Алматыда оқушылардың тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі

Алматыда жаңа оқу жылынан бастап, оқушылардың тамақтану жүйесінің жаңа стандарты енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.

«Бірінші рет Қазақстан территориясында Алматыда оқушылардың дұрыс тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі. 4 апталық мәзір Қазақстан тағамтану академиясымен, Ұлттық денсаулық орталығының мамандарының нұқсаулығымен жасалды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, бұл оқушылардың денсаулығын нығайтуға, иммунитетін күшейтуге, дұрыс тамақтану режимін қалыптастыруға бағытталған шара.

Енді қаланың барлық мектептерінде тамақтану қызметін атқаратын кәсіпорындардың барлығы тағамды бір стандарт бойынша дайындайтын болады.

Бірыңғай стандарт бойынша  7-10 жастағы балалар сабақ мезгілінде - 840 ккал, 11-14 жастағы балалар  - 951 ккал, 15-18 жастағы балалар 1020 ккал тағам тұтынатын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)