Өлең, жыр, ақындар

Әдемі орамал

ШҚО, Семей қаласы
КМҚК мектепке дейінгі «Балауса» шағын орталық
Тәрбиеші: Сейсапарова Асем Жанатовна

 

«Балдырған» орта тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бағдарлама тарауы: Аппликация

Тақырыбы: «Әдемі орамал»

Мақсаты: Ұлттық киім туралы түсініктерін қалыптастыру, жапсыруға арналған тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету; үшбұрыштың ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, кеңістік пен түстерді ажырата білу, көз мөлшерін дамыту. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлгі суреттер, көрнекілік суреттер, баяу әуен.

Билингвизм: орамал-полотенце

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе

1.Психология лық сәт.

Біз қандаймыз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдегенкүндейміз,
Ренжуді білмейміз.

 

 

Балалар бір-біріне тілектер айтады.

 

Іздену-

ұйымдастырушылық

 

 

 

2.1- Балалар, қараңдаршы, мына сандыққа қараңдаршы, оның ішінде не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік. Қараңдаршы оның ішінде  көптеген ұлттық ою-өрнектер бар екен.

-Балалар, оюдың қандай түрін білесіңдер?

-Қандай бұйымдарды ою-өрнекпен әшекейлеуге болады?

-Жақсы балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы, бұл біздің қазақ халқы екенімізді дәлелдейтін біз белгілерінің бірі –қазақ ұлттық ою-өрнектер. Оларды адамар өздерінің тұрмыста пайдаланатын, яғни ыдыс-аяқ, кілемше, көрпе-жастық, саймандарын, әшекейлерін және де үстеріндегі киімдерімен аяқ киімдерін безендіру үшін пайдаланған екен.

2.1-Мына үлгі сурет қараңдаршы.

-Орамалдың түр-түсі қандай?

-Көлемі қандай?

-Орамалды неден жасайды?

-Жақсы балалар, оны көптеген жолдармен әшекейлеуге болады. --Мысалы, біздің білетін ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлеуге болады.

-Өздерің атап айтқан қошқармүйіз, құсқанаты оюлармен орамалды әшекейлейік.

-Міне қошқармүйіз оюы, оның түсі қандай?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар не себепті бұл оюды қошқармүйіз деп атаған?

-Ия, өйткені оның пішіні қошқардың мүйізіне ұқсайды екен.

-Мен сендерге алдарына ақ қағаз, желім, қылқалам, сүлгі және оюларды таратып қойдым.

-Енді ақ қағазға алдымен қол орамалды жапсырып алайық, оның теріс жағына қылқаламмен желімді алып жағамыз, кейін оюды алып теріс жағына желім жағып, ақ қағаздағы орамал жиегіне  әдемілеп жапсырамыз.

2.3 Сергіту сәті.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары сапалы,
Желге ырғалып шайқалған.

2.4 -Балалар, жұмысқа кірісейік, жұмыс барысында таза әрі тиянақты жұмыс жасауға тырысамыз.

Қошқармүйіз, құстұмсық

 

Киімдерді, әшекейлерді, ыдыстарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сары

-төртбұрыш

-Бұлдан жасайды.

 

 

 

 

- Оюдың түсі қызыл

-Өйтені ою қошқардың мүйізіне ұқсайды екен.

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

Балалар жұмысқа белсене кіріседі.

 

Рефлексивті-

корригиялық

Д/о: «Мен білемін үйренемін»

- Балалар жасаған жұмыстанына талдау жасайық. Жинап алып, көрме ұйымдастырайық

Балалар жұмыстарын сипаттайды.

Болжамды нәтиже

Білу керек: оюдың түрлері мен олардың аттарын біледі; оларды қандай жағдайда пайдалануды;

Қалыптасқан әдет: қайшымен жұмыс жасау, желімдеу

Істей біледі: Үлгіге қарап, қиындылардан орамалды әшекейлей алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз