Қазақстанда мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

Қазақстан мұғалімдеріне пайызсыз несие беру мәселесін пысықтау керек. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Жанат Омарбекова айтты.

«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұғалімдерге пайызсыз несиелер беріледі. Жергілікті жерлерде педагогтардың тұрақты жұмыс істеуі мәселесін үнемі талқылаймыз. Осы ретте әлеуметтік жеңілдіктер, еңбекақы, баспана беру тақырыптарын қарастырудамыз, алайда бұл мәселелер толық шешімін таппай келеді. Егер де халықаралық тәжірибені назарға алсақ, кейбір елдерде пайызсыз несиелер беріледі. Егер адам жұмысынан кетсе, онда ол пайызсыз жеңілдіктерін жоғалтады. Яғни, кейіннен қарызы бойынша пайызын төлей бастады. Менің ойымша, осы бағытты пысықтаған дұрыс болады», - деді Жанат Омарбекова.

Бұдан бөлек, жиын кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

«Балабақша тәрбиешілерінің мәселесі өте маңызды. Әрине, 30-40 мың теңгеге жалақығы балабақшаға жақсы білімді әрі білікті маманды тарту оңай емес. Сондықтан бұл тақырып біз үшін қиын мәселенің бірі. Осы орайда тиісті органдарға ұсыныс енгізу арқылы бұл проблеманы қарастырып жатырмыз», - деді А. Аймағамбетов.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)