Өлең, жыр, ақындар

Семейде боранға байланысты оқушыларға сабақ тоқтатылды

Боранға байланысты Семейде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына бүгін сабақ болмайды», - деп мәлімдеді Семей қаласы ТЖБ-дан.

Таңертеңнен бері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына жолдардың жабылғаны туралы СМС-хабарламалар келуде. Ұйытқиған бораннан жол қызметтері жолдарды жауып жатыр.

Синоптиктердің болжамынша, 14 қараша күні Шығыс Қазақстанда қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-тан асатынын хабарлаған болатын.

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар