Өлең, жыр, ақындар

Анонимге сенгеніміз айып па?

Теlegram желісінде “Конец Актобе” атымен танымал топ, 26 қаңтар күні мектеп оқушыларын атып, оларды өлтіретінін хабарлайды.

“Біз мектептерде жаппай адам өлтіруді ұйымдастырғымыз келеді. Мен мүмігіндігінше барлығын өлтіруге тырысамын. Біз бұған бір жылдан астам уақыт бойы дайындалдық”, — деп хабарлайды белгіссіз азамат.

Топ мүшесі терракт орын алатын мектептердің тізімін желіде таратты.

“Барлықтарыңыз күнәләріңіз үшін жауап бересіздер. 26-қаңтар балаларды ату күні. Жақында басқа мектептерді де хабарлаймыз. Ақтөбе тозақта өртенеді”, — деп жазады “Конец Актобе” тобының мүшесі.

Ақтөбе қаласының қауіпсіздік департаменті болып жатқан жағдайлардан хабардар. ”Полиция департаменті тероризм актісі бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау үшін іс-шаралар жүргізілуде. Күдіктілер анықталып, жауапқа тартылады,” —  деп хабарлады полиция.

Бұл ақпарат Ақтөбе халқының тұрғындарын біраз дүрліктірді. 26 қаңтар күні мектеп оқушылары жаппай сабаққа бармады. Бірінші ауысымда шамамен 58000 бала оқиды. Ал осы ақпараттан кейін 14 пайызы, яғни 8558 бала мектепке барды.

Естеріңзге салайық, оқу орындарында арнайы тексерілістер жүргізілуде. Мектептердің қауіпсіздігін полиция қамтамасыз етеді. Сіздерден жалған ақпаратқа сенбей, араңдатушылыққа бермеулеріңіз сұралады.

Бидаулетова Гүлжайна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз