Түркия мектептерінде жалпы түркі тарихы оқытылмақ

Түрік кеңесі Түркия білім министріне жаңа оқулық әзірлеу жұмыстарының біткендігін мәлім етті.

Түркия ұлттық білім министрлігі орта мектептің сегізінші сыныптарында оқу бағдарламасына «Жалпы түркі тарихы» оқулығын енгізеді.

Сабақты алдағы оқу жылында Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түркіменстан кіретін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесіне қатысушы  елдердегі орта мектептерде оқыту жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, 2014 жылы 22 қарашада Эскишехир қаласында  Түркі кеңесіне қатысушы елдердің білім министрлері түркі халықтарының тарихы бойынша бірыңғай оқулық дайындау қажеттігі жөнінде ұйғарымға келген болатын.

Дереккөзі: aa.com.tr


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)