы онжылдықта ақпараттық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттырмен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа ақпараттық технологиялар болып табылады. Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы  -  Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамсыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың ақпараттық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды еңгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030 » стратегиясында, Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген.

Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылған.

Мысалы, Ақпараттық технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың психологиялық негіздері В.В. Давыдов, Е.И.Машбиц еңбектерінде қарастырылған. Ақпараттық құралдырды қолданудың жалпы педагогикалық негіздері С.И. Архангельский, В.П. Беспалько, Н.Д. Хмель, В.М. Монахов, Г.В. Габай, В.В. Давыдов, В.Я. Ляудис , В.В Рубцовтардың т.б. ғалымдардың еңбектерінде жүйеленген.

Қазақтың көрнекті ағартушылары мен ойшылдары да балалардың қызығушылығы жөнінде ой-пікірлер айтып, бала тәрбиесінде қызығушылықтың маңызын атап көрсетті.

Баланың сабаққа деген қызығушылығын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта түседі.

Қазіргі уақытта осы аталған зерттеудің нәтижесінде «Қызығу» түсінігі, оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшелігі ашылған. Дегенмен, қазіргі оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар, бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми дейгейдің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді.

Мектеп оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері байқалады:
-    қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс–әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
-    білім алуға және оны меңгеруге тырысу;
-    танымдық іс әрекетте еріктің болуы;
-    бос уақытын пайдалана білу сипаты;
-    жаңаны білуге ұмтылысы,
-    мектепке және оқуға жағымды қатынасы.  

Бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық технологияны таңдау.
Оқушы әрекеті – білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық (немесе электронды оқулық) арқылы беріледі. Базалық білім мазмұнының дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылуы тиімді болмай отыр. Өйткені, оқытудың ақпараттық технологиясы оқушылардың оқу ақпараттырын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді. Бұл соңғы уақытта ақпарат ағымы интенсивтілігінің артуына байланысты, адам 1 секундта 10 миллион байт ақпарат алатындай күйге жетіп отыр. Ақпаратты қабылдаушы мен оны өңдеу, сақтау блоктары мен ақпарат ағымының өзі үлкен жүйені құрайды.

      
1 –сурет. Ақпараттық технология жағдайында оқушының оқу-танымдық әрекеті

Көріп тұрғанымыздай, сызба бойынша жүйенің кірісі, масымалдау каналы мен ұмыту немесе оны естен шығару рөлін атқаратын шығысы бар.
Бастауыш сынып оқушыларыныңи технологиялық білімін ақпараттық технология негізінде қалыптастыру жүйесінің құрамында мына компоненттерді қарастырамыз.
-    Мазмұндық (ақпараттық–компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалануға байланысты білім жүйесі);
-    Іс–әрекеттік (ақпараттық–компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалану іскерлігі және осы іскерліктер қалыптасып, дамитын іс–әрекет түрлерін пайдалану іскерлігі);
-    Технологиялық (ақпараттық – компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау үдерісін қажетті әдістер, құралдар және бағдарламалар жүйесі арқылы ұйымдастыру ерекшелігі);
Біз осының бәрін ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының технологиялық білімін ақпаратытқ технология негізінде қалыптастырудың моделін жасадық (2 сурет)

Осы орайда  бастауыш сынып мұғалімі бастауыш мектеп сабақтарының құрылымы мен атқаратын қызметін біліп, бұл салада болып жатқан жаңалықтар мен жаңа технологияларды қолдану әдістерімен қарулануы тиіс. Сонымен, мәселені теориялық тұрғыда зерттеу нәтижесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
1.    Танымдық қызығушылықты арттыру – жеке тұлға қызметтік парадигманы жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.
2.    Ақпараттық технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын дәл айқындау негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру – танымдық қызығушылықтың барлық компоненттерін қамтитын, бүтін жүйе құрайтын тиімді оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады.
3.    Ақпараттық технологияның көпфункционалды бағдарламалық- ақпараттық мүмкіндіктері: виртуальды лабараториялар, компютерлік бағдарламалық пакеттер, интернет жүйесі, мультимедия және т.б оқушының танымдық қызығушылығын арттырады, шығармашылық ізденіске баулиды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2.     Н.Ә.Назарбаеватың Қазақстан халқына жолдауы
3.    Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы
4.    Мұхамбетжанова С.Т. Мелдебекова М.Т Педагогтардың ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлықтарын қалыптастыру әдістемесі: Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 жыл

Алина Ботагоз Бейсетаевна
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылы
“Үштөбе жалпы орта белім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)” КММ


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар