сайыс
ozgetil.kz

Жаныңызда ешкім жоқ кезде қақалып қалсаңыз не істеу керек

Бұл қарапайым әрекеттер бір күндері сіздің өміріңізді құтқарып қалуы мүмкін.

Әркімнің қақалып қалуы мүмкін. Ол кезде жақын маңда ешкім болмай қалса, мұның арты қайғылы аяқталуы ғажап емес. Сондықтан мұндай кезде өзіңізге қалай көмектесу керегін біліп жүргеніңіз абзал.

Ең бастысы — қатты үрейленбей, не істеу керегін нақты түсіну керек.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының бөгде затпен бітеліп қалуы жартылай немесе толық болуы мүмкін.

Жартылай бітелген кезде адам қиын болса да тыныс алып, жөтеліп, сөйлей алады. Ал толық бітелгенде ол мүмкін емес. Мұндай жағдайда адам тамағын қысып ұстап, қолдары қалтырай бастайды.

Шашалып қалсаңыз, не істеуіңіз керек

Ең әуелі, тынышталуға тырысыңыз. Үрей өзіңізге көмектесу үшін ойыңызды жинақтауға мүмкіндік бермейді, тек жағдайды ушықтырып жібереді.

Барынша қатты жөтелуге тырысыңыз: бұл біздің негізгі табиғи қорғанысымыз. Жөтелді күшейту үшін бүгілуге болады. Мұндай кезде құрсақ бұлшықеті көмектеседі.

Қандай жағдай болмасын, жөтелді басуға тырыспаңыз. Бұл жағдайды қиындатып жібереді.

Егер жаныңызда айна болса, соны қолданыңыз: аузыңызды ашып, тіліңізді жағыңызға қарай қолыңызбен төмен басыңыз да, оны жоғары көтеріп және аздап алға тартыңыз. Бұл көруді жақсартады. Егер бөгде затты көрсеңіз, оны саусағыңызды әрлі-берлі қозғалту арқылы орнынан қозғалтуға тырысып, алып тастаңыз. 

Тамаққа тұрып қалған затты екі саусақпен ұстап алуға тырыспаңыз. Олай істесеңіз сіз оны әрі қарай итеріп, жағдайды қиындатып жіберуіңіз мүмкін.

Тұншығып бара жатсаңыз не істеу керек

Мұндай жағдайды адамның өзіне көмектесуіне бір жарым минуттай ғана уақыты бар. Содан кейін адамдардың көпшілігі есінен танып, аман қалу мүмкіндігінен айырылып қалады.

1. Қатты енсіз затты қолданыңыз

Бұл орындықтың арқалығы (дөңгелекті орындық емес), ваннанның жақтауы сияқты заттар болуы мүмкін. Ең бастысы асылып тұра алатындай болуыңыз керек.

Ішіңіздің жоғарғы жағы таңдап алған затыңыздың қатты жақтауына тіреліп тұратындай еңкейіңіз. Аяғыңызды бос ұстап, әлгі затқа тез асыла кетіңіз. Ішке түскен қысым диафрагма арқылы өкпеге беріледі. Бұл бөгде затты сыртқа итеріп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс құтқарушылар тәжірибесінде ең нәтижелі болып есептеледі.

2. Геймлих әдісін қолданыңыз

Бір қолыңыздың жұдырығын түйіңіз. Жұдырығыңыздың бас бармағын кіндігіңізден 2-3 сантиметр жоғары ішіңізге тіреп тұрыңыз. Жұдырықты екінші қолыңызбен қысып ұстап, бармағыңызбен ішіңізді және  жоғары бағыттап бес рет қатты-қатты қысып жіберіңіз.

Күштің түсу нүктесінің жайсыздығынан және қақалған адамның ауа жетпегендіктен әлсіреп қалуынан бұл әдісті өте сенімді деп есептемейді. Геймлих әдісін жанындағы адамның жасағаны жақсы нәтиже береді. 

3. Еденге құлап түсіңіз

Тізерлеп тұрып, қолыңызды бүкпей еденге сүйеніңіз. Қолыңызды екі жаққа тез жайып жіберіңіз де, кеудеңізбен еденге құлап түсіңіз. Соққы өкпедегі қысымды арттырып, бөгде зат тыныс алу жолдарынан сыртқа ұшып шығуы мүмкін.

Негізі бұл әдіс тек теория жүзінде айтылады. Оны байқап көруге бола ма, жоқ па – белгісіз.

Шашалып қалмау үшін қалай тамақтану керек

— Асты аздан тістеп, әбден шайнаңыз. Мұндай жағдайда шашалып қалу қаупі айтарлықтай төмендейді.

— Жаныңызда тамақтан соң ішу үшін шырын, сүт, салқын шай сияқты сусындар болсын.

— Ең бастысы — асықпаңыз. Жүріп бара жатып тамақтанбаңыз: бұл басқа нәрсеге назарыңызды аудартып, тамақтың кішкентай кесегінің өзіне қақалып қалуыңыз мүмкін. Ал егер отыруға уақытыңыз болмаса, онда терең тыныс алып, тамақты асықпай жеуге тырысыңыз.

Дәмді тағамды асықпай дәмін алып жеу — өзіңізді жайсыз жағдайдан қорғаудың жақсы әдісі.

Дереккөзі: lifehacker.ru


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)