Эссе және өлең-жыр байқауы

Пациенттерді қауіпсіз жылжыту кезіндегі мейіргердің рөлі. Пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға арналған технологияларды қолдану

Қызылорда медициналық жоғары колледжі
оқытушы Базарғалиқызы Айжан

Жоспар:

І. Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

ІІ. Негізгі бөлім

1. Пациенттерді қауіпсіз жылжыту кезіндегі мейіргердің рөлі.

2. Биомеханика ережелері.

3. Пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға арналған технологияларды қолдану.

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Қазіргі өндірістің күннен-күнге автоматтандырылуы жедел қарқынмен арта  бастады,осыған сәйкес енді адамға әрі басқарушы, әрі орындаушы болу міндеті жүктеліп отыр. Адамның психо-физиологиялық мүмкіндіктерін және дене өлшемі сипаттарын, еңбек жағдайларын, жұмыс сипатын кешенді ескеретін операторшы адамның жұмыс орнын ұйымдастыру маңызды болып табылады. "Қауіпсіз ауруханалық орта" – бұл пациент пен медициналық қызметкерге өзінің барлық өмірлік қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жайлылық пен қауіпсіздік жағдайларын неғұрлым толық мөлшерде қамтамасыз ететін орта. Қауіпсіз ауруханалық ортаны жасау медициналық қызметкерлер үшін өзекті және бір мезгілде күрделі міндет болып табылады. Қауіпсіз орта емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыстың ерекше жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс, олар инфекциялық жұқтырулардың, жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар туындауының жоқ болуына кепілдік береді. Кейде медициналық қызметкер өзінің кәсіптік міндеттерін орындау кезінде өзіне залал келтіретіндей әрекет ететін жағдайлар пайда болады. Мейіргерлерге пациенттердің орнын ауыстыруға, ауыр жабдықтарды жылжытуға, төтенше жағдайларда ауырлықты тасымалдауға, ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі кейіпте болуға тура келеді.Қолайсыз факторлардың бұлай әсер етуі тірек-қимыл  аппаратының ауруларына әкеледі.

Арнаулы жабдықтарды сатып алу, кабинеттер мен пациенттер палаталарын бейімделген жиһазбен жарақтандыру жарақаттанудың туындау тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Денсаулық сақтауда эргономика мен биомеханика саласындағы білім маңызды рөл атқарады. Егер медициналық қызметкер өзін қалай қорғауды білмесе, онда оның өз денсаулығына залал келуі сөзсіз. Осыған байланысты персонал үшін еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V (06.04.2016 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен) Еңбек кодексінің нормаларына, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы "Адамға әсер ететін физикалық факторларға гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" № 169 бұйрығымен регламенттелетін гигиеналық нормаларға сәйкес келуі тиіс.

Тақырыптың өзектілігі: мейіргер денсаулығына шамадан тыс, кері әсерін тигізетін факторлардың көбеюі және ол өз кезегінде кәсіби аурулардың дамуына әкеліп, еңбекке жарамсыздық туғызады.Екінші жағынан пациенттің денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Ол негізгі ауруына қосымша аурулардың туындауына әкеліп, ем тиімділігін төмендетеді, ауруханада жату мерзімін ұзартады, экономикалық шығынды арттырады.

Мақсаты: Пациенттерді орнынан  жылжыту,тасымалдау кезінде пациенттің  және мейіргердің қауіпсіздігін арттыруға арналған заманауи эргономикалық құралдардың тәжірибеде қолданылу тиімділігімен танысу

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Пациенттерді қауіпсіз жылжыту кезіндегі мейіргердің рөлі.

2.2. Пациент пен медициналық қызметкерге өзінің барлық өмірлік қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жайлылық пен қауіпсіздік жағдайларын неғұрлым толық мөлшерде қамтамасыз ететін орта. Қауіпсіз ауруханалық ортаны жасау медициналық қызметкерлер үшін өзекті және бір мезгілде күрделі міндет болып табылады. Қауіпсіз орта емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыстың ерекше жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс, олар инфекциялық жұқтырулардың, жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар туындауының жоқ болуына кепілдік береді. Кейде медициналық қызметкер өзінің кәсіптік міндеттерін орындау кезінде өзіне залал келтіретіндей әрекет ететін жағдайлар пайда болады.Мейіргерлерге пациенттердің орнын ауыстыруға, ауыр жабдықтарды жылжытуға, төтенше жағдайларда ауырлықты тасымалдауға, ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі кейіпте болуға тура келеді.Қолайсыз факторлардың бұлай әсер етуі тірек-қимыл  аппаратының ауруларына әкеледі. 

Биомеханика туралы түсінік

Медициналық эргономиканың бір бөлімі ол биомеханика. Медицинада биомеханика сүйек – бұлшық еттік координацияға түсетін күш, жүйке жүйесінде және вестибулярлы аппаратқа, дененің физиологиялық қалыптағы тыныштық күйде және қозғалыстағы тепе – теңдікті сақтауды оқытады. Мейіргер өз денсаулығын сақтау үшін биомеханика ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Биомеханиканың негізгі ережелері

Ереже №1. Тепе – теңдік тұрақты болады, егер тірек аумағын көбейтсек. Өкшелердің арақашықтығы 30 см – ден кем болмауы керек.

Ереже №2. Тепе – теңдік тұрақты болады, егер ауырлықты тірек аумағына  түсірсек. Оны отыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Ереже №3. Арқаны тік ұстау мейірбикенің омыртқа жотасын зақымдануынан сақтайды.

Ереже №4. Денемен толық бұрылу омыртқа жотасының таюының алдын алады реже №5. Отырған қалыпта биомеханика ережелерін сақтау: орындық арқалығына жауырындар тиіп тұратындай отыру, бел омыртқа тұсына міндетті түрде матадан жасалған валик бекіту, орындықтың биіктігін тізе буындарының деңгейіне сәйкестеп қою.

Ереже №6. Түрегеп тұрған қалыпта: арқаны тік ұстау, қандай жұмыс болсада кеудені және басты төмен ұстамау. Арқадағы ауырсынуды болдырмас үшін аяқ астына орындық қою.

Ереже №7. Жатқан калыпта: төсек үсті тегіс және жартылай жұмсақ болуы керек. Бел омыртқа тұсына оралған сүлгі қою. Егер бір қырындап жатса, тізе арасына жастықша қою.

Ереже №8. Ауыр көтеру кезіндегі ереже: алға қарай еңкеймеу. Ешқашан ауыр заттарды иықтан жоғары көтермеу. Ауыр заттарды тасымалдау және көтеру кезінде бұрылмау және еңкеймеу керек.

Эргономика (гр. ергон – жұмыс, номос – заң) – еңбек құралдары мен процестерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатын зерделейтін ғылыми пән. Эргономикалық талаптар:

1. Биофизикалық үйлесімділік – талап етілетін күш-жігер, қуат, әрекеттің жылдамдығы, дәлдігі, бір-біріне сай келуі;

2. Антропометрикалық үйлесімділік – адамның антропологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау;

3. Техникалық-эстетикалық үйлесімділік – құрылғының тартымдылығын қамтамасыз ету.

Берілген талаптарға сай келетін эргономикалық көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді, еңбектің мазмұнын байытып, өнімділігін арттыруға, адамның күш-қуатын, денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға сепігін тигізеді.

Эргономиалық құралдардың түрлері

Қазіргі заманғы медициналық өндіріс құралдардың мынадай түрлерін шығаруда:

1. Пациенттерде көтеруге арналған эргономикалық құралдар

2. Физикалық мүмкіндіктері шектелген пациенттердің өз бетінше жүруіне арналған эргономикалық құралдар

Эргономикалық құралдарды пайдалану мейіргерге жұмыс барысында жүктемені азайтуға, омыртқаға салмақ түсуден қорғауға, остеохондроз даму қауіпін төмендетуге көмектеседі.

3. Пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға арналған технологияларды қолдану.

1. Екі жақты сырғанағыш жайма MaxiSlide Шектен тыс күш түсуден қорғайды. Пациенттің төсектегі қалпын өзгертуде өте тиімді. 

2. Максислайд екі жақты сырғанағыш жайма. Минислайд кіші көлемді екі жақты сырғанағыш жайма.

3. Ұстап тұрғыш белдемше Бел аймағының көлеміне байланысты үлкен, орташа, кіші болып бөлінеді. Пациенттерді тасымалдап, қозғалту барысында мейіргерге күш түсірмеуге тиімді. 4 ұстағышпен жабдықталған эргономикалық құрал.

4. Эргономикалық зембілдер FLEXIMOVE Пациенттерді жедел жәрдем жағдайында тасымалдауда қолданлады. Эргономикалық зембілдер ауыр салмақтағы пациенттерді тасымалдада тиімді. 

5. Флекси –диск

6. Тасымалдауға арналған тақта ONLY SEBA 

7. Белдемше  (FLEXIGRIP) - пациентті төсектен тұрғызуға арналған.

8. КӨТЕРГІШ (ГАМАКПЕН) Пациентті гамак арқылы төсектен көтеріп алып, қажетті аймаққа тасымалдау.

9.  ЖҮРІС АРБАСЫ Пациенттердің өз бетінше қозғалуына мүмкіндік береді.

2.3. Пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға арналған технологияларды қолдану тәжірибесімен танысу

Зерттеу мақсатына жету үшін  «Талсуат мүгедектерге арналған оңалту орталығындағы»  жұмыспен таныстым. Оңалту орталығында қызмет алушыларды денсаулық жағдайына қарай тасымалдаудың заманауи эргономикалық құралдарымен жұмыс жасау барысын бақыладым.

Орталықта:

1. Пациентті төсектен тұрғызуға арналған белдемше (FLEXIGRIP);

2. Пациентті гамак арқылы төсектен көтеріп алып, қажетті аймаққа тасымалдауға арналған көтергіш (гамакпен);

3. Төрт тағанды жүріс арбасы

4. Мүгедектер креслосы қолданысқа енгізілген

Орталықтағы қызмет көрсетушілердің  құралдарды қолдану сауаттылығын анықтау мақсатында 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі қызмет көрсетушілердің барлығының да құралдарды қолдану бойынша білімдерінің және коммуникативті дағдыларының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Қорытынды.

Зерттеу нәтижесімен «Талсуат мүгедектерге арналған оңалту орталығындағы»  қызмет алушыларға    қауіпсіз орта құру жұмысының өз деңгейінде жүргізілетіндігі анықталды. Қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер тасымалдау алгоритмін толық меңгерген. Аталған оң нәтижені күнделікті үйрету процедураларының жүргізілуімен түсіндірді. Қызмет көрсетушілердің коммуникативті дағдылары талапқа сәйкес келеді.  

Эргономика мен биомеханиканы білу пациент пен мейіргердің тең дәрежеде дене жарақаттарының алдын алуға көп пайдасын тигізеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...