Эссе және өлең-жыр байқауы

Сағат Әшімбаев

Сағатхан Әшібайұлы Әшімбаев (1 мамыр 1947 жыл, Райымбек ауданы, Алматы облысы - 26.08.1991, Алматы) - әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері.

1970 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Баспасөз бетіне оның алғашқы тырнақалды мақалалары 1966—1967 жылдары аудандық «Советтік шекара», облыстық «Жетісу» газеттерінде жариялайды.


Нақыл сөздері

Театр - күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер.

Ілмектер: театр, өнер, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Өнер туындысы - өмірді түсінудің кілті.

Ілмектер: өнер, өмір, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Образдылық әлем поэзиясына тон қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады.

Ілмектер: өлең, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Өлең оқу үшін де өре керек.

Ілмектер: өлең, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

Ілмектер: өлең, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы.

Ілмектер: өлең, ой, сезім Сағат Әшімбаев