Өлең, жыр, ақындар

Қонақтарды орналастыру

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Қонақ үй шаруашылығы пәні оқытушысы
Бахаева Нұрсила

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (Студенттердің сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық тренинг жүргізу)

II. "Ой қозғау" әдісі (өткен тақырыптарға сауал тастай отырып, өткенге шолу жасау).

А. 1.

1. Қонақжайлылық индустриясының негізгі сегменттері?
2. Тамақтанудың адам өміріндегі маңызы?
3. Қонақ үйдегі тамақтану қызметі?
4. Көңіл көтеру орындарының қонақ үйге қосатын үлесі?
5. Көңіл көтеру орындарына қандай орындар жатады?
6. Нөмірлерге қызмет көрсетудің маңызы?
7. Рекреациялық ресурстарға не жатады?
8. Қонақ үйдегі рекреациялық ресурстарға тоқталып өт.

А 2. «Әлемдегі ең ерекше 10 қонақ үй» ізденіс жұмыстарын қорғау

III. Жаңа сабақ.

Қонақтарды орналастыру

Жоспары:

1. Негізгі орналастыру орындары
2. Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы
3. Қонақтарды орналастыру қызметі
4. Қонақ үйдің негізгі қызмет түрлері

 

1. Негізгі орналастыру орындары

Туристерді орналастыру құралы кез – келген объект, яғни түнеу орны, сонымен қатар тамақтану, ойын – сауық болып табылады. БҰҰ ұсынысы бойынша орналастыру әдістерін 2 категорияға бөледі: ұжымдық және жеке.

Ұжымдық туристерді орналастыру әдістерінің құрамына қонақ үйлер және аналитикалық мекемелер, арнайы мекемелер және басқа да орналастыру орындары әдістері кіреді.

Негізгі қонақтарды орналастыру орындары:

 

2. Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы

Қабылдау қызметінің функциясы және орналастыру. Қабылдау қызметі және орналастыру қонақтардың қонақ үй жайлы ең бірінші әсер қалдыратын жағдайлары.

Қабылдау қызметі функцияларының негізгілері: қонақ үйдегі брондау, туристерді тіркеу, және орналастыру, әр түрлі ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отыру.

Көп қонақ үйлерде қабылдау қызметі жұмысшылары 24 сағат жұмыс істейді. Админстратор жұмысын бастамас бұрын, журналды бір рет көріп шығу керек. Бұл журналда смень кезіндегі жағдайлар, қонақтардың қалаулары т.б. жағдайлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыс алдын бос орындармен тәулікте келіп түскен арыздар туралы ақпараттармен танысуы керек. Сол талаптарды орындау арқылы қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Қонақ үй үшін де , қонақтар үшін де ең маңызды сәт. Қабылдау қызметін кемшіліксіз ұйымдастыру үшін мол тәжірибелі білікті менеджер қажет.

3. Қонақтарды орналастыру қызметі

Қонақтарды орналастыру қызметі клиент қонақ үй номерін брондаудан басталады. Брондау қызметі телефон және интернет арқылы жүзеге асады. Ол қонақ үйдің мүмкіндігіне байланысты жүзеге асады. Номерді брондауға арыз тастаған ұйымның міндетті түрде реквизиттері болуы керек, яғни ұйымның аты, мекен-жайы, телефоны, факс, банктегі шоттық номері.

Кез-келген жағдайда арыз келесі жағдайларда болу керек:

 - күн және номер категориясы;

 - қонақ үйде тұру уақыты;

 - келетін қонақтың фамилиясы;

 - төлем формасы (қолма – қол емес шот, ұйымның атынан)

Операциялық процестің келесі бөлімі – жайғастыру – кездесулерден, тіркеулерден, кілтті беру және нөмірге дейін апарып салудан тұрады.

Күтіп алудың екі түрі бар:

1) Аэропорттан немесе вокзалдан күтіп алу (алыс жер)

2) Қонақ үй алдында немесе вестибюлде (қонақ үй холы) күтіп алу (жақын жер).

Алыс жерден келген қонақтарды қарсы алу келген қонақтарды қонақ үймен таныстыруға, қызмет көрсету программасын құруға, қонақ үйдегі қызмет көрсету туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесуде брондау қызметін келіседі. Жоғарғы кластағы қонақ үйде қонақтарды алдымен сәлемімен бірге Швейцар күтіп алады. Ірі емес қонақ үйлерде қонақтар ең алдымен оларды сәлеммен күтіп алатын администраторға яғни қабылдау және орналастыру бөліміне келеді. Егер клиент қонақ үйге бірінші рет келіп тұрмаса, онда мейлінше администратордың атымен атаған дұрыс. Бұл оң әсер қалдырады.

Көп қонақ үйлердің ережесі бойынша, администратор отырмай, мінбеде тұрады. Бұл қасиет оның қонақтарға деген құрметін білдіреді.

Тіркеуге келген клиенттердің екі түрін ажаратады. Біріншісі, қонақ үйде орынды ертерек брондағандар, екіншісі, брондамағандар. Қонақ үйде клиенттерді орналастыру жөніндегі брондау қонақ үйде автоматталған болса, онда ол аз уақытты қамтиды.

Алдын – ала тапсырыс берген клиенттің брондау жөніндегі өтініші белгілі болады. Администратор өтініш нөмірін нақтылап, компьютерлік жүйеде модульдік және тіркеуден өткізеді.

4. Қонақ үйдің негізгі қызмет түрлері

 

1. Орналастыру қызметі:
- Күтіп алу және орналастыру қызметі;
- Номерлік фондтың эксплуатациялық қызметі;
- Брондау қызметі;
- Жоспарлау және ессептеу қызметі.
2. Тамақтандыру комбинаты:
- Фабрикада дайындау;
- Мейрамханалар;
- Кафе – барлар;
- Асханалар;
- Арнайы тамақтандыру орындары
3. Қосымша қызметтер:
- Экскурсиялық бюро;
- Бизнес және конгресс бойынша қызмет;
- Автотранспорт шаруашылығы;
- Тұрмыстық және медициналық қызмет;
- Басқа да қызмет түрлері.
4. Жеткізіп беру қызмет:
- Дене шынықтыру – сауықтыру комплекстері;
- Киноконцертті залдар;
- Радио және телевидение;
- Қызығушылығы бойынша клубтар;
- Басқа да қызмет түрлері.

IV. Операционалдық (шығармашылық) кезең:

 

2. Қонақ үй сервисінің бағдарламасымен танысу

V ?

 (студенттер белгілерді анықтайды)

2. Түсініктеме күнделігі (студенттер деңгейлік тапсырмалар орындайды).

 

Қызметшінің атауы

Атқаратын қызметі

Қонақүй мекемесіне қажетттілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Пікір талдау әдісі

Өндірістік жағдаят

Бір қонақ үй туралы толық ақпарат беремін, оның экономикалық жағдайы талданады немесе ондағы көрсетілетін қызмет туралы болсын. Жаңа тақырып түсіндіру барысында қолданғанда пайдалы деп ойлаймын. Өзімнің тәжірибемде жиі қолданамын. Мысалы, «қонақтарды орналастыру» деген тақырыпта қолдандым. Жұмысқа жақында орналастым, клиент келеді, қарсы аламыз, тіркейміз, нөмірге орналастырамыз, нөмірге қызмет көрсетеміз. Сөйтіп жүргенде қонақтың ұялы телефоны жоғалды. Мені кінәлап жатыр, өйткені мен ғана қызмет көрсеттім ол клиентке, бірақ мен көрген жоқпын телефонын. Не істеу керек? Сол кезде студенттер әртүрлі шешу жолдарын айтты. Бірі - клиентті сабырға шақырды, бірі – мен алған жоқпын деп ақталды, бірі – бейнебақылауды тексерді, бірі – іздеуге көмектесті және т.с.с. Барлық пікірді қосып, шешу жолын таптық. Қонақ ұялы телефонын жуыну бөлмесіне қалдырып кеткен екен.

2 жағдаят. Сіздің қонақ үй келісім шартқа отырған ӨзенМұнайГаз мекемесінің басшысы сізге қонақ болып келді. Жаз маусымы қонақтар өте көп. Номеріне кілтін беріп жібердіңіз. Бір кезде қонақ ашулы түрде сізге келіп бас салды. Себебі, сіз ол қонақты байқаусызда бос емес (қонағы бар) номерге жіберіп қойыпсыз. Қандай шара қолданасыз?

3 жағдаят. Сіздің менеджер ретінде алғашқы жұмыс күніңіз. Бір шетелдік отбасы келді. 3 баласы бар, 7 сағат жол жүрген. Олардың айтуы бойынша 1 ай бұрын 2 бөлмелі люкс номеріне брон жасаған. Дәлел ретінде толтырылған сауалнаманың көшірмесі бар. Ал, ол кісілер брон жасаған номерде қонақтар орналасқан. Брон жасаған қызметкер еңбек демалысына кеткен. Жолдан шаршаған қонақтар шу шығарды. Осы жағдайдан қалай шығасыз?

V. Сабақты бекіту (Студенттердің пікіріне қосыла отырып, сабақты тірек сызба арқылы қорытындылау)

VІ. Үйге тапсырма

Топтық тапсырма (Әрбір топ жеке кәсіпкер ретінде өзінің қонақ үйінің басқару жүйесін құрады)

VІІ. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз