Өлең, жыр, ақындар

«Елім ай» әнінің шығу тарихы

“Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
“Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” КММ
5 А сынып оқушысы Зулхайр Хамза
Жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

1710 жылдың жазының аяғында өз еркімен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде өзін тәрбиелеп өсірген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады.

1710 жылдың жазының аяғында өз еркімен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде өзін тәрбиелеп өсірген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады. Сөйтіп, Толыбай сыншы ұлы жырау өз ағасының орнына шора болып, 1710­1723 жылдар аралығында өз жұрты Керей­Уаққа басшы болыпты. Ол 1723 жылы көктемде Сыр бойында мекен еткен Кіші жүздегі қайын жұртына қонаққа аттанарда ел­жұртының игі жақсыларын жиып, мәжіліс өткізіп, өзі ақ батасын беріп, ұсыныс жасап, өз орнына ағасы Қарабас тарханның үлкен баласы Асқап сардарды Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады.

Толыбай сыншы ұлы жырау – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апатты өз басынан өткеріп, көзімен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадүр. Сол аса қатерлі сапарда ол Науан, Әсет есімді екі батыр баласынан, өзіне әрі өкіл бала, әрі атқосшы саналған Айбек, Ермек атты екі батыр азаматтан айырылып, бәйбішесі екеуі әрең дегенде көппен бірге жау қоршауын бұзып өтіп, аман құтылады.

«Елім­ай» әнін, «Елім­ай» күйін, «Елім­ай» жырының бірінші бөлімін Қожаберген ақын сол қоршауда тұрған кезінде шығарыпты. «Елім­ай» атты өлең де, жыр да, ән де әр кезеңде дүниеге келген. Соның ішінде 1723 жылғы «Елім­ай» әнін, дастанын шығарған – Толыбай сыншы ұлы жырау. Мысалы,

«Елім­ай» атты өлең Міржақып Дулатовта да бар. Ал «Елім­ай» деген дастанды халық ақыны, әдебиетші­ғалым, белгілі әнші Тұрсынхан Әбдірахманова да жазған. Әдебиетте бір­бірімен аттас әндер, күйлер, жырлар жиі кездеседі. Бірақ оларды бір­ бірімен шатастыруға әсте болмайды.

Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі (Көшебе Керей) жыраулар шәкірт болып,одан үлгі­өнеге алса, батырлықта Бақ­ сары, Бөгенбай, Жәнібек (Кіші Арғын) үшеуінен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717­1758) дейінгі батыр атаулы сол Толыбай сыншы ұлы ордабасыға шәкірт болып, одан тәлім­тәрбие алыпты.

Толыбай сыншы ұлы жыраудың «Елім­ай» дастаны – бір нұсқалы жыр. Оның кейбір сөздері ауыздан­ауызға көше жүріп, өзгеріске ұшырағанына қарамай, әркімдердің қолында жүрген үзінділерін сол дастанның өзге нұсқалары деп теріс түсінуден аулақ болайық. Егер сол үзінділерді бөлек нұсқа деп, керісінше ұғынып жүрген адамдар әркімдердің қолында жүрген үзінділерді жинап әкеп, «Елім­ай» жырының бірінші бөлімінің толық нұсқасымен салыстырса, олардың «Елім­ай» дастанының бірінші бөлімінің ел ішінде шашырап жүрген үзінділері екенін анық аңғарар еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз