Өлең, жыр, ақындар

Бапан би

Бапан Тұраналыұлы (1755, Ақмола облысы Ерейментау — 1849, сонда) — би, шешен, ақын, рубасы. Қанжығалы Бөгенбай батырдың немересі. Әкесі Абылай хан ордасындағы медреседе оқыған, білімді би болған. Замандастарының (Байсерке) айтуынша, Бапан би “өзгеше жаралған адам” аталып, парасаттылығымен жұртын аузына қаратқан. Елдіктің, ұлт бірлігінің жаршысы бола жүріп, ел арасындағы дау-дамайды дұрыс шеше білген ол екі жақты да әділдікпен бітістіріп отырған. Бір жылы Ташкент бегінің қолына түсіп қалған қандастарын тілінің өткірлігімен тұтқыннан азат етеді. Қоржынкөл өңірін орыстарға бермек болған Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығына мойынсынбай, атамекенін сақтап қалады. Сарыарқада Бапан бидің нақыл өлеңдері, толғау-жырлары, билік сөздері көп тараған. Оның өсиет-ғақлияларында байырғы бабалар сөздерімен үндестік сақталған.


Қарап көріңіз