Эссе және өлең-жыр байқауы

Қалай қымбатқа түспей-ақ теріні әдемі етуге болады

Өмір салтыңыздағы аздаған өзгеріс теріңізді сау қылып әрі жайнатып жібереді.  

Көбімізге қыртыстана бастаған және әрсіз тері проблемасы таныс. Немесе одан да жаманы — ең керексіз кезде (сұхбаттасу, кездесу немесе фотосессия алдында) шыға келетін сүйкімсіз безеу. Фотосессияның жарасы жеңіл: кейін суреттерді фоторедактор жөндеп береді. Ал бұндай жағымсыз жай кездесудің шырқын бұзып жіберуі мүмкін.  

Ең сорақысы сол, 13 жастағы кезіңізде сіз бұның бәрі үлкейе келе кетеді деп ойлайсыз. Бірақ бұл проблема адамдардың көпшілігінің артынан олар қартайғанша қалмайды, тіпті арта түседі.

Тағы бір жаман жері — беттің бозарып кетуі. Мұндайда әйелдерге оңай, олар бәрін тональдық құралдар арқылы кетіре салады. Бірақ мұндай мүмкіндік болмаған кезде не істеу керек? Мысалы: жағажайда (ол жерге де кейбір сылқым қыздар мұқият жасалған макияж жасап алған соң ғана барады). Қорғаныс қабатының бүтіндігіне алаңдататыны аз болғандай, ол бетте үлдір тұрғандай жаман әсер береді...  

Жаман теріге бола уайымдамай, рахатқа бөленіп өмір сүргіміз келеді емес пе.   

Бұлай болуы үшін зейнетке шығуды күту міндетті емес. Шырайлы, тегіс және жарқын жүзді терінің иесі болу үшін оңай жолдары бар.  

1. Қант жеуден аулақ болыңыз

Немесе оны пайдалануды мейліше азайтыңыз. Біз тәтті нәрсені жеген кезде қанымызға глюкоза көбірек бара бастайды. Өте көп. Сол глюкозаны қанға тасымалдау үшін организміміз жауап ретінде инсулинді бөле бастайды. Тәттіні көп жеген сайын инсулин көбейе береді.  

Инсулиннің жоғары деңгейі тестостерон деңгейін арттырады да, бұл өз кезегінде, терідегі ұсақ тесіктерді бітеп тастайтын және бактерияларды өзіне тартатын заттектердің бөлінуіне себеп болады. Бұның бәрі акне (безеудің қаптауы) пайда болуына апарып соғады.   

Зейін салыңыз: тәттілерге аспартам тақылеттес қант орнына қолданылатын заттар да жатады. Өйткені оның құрамында қант және калориялар болмағанымен, олардың тәтті дәміне организмнің реакциясы кәдімгі қант жегендегідей болып, инсулин шығара бастайды.

Оқуға кеңес береміз:

Қатерлі ісікті арттыратын азықтар

Шекер туралы улы ақиқат

2. Таза суды көбірек ішіңіз

Иә, тағы да иә. Оп-оңай. Қаншаға шамаңыз келсе, сонша мөлшерде су ішіңіз. Ең дұрысы, күніне кемінде 2 литр ішіп тұрыңыз. Кей кісілер соншалықты мөлшерде іше алмайды, бірақ бұрын күні бойы кофеге қанып жүретін адам 1 литр ішіп тұрса — бұл да жақсы. Сіз біртіндеп көп су ішіп жүруге дағдыланып кетесіз. Бастысы — қалау.  

Оқуға кеңес береміз:

Тәуліктік су қажеттілігі

Денсаулығыңыз мықты болу үшін қанша су ішу керек?

Суды неге көп ішу керек? Біріншіден, егер организмге ылғал жеткіліксіз болса, ол бар суды құрғақ терінің мұқтажын өтеуге жұмсамайды, ол алдымен теріден гөрі маңыздырақ функцияларды қамсыздандырады (мысалы, қалдықтарды организмнен шығару, зат алмасу үдерістері, денені салқындату, тағы сол сияқтылар). Сіз теріңізді ылғалдандыру үшін суперқымбат жақпамайды пайдалануыңызға болады, бірақ, егер су ішіп жүрмесеңіз, оның пайдасы жоқ.  

Жақпамайлардың көпшілігі тері жасушаларындағы ылғалды ұстап тұруға арналған. Ал ұстап тұратын ештеңе болмаса… Өзіңіз де түсінген шығарсыз.   

Екіншіден, барлық зат алмасу үдерістері су бар ортада жүреді. Оның ішінде терінің әдемі болуы үшін қажетті С дәрумені де өзі еруі үшін суды пайдаланады. Бұған қоса су қалдықтарды организмнен шығарып, тамақ қорытылуын жақсартады.  

Егер бетіңізге безеу шықса, бұл сіздің бүйрек, бауыр және тері секілді шығару жүйеңіз организміңіздегі өзіңіз мол қорын жасаған сапасыз тағамдардың мөлшерін еңсере алмай жатқанының нышаны. Оның ішінде дұрыс тамақтанбағандық та бар.   

3. Ішіп жүрген асыңызға жартылай даяр тағамдарды қоспаңыз

Сонымен қатар консерванттары, бояғыштары, қант орнына пайдаланылатындар және басқа химия өндірісінің жетістіктері бар азық-түліктен аулақ жүріңіз.  

Жоғарыда айтылып өткен «азықты» жақсы көретіндерді терісінің боп-боз болуы мен үстіне шыққан бөртпесінен тануға болады. Бұл организмнің ластануға деген реакциясы, ол туралы алдыңғы тармақта айтылды. Иә, бұның бәрін гормондарға жаба салуға болады. Бірақ гормондар жасөспірім уақытта ғана теріге әсер етеді. Ал 20-25 жастан асқан соң бұл енді гормондар емес (егер сіз розацея сықылды тері ауруына шалдықпасаңыз және шынымен гормондық фоныңыз дұрыс істемейтін болмаса). 

Оқуға кеңес береміз: 

Салауатты болып көрінетін 9 өнім

Тамақтану мәдениеті

Тамақтанудағы маңызды 10 кеңес

Сөз реті келгенде айта кетейік, гормондық фон дұрыс болмаса, оны да рационыңызды өзгертіп және дәрумен-минералдық кешендерді пайдаланып емдеп жазуға болады.   

Ересектерде болатын акне — бұл ішкен тамақ пен қоршаған орта әсерінің нәтижесі. Соңғысын өзгерту қиындау, бірақ ішетін астың қандай болмағы әркімнің өзіне байланысты. 

Оқуға кеңес береміз:

Үйлесімді және тиімді тамақтану

Ас мәзірінде болуға тиіс 8 түрлі керемет азық

Күніне үш жұмыртқа жесеңіз, денеңізде қандай өзгерістер болады?

Асқазан-ішек аурулары кезіндегі емдәм

Тағамдарды қалай дұрыс сақтау керек

4. Күнделікті С дәруменін ішіп жүріңіз

Не десек те, С дәрумені — өте пәрменді құрал. Бұл жасушаларды қорғайтын күшті антиоксидант. Оның үстіне ол терінің әдемілігіне ықпалы бар коллаген мен эластеннің синтезделуіне қатысады және әжімнің пайда болуының алдын алады.   

Ересек адамға (18 жастан бастап) тұтынуға кеңес берілетін тәуліктік мөлшер — 1–2 грамм. Бұл мөлшерді 2-3 бөліп, асқазанның мазасын ала бермеу үшін, тамақтан соң ішіп тұрған абзал.  

Оқуға кеңес береміз:

Цинга: С дәруменінің тапшылығы

Барлық дертке дауа - итмұрын

5. Темекі тартқанды қойыңыз

Бұл түнерген теріден гөрі өзіңіздің ажарлы теріңізбен жүрудің ең дұрыс жолдарының бірі. Адам темекі тартқан кезде оның жасушалары аштыққа ұшырайды, оларға оттегі жетпей қалады. Оның үстіне бұл жалпы денсаулыққа, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыратын көптеген проблемаларға апарып соғады.

Темекіні қойып кету үшін бұдан артық қандай себеп керек? Дәл қазір қойып кетіңіз! Сіз темекі алуға кететін ақшаңызды үнемдеп қана қоймайсыз, сондай-ақ косметологқа баратын шығындарыңызды да азайтасыз.

Оқуға кеңес береміз:

Темекінің миға беретін зияндары 

6. Сапасы жақсы майларды көбірек тұтыныңыз

Толып кетпеймін бе деп, көңіліңізге алаң ұялайтын шығар. Жоқ. Егер сіз тұтынып жүрген көміртектерді азайтсаңыз (қанттың өзін-ақ) және рационыңызға майларды қоссаңыз, салмағыңыз артып кетпейді. Керісінше, салмағыңыз азаюы мүмкін. Алайда, бұл басқа әңгіме. Майлардан қорқуды қойыңыз. Олар біздің денсаулығымыз бен сұлулығымыздың сақшылары.  

Майлар — біздің жасушаларымыз үшін қажетті құрылыс материалы, сонымен бірге олар омега-3 май қышқылдарының таптырмайтын қайнар көзі. Суықтай сығып алынған өсімдік майларын, жаңғақты жане пістені опыра жей беріңіз.   

Егер организмге майлар жетіспей жатса, теріңіз өте құрғақ болып кетеді. Майлар жасуша қабын қорғап тұрады. Олар оның құрамына кіреді. Егер майлар жеткіліксіз болса, жасуша өз деңгейінде жаңарып отыра алмай қалады. Бұл, өз кезегінде, беттің реңсіздігіне, сонымен қатар жара мен тыртықтардың ұзақ жазылмай қоюына апарып соғады.

Егер сіз осыншама уақыт майлардан қорқып, «неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы» деген қағидатпен жүрсеңіз, онда дәл қазір жағдайды түзеуді бастаңыз.  

Өсімдік майларын салаттарға қосыңыз. Және де жап-жақсы көкөніс порциясына бір шай қасық емес, екі ас қасықтан қосыңыз. Сосын жаңғақ пен пістені де ұмытып кетпеңіз.   

Бұған қоса балық майын алып, оны үзбей тұтыныңыз.  

Оқуға кеңес береміз:

Зығыр майының пайдасын білесіз бе?

7. Қызылды-жасылды жидектерді, көкөніс пен жемісті көбірек жеңіз

Олардың құрамында антиоксиданттар көп.  

Бұл ретте дастарханыңыздағы палитра неғұрлым әр-алуан болса, соғұрлым жақсы. Әр түс  — бұл антиоксиданттардың әр типі және әртүрлі заттек. Антиоксиданттар еркін радикалдардың ерте әжім түсіретін (кеш түсіретін де) теріні зақымдауынан қорғайды.  

Жылдың суық мезгілінде мұздатылған жидектер мен жемістерді ойдағыдай пайдалануға болады. Оларды пайдаланудың ең дұрыс тәсілі — олардан барлық түстегі және барлық түрдегі смузи (блендерде әр түрлі жеміс-жидек-көкөністі араластырып жасайтын қою, өте пайдалы сусын) жасау.  

Оқуға кеңес береміз:

Жиде және оның пайдасы

Грейпфрут және оның пайдасы

Жеміс-жидек және көкөніс

Шие және оның пайдалары

Шабдалы және оның пайдалары

Лимон және оның пайдасы

Үйдегі косметика

8. Графигіңізге кардиожаттығуларды енгізіңіз

Бет терісін үнемі жасалатын кардиожаттығулардан артық жақсартатын ештеңе жоқ. Біріншіден, біз терлейміз де, бұл денеміздегі токсиндерді шығарып отыруға септігін тигізеді. Бетімізді реңсіз ететін сол токсиндер ғой.  Екіншіден, кардиожаттығулар жүректі шынықтырып, бұл ұзақ жасауымызға ғана сеп болып қоймай, сонымен қатар қан айналымын жақсартады. Қан айналымы жақсы болып тұрмаса, беттің шырайы кіруі қиын.  

Оқуға кеңес береміз:

Ұйықтар алдында спортпен айналысуға болады ма?

Жүзу спорты және пайдасы

Сіздердің уақыттарыңыз жоқ шығар. Дегенмен, ниет қылсаңыз, жаттығу жасауға күн сайын 20-30 минут табу оп-оңай екеніне таң-тамаша боласыз. Бастысы — алғашқы нәтижелерді көру.  

Жаттығуға 20 минутты қайдан табуға болады? Мысалы, әлеуметтік желілерде жазған посттарыңызға басылған лайктарды тексеруді сәл сиретіңіз.  

Ал электронды түрдегі қандай да бір құжатты немесе кітапты оқыған кезде «Мазаламау» режимін қойып қойыңыз. Осылай қылсаңыз, көңіліңіз алаңдамай оқисыз, яғни қажетті материалмен тезірек танысып шығасыз. Ал неше түрлі хабарламаларға жауапты беру ешқайда қашпайды, артынан үлгересіз.   

Қолданып көріңіз. Оңды нәтижесін ұзақ күтпейсіз.

Оқуға кеңес береміз:

Терінің қартаюын баяулататын коллаген қосылған 10 өнім

Шынтақтағы тері неге құрғақтанады және бұлай болмауы үшін не істеу керек

Тері үшін пайдалы өсімдіктер

Заттар алмасуы

Атопиялық дерматит

Дерматит

Тері обыры

Экзема


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (4)

Іңкəр

Қимыл, дұрыс тағам, демалу, таза ауа, нерв тыныштығы барлығы теріге де денсаулыққа да пайдалы

Булбул

Қандай жағдай болсадағы бәрі жақсы деп жүру керек(бәрі көңіл күйге байланысты

Булбул

Бәрі (нерв.)

Булбул

Менің жасым 52-де.бірақ түрімде әжім жоқ. Эколгический таза тамақ (жылқы еті, қымыз, айран,су,нан жемеймін неге өзімде білмеймін, таза сары май(сиырдың) қымбат болсада,ұйқы (жер сілкінген кездеде(4-5 балау деймін) ешкім тұрғыза алмаған ғой сосын мені тастап өздері қашқан, қайтып келгенде әлі ұйықтап жаткамын ғой. Ұсақ туйекке мән бермеймін осектей берсін, куле берсін маған бәрібір. Сосын қара кір сабынмен ғана жуынамын.

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...