Өлең, жыр, ақындар

Мемлекет Назарбаев университетін алдағы үш жыл бойы қаржыландырады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетіне бөлінетін қаржыға білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіретінін мәлім етті.

Мемлекет Назарбаев университетін алдағы үш жыл бойы қаржыландырады

«Назарбаев университетіне өткен жылдағыдай шамамен 42 млрд теңге қаржы бөлеміз. Алдағы 3 жылда университетке қолдау көрсететін боламыз. Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді. Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ», — деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр алдағы 3 жыл бойы бөлінетін қаржының бюджетте бекітілгенін айтты.

Еске салсақ, былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев университетін қаржыландыру көлемі жылдан-жылға азайып келе жатқанын хабарлаған еді.

«2020 жылы Назарбаев университетін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 55 243 246,6 мың теңге, 2021 жылы — 57 384 102,2 мың теңге, 2022 жылы — 45 038 666,7 мың теңге, ал 2023 жылы — 42 571 878,8 мың теңге бөлінді. Соңғы екі жылда қаржыландыру сомасы өткен жылдармен салыстырғанда азайды», — деп жауап берді министрлік.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Аяна

Онайлау мукагали макатаевтин олендерин шыгару

Нони

Олемпиадага сурактар шыгару

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз