http://a-brands.kz/

Мектептегі білім жайлы 3 әпсана

Бала — адамның бауыр еті. Сондықтан әрбір  ата-ана өз баласының бақытты, әрі өмірі сәттілікке толы болуы үшін барын салады. Бірақ күнделікті қарбалас тірлікпен жүріп, ақша төлеп, бірақ ешқашан уақытпен қайтара ала алмайтын қателік жібереміз. Мектепке қатысты әпсаналардың балаларымызды тәрбиелеуге қандай кедергі жасайтынын қарастырып көрелік.

1. Мұғалімдер тек қана сабақ берумен айналысады

Білім беру саласына еш қатысы жоқ көптеген адамдар мұғалімдердің жұмыс ерекшелігі туралы ешнәрсе білмейді. Сырт көзге мұғалімдер сабақтан басқа тек журнал толтырып, дәптер тексеретін сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде сабақ жүктеменің тек 30% ғана. Мұғалімдер үнемі конференцияларға қатысады, курстар оқиды, вебинарларды тыңдайды, ғылыми жұмыстармен айналысады, ашық сабақ өтеді, т.б.. Яғни  уақыт пен күшін көп алатын жұмыстармен айналысады. Ал күніне 6 сабақ бос уақыты бар деген сөз емес. Өйткені сабақтан кейін мұғалім мұғалімдер кеңесіне жүгіріп бара жатуы мүмкін. Ал ертеңге ашық сабақ өткізуі керек. Сондықтан сізге және балаңызға бөлінген тығыз жұмыс кестесіндегі уақытты бағалаңыз. Мұғалім әр балаға көп уақытын бөліп, толық қорғаныс пен қолдауды қамтамасыз етеді деп сенім артқан кезіңізде осыны ұмытпаңыз.

2. Мектеп баланы тәрбиелеуге міндетті

Әрине, тәрбие — балалармен жұмыстың маңызды бір тармағы. Бірақ бұл мәселеге ақылмен қарасақ, егер баланы үйде тәрбиелемесе, қоғамда өзін қалай дұрыс ұстауды үйретпесе, онда мұғалім 45 минутта көп нәрсені өзгерте алмайды деген ой келу керек. Оның үстіне сіз үйде үнемі мұғалімдерді сынап отырасыз. Ал мұны балаңыз естиді (бала әрқашан бәрін естіп жүреді). Осыдан кейін мұғалімнің сыныптастарыңмен төбелесуге болмайды, олардың сөмкелеріне түкіру дұрыс емес деген ескертуінен қандай да бір нәтиже күтудің керегі жоқ. Балаңызға мектепте қалай дұрыс жүру керек екенін түсіндірген кезде, басы салбырап тұрмасын десеңіз, оның алдын алып, балаңызға бәрін ақылмен түсіндіріңіз. Бұл балаңыздың қажетсіз жанжалдардан жол бермей, дұрыс бағытта дамуына көмектеседі.

3. Мектептегі білім беру нақты әрі жан-жақты білім алуға кепілдік береді

Мектебіңіз қаладағы ең үздік мектеп болса да, ал ұстаздары өте тәжірибелі әрі дарынды болса да мектеп бағдарламасы сияқты білім берудің ұжымдық түрі 100% тиімді болмайды және сіздің ең қажетті сұранымдарыңызды қанағаттандыра алмайды. Білім беру — тәрбиелеу сияқты ата-ананың жауапкершілігіндегі іс. Балаңыздың болашақта беделді оқу орнында оқып, табысы жоғары жұмысқа тұрып, тасының өрге домалауы сізге байланысты. Сондықтан уақытыңызды текке кетірмей, дәл қазірден бастап балаңыздың дамуына қаржы бөліңіз. Репетиторлар, түрлі үйірмелер мен секциялар балаңыздың әртүрлі бағытта дамуына мүмкіндік береді. Бәлкім осындай тығыз кестелер балаңызды ата-анасы баласының болашағы үшін аса алаңдай қоймайтын қатарластарының теріс ықпалынан сақтап қалар.

Бұдан шығатын қорытынды анық. Мектептегі білім беруден керемет нәтижелер күтудің қажеті жоқ. Балаңызды өзіңізден басқа біреу тәрбиелеп, өмірге дайындайды деген жалған үмітпен уақытыңызды текке өткізіп алмаңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)