Өлең, жыр, ақындар

Халық үшін жанын аямаған Бейсен Оңтаев жайлы

Ел күйінгенде күйінген батыр.


Ел сүйінгенде сүйінген батыр.


Ерегісте мыңға татыр

Халық үшін жанын аямаған Бейсен Оңтаев жайлы

Ерте жастан жетім қалып балалар үйінде тәрбиеленіп, орталық фронттың 120-атқыштар полкі қатарында шайқасуды бастаған қазақ батыры жайлы білесіз бе?

Аталған мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген Бейсен Оңтаев жайлы. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, Орталық майдан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан

Бейсен ердің ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шабуылдардың бірінде бекінген жау жаяу әскерге бас көтертпеген. Оңтаев бастаған 13 жауынгер жер бауырлап жау траншеясына жеткенде 10 танкіні қалқалаған 200-ден астам жау әскері аз ғана топқа қарсы ұмтылғанда,  барлаушылар 4 танкіні талқандап, 80-нен астам жау әскерін жойып жіберген еді.

Жасаған ерліктері үшін Оңтаевқа 1943 жылы 30 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын жұлдыз медалі қоса тапсырылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаннан кейін ақ еңбек жолына аса зор мән береді. Солайша 1947 жылдары Арыс аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. Кейін 1947-1949 жылдары Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітіреді де, 1949-1952 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық партия комитетінде істеді. Шымкент ауыл шаруашылығына қарасты МТС партбюросын басқарды. 1952-1953 жылдары Талдықорғанда Қапал шекара қызметінде рота командирінің орынбасары болды.1953 жылы денсаулығына байланысты аға лейтенант шенінде запасқа  кетті.Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп,1953 -1987 жылдары мектеп директоры қызметінде болды. 1965-1987жылдарында Арыс ауданына қарасты В.В. Маяковский атындағы, ал қазір Б.Оңтаевтың аты берілген мектепте 22 жыл директор болып қызмет атқарды. Осы уақыт аралығында l-дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін, «Киев қаласын азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл толуы құрметіне,Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен және Қ.Р.ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ белгісімен марапатталған.

Ғылыми жетекшісі Фатима ҚОЗЫБАҚОВА, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.г.к.

Елдана Бауыржан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультеті 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз