Өлең, жыр, ақындар

Рухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы керек уақытында ұсынылды. Казіргі біздің тарихи даму кезінде бұрын-соңды болмағандай өзіміздің тарихымызды білуіміз қажет. Әсіресе қазіргі замандағы жастарға. Бағдарламалар көп болғанымен, олардың біреуіде «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен салыстыруға келмейді. Сол бағдарламаның ерекшелігі, үлкен іске ортақтастық. Әр адам өзінің үлесін қоса алады. Ол біреуге көмектесіп, әлеуметтік бағдарламаларда, қолдаушылықта және тағыда басқа қоғамдық жұмыстарға қатысудан басталады. Соған қатысты көптеген мысалдар бар. Адамдар адал ниетті жекеше бастамадан бастап, жастар өзінің рухани жаңғырғаның көрсетеді.

Жаңғыру дегеніміз- даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отрады. Онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенеді жаңғыруларды қабылдайды.

Рухани жаңғыру дегеніміз мемлекет қаржысына уәлаят аралап, шетел аралап бой жазып, көзге түсіп көңіл көтеріп қайту емес деп отырған себебіміз де осы. Тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы қаны мен терін қоса төккен қазақ халқы тек қарнымыз тоқтығына мәз болып ұрандата берейік деген жоқ. Қазақ ұрпағымыздың ұлттық рухы, ұлттық тілі, ділі ең болмаса өз елінде әуелеп тұрсын деп, рухымыз азат, өзгелермен тереземіз тең ел болсақ деп аңсап еді ғой! ... Рухани жаңғыру – діні бөлек, тілі бөлек, салт-дәстүрі бөлек, бай елдерге еліктеу емес. Әттең, қазақ билігіндегілер осыны да түсінгісі келмейтін сияқты. Олар аузын ашса «Еуропада өйтеді, Ресейде бүйтеді» деген сияқты есірме ермеліктен шыға алатын түрі жоқ. 

Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 12  сәуір 2017 жылы қалың бұқараға жол тапқан еді.  Бір жыл уақыт  аралығында  Елбасы басты мақсат еткен бағыттарды орындау  аясында  кең ауқымды жұмыстар атқарылды.  Білім ошағында   білім мен тәрбие  саласының  басты бағыт ұстанымы  –  жас буын жастар.  Иә, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім,  әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашан да өзекті мәселе болып келген. Сондықтан Президент ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы – бала тәрбиесіне жауапты мамандардың басты бағдарына айналуы заңдылық.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында қалғып кеткен құлдық сананы ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелді. «Ұлттық  код», «білім культі», «эволюциялық жол» жаңғыру терминдерін  көпке жол сілтеуші  темірқазыққа  айналдырды.

 Рухани жаңғыру аясында Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақаласында айтып кеткен еді.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақ тілі әліпбиінің тарихы тереңнен тамыр тартатынын  айтып өтті. VI-VII ғасырлардан бастау алатын көне түркілердің руникалық жазуынан араб әліпбиіне ауысып, кейіннен кириллицаға көшкен сүрлеу жолды тарих беттерімен сыр бөлісті. Расымен де, латын әліпбиіне көшу қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның және ғылымның жаңа қарқында дамуынан туындап отыр. Осы орайда, колледж қабырғаларында «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбы аясында кездесулер мен пікірсайыстар өтті.  Әсіресе бұл үдеріс студент жастарымызға ғылым мен техниканы меңгеруге жол аша отырып, төл әліпбиіміздің қайта жаңғыруына мүмкіндік бермек. Жалпы, колледж жастары  латын әліпбиіне көшуді  қолдайды.  Оған қоса, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады». «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: – еліміздің барлық жоғарғы оқу орында- рында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру; – гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару; – мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру. Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері 2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып та-былатын кітаптармен оқуды бастайды

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Сонымен қорыта келгенде, бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

Биахмет Жарас. Жетекші: Аубакиров Ерлан Жанайдарович


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар