Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілінің сөз байлығы туралы жалпы түсінік

Күні:  05.12.2015ж.

Пәні:  Қазақ тіл білімі  (Факультатив)

Тақырыбы: Қазақ тілінің сөз байлығы туралы жалпы түсінік.

Сабақтың  мақсаты: Білімділік:  Оқушылардың қазақ тілінің сөз байлығынан алған білімдерін пысықтай отырып, қосымша шығармашылық  жұмыстарын жүргізу арқылы бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың  ой-өрісін   жан-жақты жетілдіру, өз  бетімен  ізденіп  оқуға, сауатты  жазуға,  жүйелі  сөйлеуге  дағдыландыру.  Оқушының   тіл  байлығын   дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды   ұтымды  жауап  беруге,   талапты,  еңбекшіл,  ұжымшыл  болуға,  тәрбиелеу.  Отанды,  тілді  қадірлеуге, патриоттыққа    тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Дәстүрлі  сабақ.

Сабақтың  типі:  Пысықтау сабақ.

Сабақтың  көрнекілігі:  «Мақал–мәтел»,  «Жеті  қазына»,   «Шешендік  шиырлары»,  «Ел  аузынан»,  т.б.  қосымша  әдебиеттер,  қанатты  сөздер,   киіз  үй,  сандықша,   қоржын,  үлестірмелі  қағаздар,   жұлдызшалар.

Пән  аралық байланыс:  Әдебиет

Сабақтың  барысы:   І. Ұйымдастыру  кезеңі:

  1. Оқушылармен  сәлемдесу
  2. Оқушыларды  түгелдеу
  3. Зейінін  сабаққа аудару

    Абайдың  сөзімен  бастаймын

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау:

Қазақ  тілінің  сөз  байлығы  жайында  ізденіп,  жазып    келгендерін  қарап  шығыпамын

ІІІ.  Үй  тапсырмасын  бекіту:

Үш  қадамдық  сұхбат

  1. Хабар  жүргізушісі.
  2. Зерттеуші  ғалым.
  3. Газет  тілшісі.
  4. Жаңа  сабақ:

 Бейне баян  көрсету.

Сыныпты  алдын  ала  үш  топқа  бөліп  аламын 

  1. Ауыз  әдебиеті
  2. Би,  шешендер
  3. Ақын,  жазушылар
  4.  

Алдымен  қоржынды  слайдттан  көрсетіп,  ол  жайында  деректер  беріп аламын.   Қоржынның  ішіндегі  конверттерді  топ  мүшелері  алып,  топпен  бірге  жауап  береді.

1-конверт  

Мақал  мәтелді  аяқтап,  мағынасын  түсіндір.

Аз  сөз - алтын,  .............    (көп  сөз – күміс)

Ақыл   азбайды,   ..............  (білім  тозбайды)

Өнер – ағып  жатқан  бұлақ,

...................................  (Білім – жанып  жатқан шырақ)

Болар  елдін  баласы,  .............   (бірін-бірі  батырым  дейді)

Еңбек  етпесең,  елге  өкпелеме,

..............................................   (Егін  екпесең,  жерге  өкпелеме)

  1.  

Қай  ертегі  екенін  ата. Осы  сөз  кімнің  сөзі? Ертегіде  тағы  қандай  кейіпкерлер  бар?

«Е, шырағым,  жасым  сексенге келгенде  біреудің  қанын  жүктеп не  қылайын? Бір  сыр  бар  еді, оны  тәңірінің  өзі  ғана білетін  еді,  мен білетін  едім»

  1.  

Тұрмыс – салт    жырларына  мысал  келтіріңдер.

  •  

Бесік  жыры

Тұсау  кесер

2-тапсырма

Алдымен  сандықты  слайдттан  көрсетіп,  ол  жайында  деректер  беріп аламын.   Сандықшаның   ішіндегі   карточкаларды   топ  мүшелері  алып,   топпен  бірге  тапсырманы  орындайды.

1-карточка   Шешендік  сөзден біреуін   жатқа  айтып  беріңдер.

2-карточка   Өздерің  білетін  бір  шешендік  сөзді  айт.  Оның  мағынасын  түсіндір.

3-карточка   Қандай  би,  шешендерді  білесіңдер?  Олардың  қандай  шешендік  сөздері  бар?

3-тапсырма

Алдымен  киіз  үйді  слайдттан  көрсетіп,  ол  жайында  деректер  беріп аламын.   Киіз  үйден  тапсырмаларды    топ  мүшесі  алып,   топпен  бірге  жауабын  береді. 

1-тапсырма   

Ғылым  таппай мақтанба,

Орын  таппай  баптанба.

Құмарланып  шаттанба,

Ойнап  босқа  күлуге. 

Бұл  өлеңнің  авторы  кім?   Ол  жайында  не  білесің?

2-тапсырма

Ыбырай  Алынсарин  туралы  не  білесің?  Оның  бір  өлеңін  жатқа  айт.

 

3-тапсырма

Ер Төстік  жайында  не  айтар  едің?

V. «Шеңбер  бойымен  әңгімелеу»  ойыны

Ойынның  шарты:  барлық  оқушылар  шеңбер  бойымен  тұрады.  Араларында  бір  жүргізуші  сайланып  алады.  Жүргізуші  бүгінгі  өтілген  сабақ  бойынша  бір  тақырып   айтады.  Бұдан  әрі  сағат  тілінің  бағытымен  әр  ойыншы  бір-бір  сөзден  айта  береді.   Ойын  соңында  тақырыпқа  байланысты  мәтін  шығады.  

VІ.  Үйге  тапсырма:

Үйге   «Қазақ  тілінің  сөз  байлығы»  тақырыбында  ой  толғау  жазып  келу.

VІІ.  Бағалау:

Сабаққа  белсене  қатысқан   топты  анықтап,  оқушыларды  бағалаймын.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз