Эссе және өлең-жыр байқауы

Әр мекенге саяхат

Тақырыбы: Әр мекенге саяхат
Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып,жорықтарға қатыстыртып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге,  халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға баулу.
Күтілетін нәтиже: Танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық, спорттық қызметтері оянады.
Түрі: топтық жарыс
Қолданылатын технология:  ақпараттық технология
Көрнекілігі: мультимедия, интерактивті тақта, карточкалық тапсырмалар
Жүру барысы:
Ұйымдастыру: 
Таратпа қағаздар беріледі.
Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу. Көкшетау, Астана, Түркістан, Мәскеу қалаларына байланысты сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын тауып, өз топтарына орналасады. 
Сұрақ.
- Балалар, неге біздер нақ осы 4 қана қаланы алып отырмыз?
(күтілетін жауаптар)
- Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан қай шаһар?
- Отырар, яғни, Түркістан қаласы жөнінде мағлұмат беріп өтеміз
Сонымен қатар әр қала бойынша халық саны жөнінде деректерді дәптерге түсіріп алады.
Түркістан тобы өз бейнероликтерін қорғайды.
- ...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өз елін шексіз мақтаныш тұтанын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі, осындай қала. Қай қала жөнінде айтылып тұр.
Астана тобы өз бейнероликтерін қорғайды.
- Арқаның ккербез сұлу - ..., «Қазақстанның Швейцариясы» атанған қала?
                                 
Көкшетау туралы мағлұмат.
Мәскеу өзені жөнінде паззл беремін. Өздері қаланы табады.
Мәскеу жөнінде өз бейнероликтерін қорғайды.
Қорытынды:
Әр топ өз бейнероликтерінің тартымдылығына, түсіндірулеріне байланысты критерийлер бойынша бағалап, «Ең үздік туристер тобы» атағына лайықталып марапатталады.
Әлемнің ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің  арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.          

Қосымша тапсырма: Ендігі кезекте баратын қаламыз – Ақтау қаласы жөнінде мағлұмат жинап келу

Дайындаған сынып жетекшісі: А. Т. Насамбаева 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз