Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Р дыбысы

ОҚО Шымкент қаласы

№103 жалпы орта мектебінің

Мұғалім-логопеді

Журабекова Гаухар Абдурахмановна

Сабақтың тақырыбы: Р дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде бекіту.

Сабақтың  мақсаты: Р дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, Р дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету.

Білімділік мақсаты: артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын, ауаны дұрыс бағыттуын қалыптастыру.     

Дамытушылық мақсаты: көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Р дыбысының профилі, кеспе әріптер, бейнелі суреттер, айна, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі.

    - Қазір жылдың қай мезгілі?

    - Қыс айларын ата?

    - Қазір қай ай?

    - Қаңтардың нешесі?

Р дыбысының артикуляциясы.

Р дыбысын айтқанда тілдің ұшы жоғары тістердің артында, ештеңеге тірелмейді. Тілдің шеті «кесе» тәрізді. Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді, тілдің шет жақтары азу тістерге тиіп тұрады. Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады. Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрғанда, тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

Р дыбысына мінездеме.

Р - дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

Артикуляциялық  жаттығулар:

Р дыбысын дұрыс, анық айту үшін сөйлеу мүшелеріне арналған жаттығулар орындаймыз.

«Тәтті тосап»

«Ат шауып келеді»

Тыныс алу жаттығулары:

«Кімнің көбелегі алысқа ұшады?»

Р-дыбысын буында, сөзде қайталаймыз:

Ра-ра-ра-қозыға жақсы қара.

Ры-ры-ры-жинап алдым тары.

Ар-ар-ар-далада қалың қар

Ыр-ыр-ыр-жаттап алдым жыр.

«Р дыбысын ұстап ал»  ойын.

а) Буындарда: та, па,ра, ро, пе ал, ар, со, ре, шу, су, ру.

ә) Сөздерде: кітап, парта, қалам, сызғыш, өшіргіш, дәптер, күнделік, қарындаш.

Затты суреттермен жұмыс:

 Ойын: «Суреттегі затты ата,орнын анықта».

- Суреттегі затты ата, р дыбысы басында келген суретті бірінші қатарға, арасында келген суретті екінші қатарға, соңында келген суретті үшінші қатарға жинаймыз.

Затты суреттер: қарбыз, раушан, зымыран, қар, теледидар, жапырақ, күрек, қасқыр, радио, парта, сиыр, шалбар, шатыр.

Сергіту сәті.

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

Ойын: «Не артық?»

1. а) анар, өрік, қияр, алмұрт.

    ә) жолбарыс, арыстан, сиыр, қасқыр.

2. а) дәптер, кітап, қарындаш, өшіргіш.

    ә) бүркіт, қарға, сауысқан, торғай.

Саусақ жаттығулары:

«Саусақтар сәлемдеседі»

Жаңылтпаштарды дұрыс қайтала:

Мұртты мұртын сүртті,

Мұрттыны біреу түртті.

 

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

 

Ақ шар бар,

Көк шар бар,

Көп шар бар,

Төрт шар бар.

ІІІ. Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Асем

Р га тилим келмейді. Куттай кезимде ауырып коп жыладым.соган асер етти.ал казир биреудин кызымын келинимен анамын али Р-га тилим келмейді

Пікір қалдырыңыз