Эссе және өлең-жыр байқауы

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов[1] (1900, бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі -1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі.

Ілмектер: жастық шақ Сәбит Мұқанов

Еңбекті дұшпан санаған адамда өмірі мейірім жоқ.

Ілмектер: еңбек, мейірім Сәбит Мұқанов

«Жүрек» деген жұдырықтай кесек ет,
Сүйген, күйген сезім – қанын еселеп,
Жинай берсе, талай теңіз жасалып,
Талай кеме айдындарын кешер еді.

Ілмектер: жүрек, сезім Сәбит Мұқанов

Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сиыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да риза болып, шыдайды. Сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді.

Ілмектер: махаббат, жүрек, адал Сәбит Мұқанов

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Ілмектер: мұғалім, ат, еңбек, маман Сәбит Мұқанов

Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе!

Ілмектер: жақсылық, әдептілік Сәбит Мұқанов

Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.

Ілмектер: туған тіл, бала Сәбит Мұқанов

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені

Ілмектер: сөз, халық Сәбит Мұқанов