Өлең, жыр, ақындар

Ақша жинау тәсілдері

Ақша жинауға ең алдымен тәртіп керек. Себебі, теңге тиыннан құралады демекші, аз ақшаны азсынып жұмсап жібермей сақтап қойсаңыз, оған ертең тағы 500-1000 теңге қосылады. Сөйтіп біраз уақытта ақшаның қалай жиналып қалғанын аңғармай да қаласыз.

Сонымен:

1) Қаржылық қауіпсіздік жастығы үшін үнемдеуді бастаңыз. Егер сіз табыс таба алмай қалған жағдайға түссеңіз, жинаған сома 3-6 айға жеткілікті болуы керек.

2) Бір айдың кірісі мен шығынын есептеңіз. Анализ жасап 30 күнге бюджет есебін жасаңыз. Сонда ғана қай жерде 5-20% ға дейін үнемдеуге болатынын байқайсыз.

3) Қаражатты үйде емес, жинақ шотында ұстаған тиімдірек. Осылайша сіз теңгерім бойынша ай сайынғы сыйақы аласыз және қалаған уақытта ақшаны шешіп алуыңызға болады.

4) О бастағы жоспар бойынша қаражат жиналғаннан кейін, жаңа қаржылық мақсат құрып, оған ақша жинаңыз. Ол қымбат гаджет, жиһаз, шетелге демалу ж.т.б болуы мүмкін. Әр ай сайынғы қаражатты басқарып кіріс пен шығынды жазып отыруды естен шығармаңыз.

Назар аудар:

Тұтынушылық қасиеттен арылу: бай адамның тәжірибесі

Жалақы аз кезде ақшаны қалай жинаймыз?

1) Сізге құқылы жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы «Мемлекеттік қызметтен» білсеңіз болады. Бұл сіздің кірісіңізді арттыруға және салық төлемдерін азайтуыңызға көмектеседі.

2) Егер несие төлеуші болсаңыз, оны қайта қаржыландыруға болады. Сөйтіп ай сайын банкке бұрынғыдан азырақ соманы бересіз.

3) Қалай қысқартуға болатынын көру үшін шығындарыңызды қайта қарап шығыңыз. Зиянды тағамдардан бас татртуға болады - чипстер, крекер, энергетикалық сусындар, газдалған сусындар т,б. Денсаулыққа да пайдалы болады.

4) Табысыңызды көбейтуге тырысыңыз. Мысалы, хоббиіңізден ақша табуға тырысыңыз - бисер тігу, торт пісіру және т.б.

Назар аудар

Балаға қалай ақша жинауды үйретуге болады?

Бай болу үшін оқылуы тиіс 10 кітап

«Вавилондағы ең бай адам» кітабы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз