Өлең, жыр, ақындар

Күнге қонаққа барамыз

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылы
«Спандияр Көбеев атындағы Ақсуат бастауыш мектебі»
Тәрбиеші: Атымтаева Айгүл Нұрланқызы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика білімдерін қалыптастыру.
Тақырыбы: Күнге қонаққа барамыз
Мақсаты: Қоршаған маңайда бір және көп ұқсас заттарды таба білуін дамыту (дөңгелек, шаршы, ұшбұрыш) геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жаңдандыру.
Билингвальдық компоненті: шаршы - квадрат, дөңгелек - круг, үшбұрыш - треугольник.
Іс-әрекет кезеңі:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жылылық сезімді білдіреміз.
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Отбасымыз аман болсын!
Балабақша жайнай берсін!
Ұйымдастырушылық ізденіс:
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінің үш айы бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Ағаштар бүршік атады, жәндіктер оянады.
- Балалар бүгін біз күнге қонаққа барамыз.
- Балалар кәне бәріміз көзімізді жұмамыз: 1,2,3 енді ашамыз.
- Балалар біз кімге қонаққа келдік? 
- Біз күнге қонаққа келдік.
- Балалардың алдына күн шығады, амандасады.
- Балалар менің қасыма келіп жақындамандар, мен күн мен жылылықты білдіремін.
- Ия өйткені қазір көктем мезгілі, сіз жылылықты жібердіңіз, ауа райы жылынды, қар еріп қалып, суға айналды.
- Дұрыс айтасындар, біледі екенсіңдер, ал ендеше айтындаршы мен қай геометриялық   пішінге ұқсаймын?
- Дөңгелек пішінге ұқсайсыз.
Жақсы ал жердегі өсіп тұрған шырша қандай пішіндерге ұқсайды?
Олар үшбұрыш пішіндерге ұқсайды.
Үлкен қабат үйлер қандай пішіндерге ұқсайды?
Шаршыға.
Тамаша біледі екенсіңлер.
Балалар айтындаршы мен көппін ба, әлде жалғызбын ба?
Сіз біреу ғана.
Тамаша, ал сендер ше?
Біз көппіз.
Тәрбмеші: балалар біздің уақытымыз аз, топқа оралу керек күн мен қоштасамыз.
Көзімізді жұмамыз 1,2,3 көзімізді ашамыз, топтамыз.
Рефлекстік түзету:
Балалар, біз қайда бардық?
Күнге.
Күн бізге не берді, күн шықса біз нені сеземіз?
Күн бізге жылылықты білдіреді, ауа райы жылы жылынады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қоршаған маңайда бір және көп ұқсас заттарды таба білу.
Болу: Балалардың толық жауаптары.
Қолдану: көрнекі құралдар.
 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер