Ян Амос Коменский

Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский — неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы.


Нақыл сөздері

Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.

Ілмектер: Жақсылық, мектеп, бақыт Ян Амос Коменский

Қызметтің пайдалы болуы уақытты ұтымды қолданудан.

Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді.

Ілмектер: жомарт, дана, даналық, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Білім шынайы, толық, анық, мықты болуы тиіс.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.

Ілмектер: мұғалім Ян Амос Коменский

Адамның бойындағы бұлжымас баянды нәрсе — өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.

Ілмектер: адам, жастық Ян Амос Коменский

Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.

Ілмектер: мақтаншақтық Ян Амос Коменский

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.

Ілмектер: әке, тәрбие, мектеп Ян Амос Коменский


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)