Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Терминдерді таңдағанда басшылықтың беделі басым болып кетеді - Шерубай Құрманбайұлы

Профессор Шерубай Құрманбайұлы терминдердің ұтымды нұсқасын таңдағанда адами факторға жол бермеуге үндеді.

Ғалымның айтуынша, бүгінде ғылыми тұрғыда ұтымды әрі сәтті аударылған терминдерді сұрыптау жұмысы дұрыс жолға қойылмаған.

«Жақсы терминдер жасалады. Сала мамандары ізденеді. Өздерінің мақаласында жазады, сөздігіне, оқу құралына енгізеді. Бірақ соларды жинақтап, сұрыптау, сала маманының ұсынған он баламасының ішінен ең ұтымды жағын таңдап алу жолға қойылмаған. Ашығын айту керек, кейде жеке адамның факторы да әсер етеді. Егер аға буын ғалым өкілі болса, соның айтқан сөзі, немесе мемлекеттік құрылым болса, сол жерде отырған лауазымды басшының беделі мен салмағына басымдық беріледі де, лингвистикалық фактор, норма, тілдік талап, терминнің ұтымды жасалғандығы, көңілге қонымдылығы сияқты факторлар екінші планға ысырылып кетеді. Біз кәсіби тұрғыда қарауымыз қажет. Бұл жерде ғылыми этика мен ғылыми мәдениет мәселесі бар», - деді Ш.Құрманбайұлы ҚР Парламент Мәжілісінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (2)

Нұрым

Өтірік мақтау мен жағымпаздану жойылғанда қазақстан дами бастайды

АйНұрбол

Нұрым, жалпы өтірік пен жасанды дүние азайғанда барық нәрсе өзгереді

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...