Өлең, жыр, ақындар

Мен мейірімді баламын

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Орлы селосы «Балдырған» балабақшасы
Әдіскері Муханова Эльмира Куанышкалиевна

Мақсаты: Мейірімділік сезіміне баулу. Бір-біріне жақсылық жасауға, көмек беруге үйрету. Мейірімділік сезімін жақсы тілекпен, жақсы сөзбен жеткізуді үйрету, дағдыландыру.

Шаттық шеңбері: Қайырлы күн балалар!

             Шеңбер бойымен тұрайық жылы жүзбен,

             Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

             Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

             Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Жүргізуші: Балалар адамгершілік амандасудан басталады дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп апайлармен, бір-бірімізбен амандасып алайық. Қане бір бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен жолдайық.

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнаймыз

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлаймыз

Жүргізіуші: Д/о: «Жүрек ойыны»

Жүрек бірнеше бөліктерге қиылып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала қораптан адамның қасиеттерін анықтайтын сөзде жазылған түрлі бөліктер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешірімді, салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол, сыпайы соңынан осы бөліктерден үлкен бір жүрек құрастырлады.

Жүргізуші: Ойын: «Тыңда да айт»  

Мақсаты: Айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: металл қасықтар, доп, қағаз, кітап, суы бар стакан, кілт, домбыра, баян, кесе.

Ойын барысы: Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады. Ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді. Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспаптың дыбысын таниды.

Сергіту сәті:

Жүргізуші: Д/о: «Допты қағып ал»

Шарты: Балаларға лақтырылған допты қағып, алып тәрбиешінің қойған сұрағына жауап береді.

1. ит қалай дыбыстайды. (гав,гав,гав)

2. мысық қалай дыбыстайды. (мяу,мяу,мяу)

3. сиыр қалай дыбыстайды. (му,му,му)

4. қой қалай дыбыстайды. (бә,бә,бә)

5. маймыл қалай жүреді

6. аю қалаай жүреді.

7. түлкі қалай жүреді

8. қоян қалай жүреді.

Жүргізуші: Әң «Достар»

Рахмет балалар бәрінде жақсы қатыстыңдар. Осымен біздің «мен мейірімді баламын» атты тренингіміз аяқталды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар