Өлең, жыр, ақындар

Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұзады ма?

Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды.

Сұрақ: Аузы берік екендігін ұмытып ішіп жесе ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды, есіне түскенде тоқтатуы керек.

Сұрақ: Тұмау ауруына байланысты мұрнымнан су ағуда, оны қақпай ішке қарай жұтуым оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды.

Сұрақ: Ауыздағы түкірікті, қақырықты жұту оразаны бұзады ма?

Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.

Сұрақ: Сәре тамағын жеп болып, имсак уақытына жақын тісімді тіс пастасымен жуамын. Аузымды қанша шайғанмен дәмі аузымда сезіледі, бұл жағдай оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды.

Сұрақ: Ораза кезінде дәрет алғанда ауызға, мұрынға суды аз алуға бола ма?

Жауап: Ия, болады.

Сұрақ: Гель, крем, дезодорант қолдану оразаны бұзады ма?

Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.

Сұрақ: Қол, бет, дене лосьондары немесе кремдерінің құрамында спирт болғаны үшін, намаз оқығанда және ораза тұтқанда бұл кремдерді қолданбау керектігі, нәжіс саналатыны дұрыс па?

Жауап: Жоқ, мұндай қоспа спирттер кешірілген болып саналады.

Сұрақ: Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады ма?

Жауап: Ия, бұзады.

Сұрақ: Ораза кезінде құлақты мақталы шимен тазалау оразаны бұзады ма?

Жауап: Шафии мазһабында бұзады, Ханафи мазһабында бұзбайды.

Сұрақ: Ораза кезінде құлағым суықтап құлық ағуы оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды. Оразада көбіне денеден шыққан нәрселер оразаны бұзбайды. Мәселен қан алдыру оразаны бұзбайды. Бірақ өз қалауыңмен ауыз толтырып құсатын болса ораза бұзылады. Оразаны көбінесе денеге кірген нәрселер бұзады, мәселен укол салдыру оразаны бұзады.

Сұрақ: Қан алдырғанда ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Душ алғанда құлаққа сабынды су кірсе ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Ауыз берік кезде мұрынға тартқан су ауыздан шықса ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылады. Мұрынға дәрі тамызу секілді суды да тартқанда тамағымыздан шықса ораза бұзылады, қазасын ұстау керек.

Сұрақ: Ара шақса ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Ауыз берік кезде ғұсыл алу оразаны бұзады ма?

Жауап: Ғұсыл алумен ораза бұзылмайды. Бірақ ауыздан, мұрыннан ішке су кіретін болса немесе судың ішіне отырса (ваннаға, бассейнге) немесе іш дәрет алғанда ішке су кірсе бұзылады.

Сұрақ: Жарылған ерінге немесе қолға вазелин, крем жағу оразаны бұзады ма?

Жауап: Жоқ, бұзбайды.

Сұрақ: Ауруханада асқазанды тексеру үшін бір ұшы сыртта бір ұшы асқазанға салынатын құрал оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды.

Сұрақ: Ораза тұту харам болған айлармен күндерді жазасыздар ма?

Жауап: Ораза тұту тек айт күндері харам болады. Бір жылда бес күн. Яғни құрбан айттың төрт күні және рамазан айттың бірінші күні тұтуға болмайды. Қалған күндердің бәрінде ораза тұтуға болады.

Дереккөз: islamdini.kz

Назар аудар:

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз