Өлең, жыр, ақындар

Ғалымдардың өмірінен қызықты оқиғалар: Петр Капица

Әйгілі физик Петр Капица Қара теңізге өзінің әріптестерімен демалысқа барыпты. Олар жолдан пластик қақпағы бар бірнеше бөтелке сусын сатып алады. Қақпақты тек пышақпен ашуға болатын. Бірақ физиктердің ешқайсысында пышақ жоқ болып шығады.

Абдырап, аша алмай тұрғанда жандарынан бір кісі өтеді. Физиктердің бірі:

— Кешіріңіз, бөтелкені ашатын бірдеңеңіз бар ма?, - дейді. Өтіп бара жатқан масаңдау кісі тоқтап бұрылып, жайбарақат басып олардың жанына келеді. Пластик қақпағы бар, бөтелкені айналдырып қарап:

– Осыны да проблема деп тұрсыздар ма? Кімнің қалтасында оттық бар?, - деп сұрайды.

Абырой болғанда, ғалымдардың қалтасынан оттық табылады. Бейтаныс жігіт пластик қақпақты қыздырды. Біраз уақыттан кейін қызып, жұмсарған қақпақ оңай ашылады. Өз ісінен масаттанған бейтаныс, физика ғалымдарына қарап:

– Мектепте физиканы жақсы оқуларыңыз керек еді!, - деген екен.

Назар аудар:

Стивен Возняк

Томас Эдисон: 19 ғасырдың талантты бизнесмені

Динамиттің атасы: Нобель


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз