Жеке қаржыны басқару жайындағы үздік бес кітап

Ақшаны көп табу ғана маңызды емес, сонымен қатар оны дұрыс жарата білу де өнер. Бүгін «Хоум Кредит Банк» арнайы Bilim-all.kz  оқырмандары үшін қаржылық тәуелсіздікке бір қадам жақындауға септігін тигізетін кітаптарды оқуға кеңес береді.

1. «Әмиян, әлде өмір?» (Кошелёк или жизнь?), авторы Вики Робин.

Кітап ақшаға деген қарым-қатынасыңызды өзгертіп, ақша үшін өмір сүруді емес, ақшаны бақылауда ұстауды үйретеді.

Өзгермейтін дилемма: Өміріңізде Сіз ақшаны басқарасыз немесе керісінше ақша Сізді басқарады. Егер өміріңізді барлық қуаныштарды ұмытып, ақшаның артынан қууға арнағыңыз келмесе — бұл кітап Сіз үшін таптырмас көмекші.

2. «Ақшаның құпия тілі. Ақылды қаржылық шешімдерді қалай қабылдау керек» (Тайный язык денег. Как принимать разумные финансовые решения), авторы Дэвид Крюгер.

Барлығымыз ақылға қонымсыз шығындарға әкеліп соғатын белгілі бір қателіктерді қайталай береміз. Өзіміздің тапқан табысымыздан шығындарымыз көп, ақша үшін көңіл-күйіміз түсіп, жанжал шығарамыз. Бұл кітап өзіңнің қаржылық жағдайын жақсартқысы келетін, алайда бұған қалай қол жеткізу керегін білмейтін жандарға арналған.

3. «Ауқатты әке, кедей әке» (Богатый папа, бедный папа), авторлары Роберт Кийосаки және Шарон Лечтер.

Авторлар балалар үшін қаржылық білімнің қажеттілігін жаңаша көзқараста көрсетуге тырысқан. Кітап қаржылық қарым-қатынасты материалдық әл-ауқаттың іргетасын қалайтын құрал ретінде көрсетіп, қаржылық өнімділіктің қағидаларын түсінуге үйретеді.
Қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуді көздейтіндерге осы кітапты оқуға кеңес береміз.

4. «Ақша. Ойынды меңгер» (Деньги. Овладей игрой), авторы Энтони Роббинс.

Кітапта өзіңіз және отбасыңыз үшін қаржылық тәуелсіздікке қалай қол жеткізуге болатыны жайлы жазылған. Бұл қызықты кітап зейнетақыны дәулетті адам ретінде қарсы алуға, жеке қаржыны тиімді басқаруға көмектеседі.

5. «Қаражат әлеміне саяхат. Балаларға арналған отбасылық қаржы туралы өзін-өзі оқыту құралы (Дети и деньги. Самоучитель семейных финансов для детей), Евгения Блискавка.

Кітап балаларға қаржы негіздерін түсіндіруге, әрі сол білімді бірден тәжірибе жүзінде пайдалануға көмектеседі. Балалар тапсырмаларды  кітаптан тікелей орындау мүмкіндігіне, ал ата-аналар балалармен қызықты да пайдалы уақыт өткізуге қуанары анық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)