http://a-brands.kz/

Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында «NEXT ұрпағы» өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.  

Сайысқа 14 - 29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Бірінші кезеңде:  еркін тақырыптағы өлең-жырларды жариялау жүргізіледі.

Қатесіз енгізуге тырысыңыздар, кері жағдайда қабылданбайды. 

Екінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындардың орнын анықтау өткізіледі. Марапаттау қаңтар айының аяғында болады.

Жүлдегер ақындар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Шарттар:

- Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек;

- Ілмектердің ішінде   деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз);

- Екі бірдейдің арасында, ұнату, пікір және қаралым () саны қаралады. 

Нұсқаулықтар:

Қалай тіркелемін?

Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Басқа да сұрақтар

 

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

 

Сұрақтарыңызды кез-келген уақытта қоюға болады. Міндетті түрде жауап береміз!

Байланысу үшін:

bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73

Демеушілерге де ашықпыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (98)

Ардақ Е

Жақсы жаңалық, осындай шаралар көбею керек

Ғұмырсерік

Мен Зарықхан ғұмырсерік 1990.11.18 дүниеге келгем

Карима

Маған, Білім ал сайты ұнайды. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.

Әйгүл

Міндетті түрде қатысамын!!

Айнаш

Өлең енгізіп едім, next деген ілмекті ұмытып кеттім, қалай өшірмей өңдеуге болады?

Модератор

Айнаш, енгізген өлеңнің жоғарғы жағында(сайтқа логин арқылы кіріп тұрған болсаңыз) Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті болады. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз. Ал өлеңді өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.

Алмат Т

Жақын арада жазып бітірейін, мен де қатысамын...

Аружан

Шығармашылық табыс тілеймін! Сәттілік!

Сұлтан

Қатысып көрейік.Қай жерге жібереміз өлеңді

Айзат

Катысеым келеди бирак жасым он үште????
Катысатындарга саттилик

Дарига

Тіркеліп едім, қате деп жатыр. Email деген жерге не жазамыз? ойдан құрастырып жазу керек па?

Модератор

Дариға, ол сіздің электронды поштаңыз. Ойдан құрамайсыз, өзіңіздің қолданып жүргеніңізбен немесе жаңадан ашып қана тіркеле аласыз. Жоқ e-mail арқылы тіркеле алмайсыз.

Дарига

Үлкееен рахмееет! енді түсіндім, рахмееет!

Модератор

Сұлтан, жоғарыда толық жазылған, нұсқаулықтарды пайдаланып көріңіз.

Бақберген

Үйде отырып қатыса береміз бе?

Айнаш

Бақберген, иә.

serikkozybayev

Мен next деп жазғанымен менің өлеңім енбей тұр неге

Бақберген

Өй, мынаған тіркелу мүмкін емес!

Модератор

serikkozybayev, өлеңдеріңіз еніп тұр, бірақ next тен кейін үтір қою керек, өйткені ілмектер үтір арқылы жазылады.

Модератор

Бақберген, егер тіркеле алмай жатқан болсаңыз WhatsApp( +7 701 754 04 73) - қа жазыңыз, көмек береміз.

Алтай

Сіздерге алғысым шексіз

Алтай

Күрен тартқан көңілсіз күздің кеші ,
Салқын жел,жабырқаған жүзді үрлеші ,
Жасыл жазбен қоштасқан жапырақтай ,
Ғұмырымыз бітеді ау біздің де осы.

Ғұмырымыз таусылар жапырақтай ,
Ажал жетер қашсақта тапырақтай.
Амал барда Аллаға тәубе етейік,
Аузымыздан ақ көбік шашыратпай.

Мұнарлы күн мұң шағып тұрмын күзге ,
Мына өмірге уақытша тұрғын бізде,
Сары жапырақ шіриді қар астында,
Жер астыңда шіриміз бір күн бізде.

Тәубе етейік ағайын бір Аллаға ,
Күнә жасап қайтеміз құмарлана ,
Телефонға телмірмей күндіз -түні,
Көңіл бөліп қояйық құранғада.
Автор:Алтай.Анапияев

Алтай

NexT,

Модератор

Алтай, өлеңді бұл жерге енгізудің қажеті жоқ

Ханшайым

Қай жаққа жазамыз?Қай қалада?

Айдана

Айы туып,жұлдыз,куні жанған ел
Ата бабам мəңгі аңсаған арман ел
Мəнгі тірі, мəңгі азатсың, қазағым
Қазақ болып туғаныма мақтанам

Модератор

Ханшайым, өлеңдер бөліміне енгізу керек: http://bilim-all.kz/olen
Алматы.

Лаура Казбек

serikkozybayev, жақсы жазады екенсіз.

Сымбат

Супер, бәріңе сәттілік!!!

guka1988

Құрметті өнер сүйер қауым, Nekt батырмасын бассаңыздар                     " өлеңдер" бөлімі бар. Сонда кіріп ақындардың өлеңін оқи отырыңыздар! Өлең шығарсаңыз өлеңіңізді жариялап, болмаса, ақындарымыздың өлеңдеріне "лайк" баса отырыныздар!

Баги

Бірінші еркін тақырыпты жіберуіміз керек пе? Басқа талап жоқ қой иə?

Ерасыл

Мына жерден дым таппадым

Айру Ахмет

Баги, Дұрыс, сайтқа тіркеліп еркін тақырыпта өлең енгізіледі. Енгізгенде ілмектің арасына next деген сөзді қосады болды

gulbarmuftakhova

Сәлеметсіздер ме! Алғаш рет өлеңдерімді жас ақындар байқауына ұсындым.Автор белгілеуді ұмытыппын өңдеп , қайта дұрыстадым.Менің өлеңдерім жарияланады ма?

Модератор

Сәлеметсіз бе!
gulbarmuftakhova, өлеңдеріңіз жарияланып тұр.

Жанар

Керемет! Барлығы түсінікті. Міндетті түрде қатысамын, барлықтарыңа сәттілік.

Самал Куттыбек

13 ЖАСТАҒЫЛАР ҚАТЫССА БОЛАДЫМА

Айсұлу Е

Мынау кремет дүние гой!

Нұрбек Бекұлы

Қанша өлең жібере аламыз?

Модератор

Нұрбек Бекұлы, өз еркіңіз. Кемі біреу)

kalisa

Жас талап, университетіміздің студенті Қайрат Құдайберген!  Өлеңің өте ұнады, жан жақты қамтыпсың! Өнерің үстем болсын! Тек алға! Сәттілік тілейміз!

makpalrakhatkyzy

Админ!Салеметсиз!Менде казакша пернетактаны енгизу мумкин болмай тур.Типти коширу де!Латын алипбиымен жазсам калай?

Модератор

makpalrakhatkyzy, Қайырлы күн! Тек кирилл әліпбиі ғана.

makpalrakhatkyzy

Модератор,мен салдым оленди Next  илмегин жаздым.Шыгып тур ма екен?

Сосын сизге бир сурагымды емайлынызга жиберип едим?!

Мадина

Бұл жай сайыс па? Əлде республикалық па?

Модератор

Республикалық.

Нұрқасым Әдемі Ерболқызы

порталға қалай тіркелсем болады көмектесіп жібересіздер ме?

Еркебұлан

Жоғарыда нұсқаулықтар деген жерде Қалай тіркелемін? дегенді басып көріңіз, сол жерде толық жазылған

Айшабиби

Уакытты дурыс пайдаландар

DinaraAbilova

Өлеңдерімізді қай жерге жіберсек болады?

 

Модератор

DinaraAbilova, Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз) дегенді оқып көріңіз. Сайтқа кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін Өлең қосу сілтемесі болады. Сол сілтемені бассаңыз өлең қосу беті ашылады. Сол арқылы енгізесіз.

DinaraAbilova

Салем

DinaraAbilova

Жеңімпазды қалай анықтайсыз?

 

Модератор

DinaraAbilova, қазылар алқасы анықтайды.

Zami

Сәлеметсіз бе! Менде өлеңімді енгізіп едім.шығып тұрма екен?

Zami

Сәлеметсіз бе! Менде өлеңімді енгізіп едім.шығып тұрма екен

Модератор

Zami, cәлеметсіз бе! шығып тұр: http://bilim-all.kz/user/profile/Zami

serzhan0101

қашан бітеді екен?

Еркебұлан

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында деп тұр ғой

Лаура

Өлең не туралы болуы шарт.

Лаура

Кушты.Мен бул сайтты енды гана ашып турмын шыгып кеткым келмей тур.

Модератор

Лаура, өлең еркін тақырыпта.

Алтынова гулзинат жуматаевна

Өте тамаша екен еш қайда жүгірмей ақ бармай ақ жариялап шабыттарын шыңдайды .біздің кезімізде жазған өлеңді жарияайтын .оқытатын жер тапайтынбыз .газетке анда санда шығаратын .құмарымызды өлең жазып қандыруға еш мүмкіндік бола бермейтін .қазір мына тамаша мүмкіндік қой .қалай жазғаныңды дер кезінде біліп пікірлерін біліп отырасың .жастар сəттілік .қапы қалмаңдар.мына мүмкіндікті пайдалану керек дұрыс

Асылзат Жалгасбеккызы

Ширкин казактын кара олени-ай! Сени катты сагындым. Окып журип мазамды алып жаздырушы ен. Кастерлемесен, багаламасан сенен аулак кетед екен. Мумкин ку тирликте куйбенмен журип конил болмедим бе?! Сондыктан ини#синлилерим кадирлендер Алланын берген касиетин...

айдана

өте керемет жақсы екен

Айдана

сабақты қалай жіберуге болады? соны түсінбей отырмын

Модератор

Айдана, bilimall.kz@gmail.com - ға жібереберіңіз.

Мадияр Оспанов

Менің жазғандарым неге шықпай тұр?

Жанна

логинге емайлды қайталап жазамын ба?

Модератор

Жанна, жоғарыдағы нұсқаулықтарды пайдаланып көріңіз, сол жерде барлығы толық жазылған.

Әдемі

Кешіріңіздер өлеңді енгізуді білмей жатырмын қалай енгізу керек екенін айтп жіберіңіздерші!

janerkeeserik

 Алматыда қай күні болады?

makpalrakhatkyzy

Модератор,комектесинизши!????казак арыптерин коширу мумкин емес.

Ақжүніс

мен оқушымның өлеңін салып едім үлгіде көрсеткендей бірақ шықпады өлеңдердің қасына, тіпті сіз жазғандай да жасам екі үшірет енгіздім.

Модератор

Ақжүніс, тақырыбы қандай?

saltasyltan

одератор карап жібересіз бе мен өз салған өлеңімді таба алар емеспін некстті ұмытып кеттімбе білмей отырмын

Модератор

Сайысқа өлеңдер 15 не дейін қабылданады, 15 нен кейін жүлдегерлерді анықтау кезеңі басталады. Сұрақтарыңызды тікелей WhatsApp - қа жазуға болады.

Модератор

Достар, егер енгізген өлеңдеріңіздің авторы өздеріңіз болсаңыздар - авторы өзім - дегенді белгілеуді ұмытып кетпеңдіздер, және next деген ілмекті де дұрыстап қойыңыздар. 15 не дейін өңдеп қоюға уақыттарыңыз бар, 15 нен кейін іріктеу басталады. next ілмегі жоқтар немесе қате жазылғандар іріктелмейді. Сәттілік!

Фариза

Өлендерди ватцапка жиберсе бола ма?

Модератор

Фариза, тіркеліп енгізу керек.

Модератор

15,01,2018 - бүгін сайысқа өлең қабылдаудың соңғы күні, 2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында енгізілген өлеңдер ертеңнен бастап іріктеледі, қорытынды нәтиже осы айдың аяғында bilim-all.kz - те хабарланады. Жеңімпаздарды сыйлықтар күтуде – смартфондар мен дипломдар. Барлықтарыңызға сәттілік!

Anel

Керемет екен менде қатысқысы келетіндер көп!

Сайран

Қай күні жарияланады жауабы неше орын болады

Сымбат

Сайран, сенен 2 пікір жоғарыда жазылып тұр, нәтиже осы айдың аяғынд деп

gulbarmuftakhova

Сәлеметсіздер ме! Жас ақындар байқауының қорытындысы қашан шығады екен?

Модератор

Қорытынды осы айдың аяғында хабарланады.

Назым

Керемет мүмкіндік деп білем рақмет сіздерге

аймер

маған бұл сайыс қатты ұнады сайысқа қатысатын қатысушыларға сәттілік .мен сайысқа қатысайын десем қалай істеймін біз барамыз ба әлде отыра береміз бе?

қызыртай аймер.

САЙЫСКЕРЛЕРГЕ сәттілік

Қалихан

Сайыс туралы барлығы жоғарыда жазылған

Erbol010408a

Сайыстың нәтижcі шықтыма?

Erbol010408a

Сайыстың нәтижcі шықтыма?

Didar

Сайыс нəтижесі шыққан кезде, оны сайтқа кірмей-ақ қалай біле аламыз? Əлде тек осында жариялайсыздар ма?

Модератор

Сайыс нəтижесі 30 күні сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланады, одан бөлек жеңімпаздардың өздеріне де жеке хабарланады.

Жұлдыз

Сəлеметсіздер ие мен 8-ші наурызға орал олег шығардым

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)