Өлең, жыр, ақындар

Мен сенің өміріңнің жалғасымын...

ҚР, Жамбыл облысы, Меркі ауданы
Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі
Смадилова Кенже Касымбековна

 

Мақсаты: Ата ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтықты нығайту, оқушыларды ата-аналарды сыйлауға, құрметтеуге үйрету;

Көрнекілігі: тақырыбы, плакатқа жазылған нақыл сөздер, интерактивті тақтада слайд көрсетіледі

Барысы.

жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Міне біз ғасырлар бойы қалыптасып бізге жеткен халқымыздың тарихын, тәлім-тәрбиесіне негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастыруды басты мақсат етіп «Асыл мұра» халықтың педагогика негізінде этнопедагогикалық сайыс кешіне жиналып отырмыз.

1. Өнерпаз отауы

2. Үлгілі отауы

3. Алғыр отауы

4. Шебер отауы

жүргізуші:

Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ – қазы алқаларын сайлайық,

Нақ отбасылар бүгін таңдап алуға, - деп қазылар алқасын сайлап алайық.

Жоспар

1. Таныстыру

2. Сыңарын тап (мақалды жалғастыру)

3. Жағдаяттан шығу

4. Сен білесің бе?

5. Отбасылық сұрақ жауаптар

6. Өнер сайысы (мәнерлеп оқу, ән, би, қол өнер)

7. Қорытынды.

Әділқазылар баға беруі.

жүргізуші:

Армысыздар, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата – баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру – парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер отбасылар,

Сәт те келіп қалғандай таныстыратын.

1 бөлім. (Отбасылар өз-өздерін таныстырады).

2 бөлім. Сыңарын тап (мақалды жалғастырады)

«Сөз асылы - мақал» деп қазақ атам бекер айтпаған. Ендеше біз сол мақалды қаншалықты біліеді екенбіз? Қазір мен мақалдың басын айтамын, сіздер аяқтайсздар.

Ата – аналарға:

1. Әдепті бала ата-анасын мақататар. (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

2. Ана сүтін ақтамағанды (ешкім мақтамайды).

3. Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без, (Шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).

Балаларға:

1. Жығылып жатып (сүрінгенге күлме).

2. Күлме досыңа ( келер басыңа).

3. Әдепті бала-арлы бала (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3 бөлім. Жағдаяттан шығу

Ата-аналарға:

1-жағдаят: Алақай, мен бес алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе? – деп сынып оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ күндер өте береді.  «Алақай, мен бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болды. Сіздің ойыңыз қандай?

2-жағдаят: Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе анасы: «Сенсіз де басым аурып тұр, мазамды алма» депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

Балаларға:

  1. Сен өте ассығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?
  2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп,өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің?
  3. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғага. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң есікті ешкімге ашпауға тапсырған. Сенің әрекетің?

4 бөлім. Сен білесің бе?

(Әр отбасы конвертті таңдап алып,ішінде қағазға жазылған сөзге анықтама береді).

- біреуге қымбат затыңды уақытша сақтай тұруға беру;

– бір үйге қалаған нәрсесін сұрай бару;

Сәлемдеме  - бір затты, т.б. нәрсені біреу арқылы беріп жіберу;

5 бөлім. Отбасылық сұрақ-жауаптар.

- Осы сұрақ ойланып, өз ойларыңызды ортаға саласыздар. Ал сіздер жауаптарыңыз дайын болғанша, отырған отбасылармен «Тақия тастам» ойынын ойнай тұрамыз. Музыка тоқтағанда тақия кімнің басында болса, сол кісі төмендегі сұрақтардың біріне жауап береді.

Сұрақтар.

1. Ұлттық ойындарды атаңыз.

2. Нанға байланысты қандай тиым сөздерді білесіз?

3. Ұлттық киімдерді атаңыз?

6 бөлім.  "Өнерлі отбасы"

(Отбасылар өз өнерлерін көрсетеді. Сайыста ән, жыр, өлең, би, мәнерлеп оқу, сықақ оқу)

7 бөлім. Қорытынды

(Әділқазылар алқасының баға беруі).


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз