Өлең, жыр, ақындар

Медицина қызметкерлеріне больница, поликлиника орындарында деструктивті ағымдар жайлы хабар беру

Орындаушы: Қадырәлі Рахима

Ең алдымен біздің еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіз әрі Зайырлы мемлекет. Яғни біздің елімізде еркін дін болсын мәдениет болсын барлық жағдайларға рұқсат етілген. Алайда біз қазақ халқы қаншалықты Зайырлы болғанымызбен біздің салт-дәстүрімізбен бірге бұрыннан келе жатқан өз мазхабымыз болып саналатын ұстаным бар. Ол бізде Ханафи мазхабы болып есептеледі. Біз көпұлтты мемлекетпіз әрі біздің елімізде заңмен бекітілген 17 конфессия бар. Алайда заңсыз түрде жұмыс істейтін деструктивті ағымдар бар екенінде ұмытпағанымыз жөн. Жаңа айта кеткеніміздей біздің елемізде Ханафи мазхабы дұрыс деп есептеледі,алайда біз басқа мазхабтарды дұрыс емес деп айта алмаймыз. Оларда дұрыс алайда олар басқа этникалық ерекшеліктерге бейімделген. Жалпы сіздерге деструктивті дегеніміздің не екенін айтып кетсем деп отырмын. Деструктивті бұл елімізде бекітілген дәстүрлі дінге қайшы ағымдар немесе теріс пиғылды адамдар тобы десекте болады. Діннің атын жамылып діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды.

Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады.

Олардың атқаратын жұмыстарының мақсаты:

- Әрбір шаңырақта өшпендiлiк пен алауыздық отын тұтату.

- Елдің конституциял ық құрылысы мен аумағының тұтастығын бұзу.

- Қоғамдағы ауыз біршілікті жою.

- Сол арқылы мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру.

Өз уағыздарында бұрмаланған әр түрлі діни дәйексөздерді келтіре отырып, өздерінің жолын әділ әрі ақиқат етіп көрсеткісі келеді. Алайда бейбітшілік пен бауырмалдылыққа үндейтін шынайы діни сенімде адамдарға зұлымдық пен әділетсіздік танытуға, нақақтан жан иесін өлтіруге жол берілмейді. Бұл қағидаттар киелі кітаптарда тайға таңба басқандай жазылған.

Деструктивті немесе радикалды діни ұйымдардың идеологиясында:

- деструктивті ағымдар ымыраға келмейді және өзге дін өкілдерімен өзара келісім орнату мәселесін жоққа шығарады;

- деструктивті топ идеологтары адамдар арасында орныққан бауырластық, достық, туыстық және отбасылыққатынастарды бұзуға үндейді;

- радикалды топ мүшелері мақсаттарына жету үшін дінде тыйым салынған әрекеттерді жасаудан тайынбайды, тіпті көптеген бейкүнә адамдар мен эмиссарларды, соның ішінде БАҚ өкілдері мен елшілерді жазықсыз өлтіруде;

- радикалды ағымдар саяси және қаржылық мүдделер үшін мемлекеттің тұрақтылығы мен тұтастығын бұзуға, жергілікті халыққазаңсыз өз үстемдігі мен билігін жүргізуге әрекеттенеді;

- діни заңнамаларда бекітілген нормаларды сақтамай өз нәпсілеріне еріп, қылмыстық жазаны жүзеге асырады.

Деструктивті ұйымдар жүргізіп жатқан қызмет шынайы діннің қағидалары мен ұстанымдарына толығымен қайшы келеді. Сондықтан мұндай ұйымдардың әрекеттерідінге, діндарлар қауымына және жалпы адамзатқа қарсы жүргізіліп жатқан қылмыс ретінде бағаланады.

Адам санасын улайтын деструктивті ұйымдардың басты қаупі – бұл ортаға сенім білідіріп келген адамның дербес ойлана алу, сын көзбен қарау, өз бетінше шешім шығара алу, қалаған өмір салтын таңдау қабілеттеріне шектеу қойылады. Яғни азаматтың жеке бас бостандығы мен құқықтарына қол сұғу орын алады.

Деструктивті діни топтардың ықпалына түскен адамдардың бойында мынадай типтік белгілер кездеседі:

– араласып жүрген адамдарына, отбасына, достарына, кәсібіне қарым-қатынасының өзгеруі;

– діни тақырыпқа әсіре әуестенушілік;

– отаншылдық сезімге, өз елінің төл мәдениетіне, салтдәстүріне, атабабасына мысқылдап қарау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден қалу;

– ата-анасына бағынбау, істерін теріс көру;

– еш себепсіз үйінен жиі кетіп қалу;

– өзіне тән емес бөтен және оқшау пікірлер айтып, оғаш қылықтар көрсету;

– өзінен-өзі тұйықталу;

– тамақтану тәртібінің бұзылуы;

– үй кітапханасындағы әдебиеттердің орнын басқа сипаттағы кітаптармен толықтыруы;

Ешкім мені қабылдай алмайды, жақсы көрмейді, жақындарым адасқандар, мені тек ұйымдағылар түсінеді деп ойлайды да, одан сайын ойы бұзылып, сол ағымға деген сенімі күшейеді.

«Адам ауырып қалса, оны өз бетімізше емдемей, дәрігерге көрсетіп, ауруханаға апарамыз ғой. Сол сияқты жат діни ағым да – дерт. Бұл дертпен күресу үшін қазіргі таңда діни оңалту орталықтары жұмыс істейді. Жақыныңыздың діни сенімінде қауіптілік туындағанын түсіндіріп, мамандармен тілдесу керек»,

Тағы да қайталап өту қажет теріс ағымдағы ұйымдардың басты құралы – халықтың сеніміне кіру. Көп жағдайда олар жастарға «сенімді дос» болуға тырысады. «Жастарға қолдау көрсетеміз» деген ұранмен жас өспірімдерге арналған спорттық жарыстар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Қамқорлықтың астарында деструктивтік бағыттағы уағыздар мен сананы улау жатады.

Қостанай облысы әкімдiгінің дiн iстерi басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиев онлайн-кездесуге келген жастарды діни сауатты болуға, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ теріс ағымдағы әдебиеттерді сақтау мен жат уағыздарды таратудың салдары туралы айтты. Мұндай заң бұзушылықтар жауапсыз қалмайды, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, 100 минималды есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз